A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
ҚР Премьер-Министрi Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Ақмола облысында болды

2020 жылдың 14 мамырында ҚР Премьер-Министрi Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, көктемгi егiс жұмыстарының жүргiзiлу барысын тексердi.

Үкiмет басшысы Сандықтау және Ақкөл аудандарының алқаптарындағы егiс жұмыстарымен, жергiлiктi ауылшаруашылық кәсiпорындарының материалдық-техникалық базасымен, дәндi және жемшөп дақылдарын өңдеу және тазалау, сондай-ақ ет және сүт өнiмдерiнiң өндiрiсiн кеңейту жобаларымен танысты.

Биыл Ақмола облысында жаздық егiс алқабының аумағы 4,9 млн гектарды құрайды. Оның 4,4 млн гектарына дəндi дақыл егiледi. Бүгiнгi таңда 581 мың гектарға (жоспардың 13,1%-ы) дəндi жəне дəндi-бұршақты дақыл дар, 39 мың гектардан астам алқапқа майлы (15,5%) дақылдар, 51 мың гектарға мал азығы (28,4%) болатын дақыл егiлген. Егiс жұмыстарына шамамен 32 мың бiрлiк ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылды. Атап айтсақ, 14 мыңнан астам трактор, 16 мың тұқым сепкiш, 1 250 егiс кешенi егiстiк даласында жүр. Өңiрде көктемгi егiс жұмыстарын жүргiзуге 68 мың тонна кепiлдендiрiлген дизель отыны бөлiндi. Мемлекет басшысының тап сырмасы бойынша дизель отыны фермерлерге 1 литрi 165 теңгеден арзан бағамен берiлген. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егудi ендi 20-25 жұмыс күнi iшiнде аяқтау көзделiп отыр.

«Ауыл — ел бесiгi» жобасының iске асырылуын бақылау аясында Премьер-Министр Сандықтау ауданының Максимовка жəне Балкашино ауылдарында, сондай- ақ Ақкөл ауданының Еңбек ауылында болып, онда əлеуметтiк инфрақұрылым нысандарын — абаттандырылған тұрғын үйлердi, денсаулық сақтау, бiлiм беру жəне спорт мекемелерiн аралап көрдi.

Өңiр бойынша Премьер-Министрдiң жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев бiрге болды.

Мақаланың шыққан күні: 15.05.2020
Қаралым саны: 70

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz