A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мал шаруашылығы саласын дамытудың қорытындысы және «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» серіктестігі қызметінің тұсаукесері жайлы кеңестің баспасөз хабарламасы

2020 жылдың 29 қазанында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасында облыс әкiмiнiң орынбасары Ғалымжан Кенжешұлы Әбдiхалықовтың төрағалығымен өткен аудан әкiмiнiң орынбасарлары, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкiлдерi, аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң және шаруашылық субъектiлерiнiң басшылары қатысқан кеңесте мал шаруашылығы саласын дамытудың қорытындысы талқыланды, сондай-ақ, «Солтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» серiктестiгi қызметiнiң тұсаукесерi болды.

«Солтүстiк Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» серiктестiгiнiң директорының мiндетiн атқарушы Бекет Бодайұлы Иманқұлов өз серiктестiгiнiң қызметi жөнiнде айтып бердi.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Латыпұлы Итқұсов мал шаруашылығы дамуының алдынала қорытындысы жөнiнде баяндап бердi. Ол өз сөзiнде 2020 жылдың 9 айында мал шаруашылығының жалпы өнiм көлемi 147 млрд теңгенi құрағанын айтты.Бiз бұл көрсеткiш бойынша Алматы, Түркiстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан кейiн Қарағанды облысымен төртiншi орынды бөлiсiп отырмыз. Негiзгi үлес Бұланды, Целиноград, Зерендi аудандарына тиесiлi. Бұл аудандарда өнеркәсiп негiзiнде дамыған iрi мал шаруашылығы кәсiп орындары бар, оның iшiнде құс өнiмдерi де ауқымды (Макинск құс фабрикасы). Бұл жұмыста Жарқайың, Қорғалжын, Егiндiкөл аудандарының көрсеткiштерi өте төмен. Олардың көрсеткiштерi 2 пайыздан аспайды. Сондай –ақ, баяндамашы мал шаруашылығы саласын мемлекеттiк қолдау, асыл тұқымды мал басының саны жөнiнде айтты.

Кеңес соңында Ғалымжан Әбдiхалықов тауарлы-сүт фермасын құру бойынша Жол картасы аясында айтылған жобаларды жүзеге асыруды ерекше бақылауға алу, мал шаруашылығы өнiмiн өндiру және мал басын азайтуға жол бермеу шарасын қабылдау жөнiнде аудан әкiмдiктерiне мiндеттер жүктедi. Бүгiнгi күнi тауарлы-сүт және ет фермаларының жобаларын сондай-ақ, келесi жылы агроөнеркәсiп кешенi саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды айқындау қажет екенi айтылды.. Ұсыныс үстiмiздегi жылдың 15 желтоқсанына дейiн берiлуi тиiс.

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметi.

Мақаланың шыққан күні: 29.10.2020
Қаралым саны: 44

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz