A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ақмола облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан қаласында өтетін жәрмеңке туралы баспасөз хабарламасы

2020 жылдың 26-27 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығының алаңында Ақмола облысы ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесiн өткiзу жоспарлануда.

Жәрмеңкеде 100 — ден астам ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлер мен өңдеушi кәсiпорындар астана тұрғындарына және қонақтарына өз еңбек жемiстерiн ұсынады.

Аталмыш жәрмеңкеде Ақмола облысының агроөнеркәсiптiк кешенiнiң субъектiлерi 196,8 млн. теңге сомасына 50-ден астам өнiм атауларын өткiзедi , барлық өткiзiлетiн тауарлар астаналық бағалардан 10-15 %-ға төмен болады, соның iшiнде:

ет және шұжық өнiмдерi — 75 тонна;

жаңа ауланған балық  — 4,3 тонна;

жұмыртқа — 330 мың дана;

сүт және сүт өнiмдерi — 35 тонна;

ұн — 40 тонна;

картоп және көкөнiс — 143,2 тонна;

Барлық өнiмдер — 435 тонна.

Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының

баспасөз қызметi.

Мақаланың шыққан күні: 24.09.2020
Қаралым саны: 37

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz