A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
2020 жылғы 10 қазанда өткiзiлген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесiнiң баспасөз хабарламасы

Ағымдағы жылдың 10 қазаны күнi Көкшетау қаласында «Тәуелсiздiк» алаңында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесi ұйымдастырылды.

Осы жәрмеңкеде өңiрдiң 90-нан аса ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi 55,6 млн. теңгеге 83 тоннадан аса өнiм ұсынды. Қала тұрғындары мен қонақтары жергiлiктi өндiрушiлердiң 30-дан астам азық-түлiк өнiмдерiн сатып алды. Баға нарықтағыдан 10-15% — ға айтарлықтай төмен.

Облыс аграршылары 23 тонна ет және шұжық өнiмдерiн, 4 тонна жаңа ауланған балық, 6,4 тоннадай сүт және сүт өнiмдерiн, 11 тоннадан астам ұн, 33,5 тонна картоп және көкөнiс, басқа да өнiмдер әкелдi.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнен басқа жемiс ағаштары мен бұта тұқымдарының көшеттерi және отын, шөп, астық қалдықтары сатуға қойылды.

Келесi жәрмеңке а.ж. 17 қазанда сол «Тәуелсiздiк» алаңында.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 10.10.2020
Қаралым саны: 9

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz