A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № А-2/47 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Мал шаруашылығы
саласындағы субсидиялар
көлемдерін бекіту туралы»
Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 4 ақпандағы
№ А-2/47 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № А-2/47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7665 болып тіркелген, 2020 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1, 2-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                                                                                    Е. Маржықпаев

 

Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы __________
№ _________қаулысына
1-қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 4 ақпандағы
№ А-2/47 қаулысына
1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты Өлшем бірлігі Субсидиялаудың көлемі Субсидиялаудың сомасы, мың теңге
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
1. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1 ірі қара малдың тауарлық аналық басы бас/шағылыстыру маусымы 45 000 450 000
1.2 ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы бас/шағылыстыру маусымы 24 000 480 000
2. Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу бас/шағылыстыру маусымы 700 70 000
3. Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу сатып алынған бас 2 000 300 000
4. Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу сатып алынған бас 2 000 450 000
Барлығы 1 750 000
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1. Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу
1.1 отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік сатып алынған бас 150 22 500
1.2 Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген сатып алынған бас 300 67 500
2. Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу
2.1 бір жынысты сатып алынған доза 1 500 15 000
2.2 қос жынысты сатып алынған доза 4 500 22 500
3. Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы 1 000 5 000
Барлығы 132 500
Қой шаруашылығы
1. Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1 Қойлардың асыл тұқымды аналық басы бас/шағылысу маусымы 520 1 300
1.2 Қойлардың тауарлық аналық басы бас/шағылысу маусымы 10 000 15 000
2. Асыл тұқымды қойлар сатып алу сатып алынған бас 20 160
Барлығы 16 460
Етті құс шаруашылығы
1. Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу сатып алынған бас 110 400 66 240
Барлығы 66 240
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1. Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу сатып алынған бас 180 944 10 856,64
        10 856,64
Жиыны 1 976 056,64

 

Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы __________
№ _________қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 4 ақпандағы
№ А-2/47 қаулысына
2-қосымша

Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты Өлшем бірлігі Субсидиялаудың көлемі Субсидиялаудың сомасы, мың теңге
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
1. Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату тірідей салмағы,
килограмм
1 000 000 200 000
2. Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату қосқан салмағы,
килограмм
400 000 80 000
Барлығы 280 000
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1. Сүт өндіру құнын арзандату
1.1 бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық өткізілген немесе өңделген килограмм 14 940 053 522 901,855
1.2 бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық өткізілген немесе өңделген килограмм 4 725 000 94 500
1.3 бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық өткізілген немесе өңделген килограмм 5 000 000 50 000
1.4 ауыл шаруашылығы кооперативі өткізілген немесе өңделген килограмм 3 000 000 30 000
Барлығы 697 401,855
Етті құс шаруашылығы
1. Құс етін өндіру құнын арзандату
1.1 15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс өткізілген немесе өңделген килограмм 18 000 000 1 440 000
1.2 2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс өткізілген немесе өңделген килограмм 100 000 5 000
Барлығы 1 445 000
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1. Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату
1.1 200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс өткізілген дана 60 835 079 182 505,237
1.2 50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс өткізілген дана 5 716 140 12 575,508
Барлығы 195 080,745
Жылқы шаруашылығы
1. Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату килограмм 14 896 893,76
Барлығы 893,76
Жиыны 2 618 376,36
Мақаланың шыққан күні: 20.02.2020
Қаралым саны: 198

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz