A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Баспасөз хабарламасы

2020 жылдың 29 мамырында Қазақстан Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының Целиноград ауданына жұмыс сапарымен болды. Сапар бағдарламасы биыл пайдалануға берiлген «Hevel Kazakhstan» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне қарасты күн электр станциясының жұмысымен танысудан басталды.

Сондай-ақ Президент «Ең-Дала» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң ауыл шаруашылығы алқабын аралап көрдi. Қасым-Жомарт Тоқаевқа агроөнеркəсiптiң техникалық жабдықталуы мен өнiмдi арттыруға бейiмделген жер өңдеу технологиялары, сондай-ақ, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы əзiрлеген элиталық тұқымды пайдалану жөнiнде мəлiмет берiлдi.

Ақмола облысының əкiмi Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысына аймақтағы агроөнеркəсiп кешенi, егiн жəне мал шаруашылығын дамыту жоспары, сондай-ақ, елорда тұрғындарын азық-түлiкпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.

Ауыл шаруашылығы министрi Сапархан Омаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа елiмiздегi көктемгi егiс жұмыстарының барысы жəне отандық ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi қолдау мақсатында қаржы бөлу жөнiндегi тапсырмалардың орындалуы жайында есеп бердi.

Қазақстан Президентi мемлекет тарапынан аграрлық секторды дамытуға баса мəн берiлiп отырғанын атап өтiп, ауыл шаруашылығына арналған жерлердi тиiмдi пайдаланудың маңыздылығын айтты.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметi.

Мақаланың шыққан күні: 01.06.2020
Қаралым саны: 43

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz