A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәукелдерінің ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалы анықтама

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдауын өткiзудi ұйымдастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу бойынша жұмыс тобын құру туралы» 2018 жылдың 18 мамырда № 40 бұйрық қабылданды (бұдан әрi  — Бұйрық).

Талдауды өткiзген кезеңi: 2018 жылдың 21 мамырынан бастап

25 мамырына дейiн.

Талдауды жасаған кезеңi: 2017 жылдың 29 шiлдеден бастап 2018 жылдың 18 мымырына дейiн.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу жауапкершiлiгi бұйрығымен құқықтық жұмыс және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бөлiмiнiң бас маман-заңгер Айзада Молдахметқызы Белгiбаеваға жүктелдi (Бұйрық көшiрмесi қоса берiледi ).

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/290 қаулысымен бекiтiлген «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Ережесi бар.

Ақмола облысы әкiмiнiң 2018 жылғы 16 мамырдағы № 65-ж/қ өкiмiмен Ақмола облысының ауыл шаруашылығы Басқармасы басшысының уақытша мiндетiн атқарушы (бұдан әрi — Басқарма) А.Қ.Сағынбаев тағайындалды.

Жүргiзiлген талдау барысында Басқарма мiндетi — агроөнеркәсiптiк кешенiн дамыту саласында, астық нарығының саласында, тұқым шаруашылығы саласында, өсiмдiктердi қорғау саласында, асыл тұқымды шаруашылығы саласында мемлекеттiк саясатын iске асыру болып табылады

Басқарма қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу барысында анықталғаны:

«Жұмыс тобын құру туралы» 2016 жылғы 1 маусымдағы № 69 Басқарма бұйрығына сәйкес 2016 жылдың 1-8 маусым аралығында «Агробизнес-2020» бағдарламасын iске асыру үшiн егiншiлiк және астық нарығын реттеу бөлiмiнiң ұйымдастыру-басқарушылық қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәукелдерiн анықтау талдауы өткiзiлген болатын.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң негiзгi бағыттары «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер», «Бақылау мiндеттер».

«Бақылау мiндеттер» бағыты бойынша келесi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi анықталды:

1) заңмен негiзделген әкiмшiлiк жауапкершiлiгiнен жалтару, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (бұдан әрi-КоӘҚБ) 2014 жылғы 5 шiлдедегi 462 бабына сәйкес ұйғарымын орындамаған тұлғаға қатысты қолданыстағы заңнама жергiлiктi атқарушы органдарымен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды құрастыруды талап етiлмейдi — сыбайлас жемқорлық тәуекелдер жойылған болып саналады .

Қазiргi уақытта КоӘҚБ 804 бабының 1 бөлiмiнiң 50 тармақшасына КоӘҚБ 462 бабы бойынша әкiмшiлiк хаттамаларды құрастыру бойынша жергiлiктi атқарушы органдарына өкiлеттiктерiн беру бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiлдi.

2017 жылдың 27 шiлдедегi № 73 Басқарма бұйрығына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттерiн әзiрлеу мерзiмдерiн бұзу бөлiгiнде ұйымдастыру-басқарушылық қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн анықтау талдауы жүргiзiлдi.

1) «Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау», «Қайта өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете қайта өңдеп өнiм өндiру үшiн оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер Стандарттары бекiтiлмеген — сыбайлас жемқорлық тәуекелдер жойылған болып саналады.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңының 13 бабы

1 тармағына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң стандарты мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң тiзiлiмi бекiтiлген немесе толықтырулар енгiзiлген күнiнен бастап үш айдың iшiнде әзiрленедi және бекiтiледi. Заңының 16 тармағына сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң регламенттерi облыстың жергiлiктi атқарушы органдарымен отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң стандарты қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн әзiрленедi және бекiтiледi.

«Қызметтi алушымен тiкелей байланысы» бағыты бойынша

1) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi жеделдету, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде мәселенiң оң шешiмiн табу немесе кедергiсiн келтiру, «Өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете қайта өңдеп өнiм өндiру үшiн оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң стандартына Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуiрдегi № 3-2/378 бекiтiлген бұйрығына өтiнiмдерiн қабылдауды және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiн берудi жүзеге асыратын«Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) коммерциялық емес акционерлiк қоғамы тұлғалардың тiзiмiне енгiзу бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiлмеген -сыбайлас жемқорлық тәуекелi жойылмаған.

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi жеделдету, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде мәселенiң оң шешiмiн табу немесе кедергiсiн келтiру, «Ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң стандартына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Орынбасары — Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2017 жылғы 10 наурыздағы № 115 бекiтiлген бұйрығына өтiнiштерiн қабылдауды және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижелерiн берудi жүзеге асыратын Мемлекеттiк корпорациясын тұлғалардың тiзiмiне енгiзу бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiлмеген -сыбайлас жемқорлық тәуекелi жойылмаған.

Бағыт бойынша: қолданыстағы нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң стандарт мерзiмдерiнiң қайшылығында (сәйкессiздiк) келесi сыбайлас жемқорлық тәукелдер анықталды:

1) стандартқа бас тарту үшiн негiздемелердiң жоқтығына немесе қызметтi алушыға себептемелi бас тартуға сiлтемесiмен мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде «оңтайлы» шешiм -сыбайлас жемқорлық тәуекелi iшiнара жойылды.

Қазiргi уақытта асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарында, мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн негiздемелер енгiзiлген; агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу; агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi инвестициялық салынымдар кезiнде жұмсаған шығыстардың бiр бөлiгiнiң орнын толтыру бойынша субсидиялау; агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң бекiтiлген бұйрығымен мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тарту үшiн негiздемелердiң тiзiлiмi жоқ.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң келесi стандарттарына: асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау; тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау; бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау мемлекеттiк қызметтердi көрсетуден бас тарту үшiн негiздемелер енгiзiлдi.

2) мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде бюрократизм және көпке созушылыққа жол бермеу принциптерiн бұзу, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң үнемдiлiгi және тиiмдiлiгi, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң үрдiсiн тұрақты жетiлдiру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер саласында есеп берушiлiк және ашықтығы принципiнiң бұзушылығына әкелiп соғады -сыбайлас жемқорлық тәуекелi iшiнара жойылды.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерiнен бас тарту үшiн кейбiр стандарттарға негiздемелердi енгiзу жолымен, жоғарыда көрсетiлген сыбайлас жемқорлық тәукелi iшiнара жойылған.

3) Мемлекеттiк корпорацияның қызметшiсi Заңына сәйкес өтiнiмдердi қабылдау кезеңi басталмаған жағдайда қызметтi алушыға субсидиялауға өтiнiмдердi қабылдаудан бас тарту құзыреттiлiгi жоқ, (кейбiр қағидаларда сәйкестiгiнiң нормасы бекiтiлген, яғни өтiнiмдер жыл бойы емес, тек қана уақыттың белгiленген кезеңi қабылданады) осылайша мемлекеттiк қызметтi көрсетiлетiн қызметiнiң бюрократизм және көпке созушылықты туғызады-сыбайлас жемқорлық тәуекелi жойылмаған.

Заңының 20 бабы 2 тармағы Заңының негiз қалаушы бастамасына қайшы болып келедi, бұл Заңының 3 бабы, оған сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер басты принциптердiң негiзiнде көрсетiледi: мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде бюрократизм және көпке созушылыққа жол бермеу принциптерiн бұзу, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң үнемдiлiгi және тиiмдiлiгi, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң үрдiсiн тұрақты жетiлдiру.

Ұқсас жағдаят субсидиялаумен байланысты бюджеттiк бағдарламаға бюджеттiк қаражаттар таусылып қалған жағдайда. Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттiк кодексiнiң 82 бабы 1 мен 6 тармақтарына сәйкес субсидиялаумен байланысты бюджеттiк бағдарламалардың iске асырылуы (мемлекеттiк қызметтердi көрсету) тиiстi қаржылық жылға бөлiнген қаражат шегiнде жүргiзiледi.

Осыған байланысты Мемлекеттiк корпорациясының бұдан әрi өтiнiмдердiң қабылдауын жүргiзу мақсатты емес болып саналады және Заңының негiзгi принциптерiне қайшы. Сонымен қатар Заңына сәйкес Мемлекеттiк корпорация өтiнiмдердi қабылдаудан бас тарту құқығы жоқ.

Бағыт бойынша: Қажеттi құжаттардың түрлi тiзiлiмi:

1) Тұқымның сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларды аттестаттау Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-2/60 бекiтiлген бұйрығы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Орынбасары –Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2018 жылғы 20 ақпандағы №80 бұйрығының негiзiнде күшi жойылды.

Қазiргi таңда Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 06 мамырдағы № 4-2/416 бекiтiлген бұйрығымен осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң стандарты әрекет етедi. Осыған байланысты өтiнiмдер нысандарын және мәлiметтер нысандарын талаптар сәйкестiгiне тексеру мүмкiндiгi болмай тұр.

2) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 15 шiлдедегi № 15-02/655 бекiтiлген бұйрығының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi Стандартының 9 тармағына сәйкес қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн қызметтi берушiге лицензия алу үшiн жеке немесе заңды тұлғаның өтiнiмiн және (немесе) лицензия қосымшасын, электрондық үкiметiнiң төлем шлюзы арқылы ЭҮТШ жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн; пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану өндiрiсi бойынша қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысанын (бұдан әрi — Мәлiметтер нысаны) ұсынады.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 29 бабы 3 тармағына сәйкес лицензия алу үшiн және (немесе) лицензия қосымшасын, қызметтi алушы Мәлiметтер нысанының орнына қызметтi берушiге өтiнiшкердiң бiлiктiлiк талаптарының сәйкестiгiн растайтын құжаттарын ұсынады.

3) «Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер

көрсетуге лицензия беру» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бекiтiлген бұйрығының Стандартының 9 тармағына сәйкес қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн қызметтi берушiге өтiнiмiн, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн; астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер нысанын ұсынады.

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 29 бабы 3 тармағына сәйкес лицензия алу үшiн және (немесе) лицензия қосымшасын, қызметтi алушы Мәлiметтер нысанының орнына қызметтi берушiге өтiнiшкердiң астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша бiлiктiлiк талаптарының сәйкестiгiн растайтын құжаттарын ұсынады.

4) «Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 16 қарашадағы № 9-3/1000 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң Стандартымен көзделген субсидияларды аудару үшiн қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерiнiң өтiнiмдер нысандарының өзгешелiгi және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау Қағидалары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бекiтiлген бұйрығы.

Көрсетiлген қайшылық Қағидаларға енгiзiлген өзгерiстер үшiн пайда болды («Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2016 жылғы 31 наурыздағы

№ 146 бұйрығы). Бiрақ қазiргi таңда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң стандартына тиiстi өзгерiстер енгiзiлмеген.

5) «Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрi мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/10181 бекiтiлген бұйрығының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi Стандартының 9 тармағына сәйкес Қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн қызметтi берушiге субсидияларды алу үшiн өтiнiмiн ұсынады, несиелеу мүмкiндiгi туралы оңтайлы шешiмi бар несие берушiнiң хаты және кепiлгердiң хаты немесе сақтандыру ұйымының кепiлдiгiн және сақтандыруын ұсыну туралы хаты.

Сонымен агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау Қағидалардың 9 және 32 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бекiтiлген бұйрығымен қызметтi алушы қызметтi берушiге тек қана өтiнiшiн және несиелеу мүмкiндiгi туралы оңтайлы шешiмi бар несие берушiнiң хаты.

Көрсетiлген қайшылық Қағидаларға енгiзiлген өзгерiстер үшiн пайда болды

(«агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 30 қаңтардағы

№ 9-1/71 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2016 жылғы 20 шiлдедегi № 323 бұйрығы),

бiрақ қазiргi таңда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң стандартына тиiстi өзгерiстер енгiзiлмеген.

6) инвестициялық субсидиялауына өтiнiмдер нысандарының өзгешелiгi;

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi Стандартының 9 тармағына сәйкес қызметтi алушы қағидаларымен көзделген құжаттарынан басқа қызметтi берушiге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оңтайлы қорытындысымен сараптама жобалары бар жобалық-сметалық құжаттаманы ұсынады;

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi Стандартының 9 тармағына сәйкес қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн қызметтi берушiге мемлекеттiк қабылдаушы нотариалды күәландырылған актiсiнiң көшiрмесiн ұсынады немесе нысана қабылдау туралы қабылдау комиссиясының актiсiн немесе инвестициялық жобасының қолданысқа енгiзу кезегi (кезең), қағидаларға сәйкес мемлекеттiк қабылдаушы актiсiнiң көшiрмесiн немесе инвестициялық жобасының қолданысқа енгiзу нысана қабылдау актiсi (жаңа өндiрiстiк қуаттылығы құрылғанда).

Көрсетiлген қайшылық жоғарыда аталған қағидалардың бекiтiлуiне байланысты пайда болды, бiрақ қазiргi таңда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң стандартына тиiстi өзгерiстер енгiзiлмеген.

Сонымен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда сiлтемесiмен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерден негiзсiз бас тарту бөлiгiнде дискрециялық құзыреттiлiгiнiң ауқымдылығынан жоғарыда мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәукелi пайда болады, сонымен қатар, құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бөлiгiнде немесе артық құжаттарды сұратып алу жағдайда пайда болады — жойылмаған.

Сонымен бiрге сыбайлас жемқорлық тәукелдердiң жүргiзiлген талдау барысында Стандарттарда және Қағидаларда қайшылықтар анықталды.

Мемлекеттiк қызметтер бойынша жаңа Қағидаларды қолданысқа енгiзген жағдайда, стандартқа және регламентерiне өзгерiстердi енгiзгенге дейiн аталмыш нормалар арасында қайшылықтар пайда болады. Бiр тарапынан қызметтi берушi мемлекеттiк көрсетiлетiн стандарттарын және регламенттерiн, екiншi тарапынан «Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 12 бабы 3 тармағына сәйкес аталмыш саласын реттейтiн Қағидаларын басшылыққа алу қажет.

Көрсетiлген қызметiнiң үрдiсiн реттемелейтiн барлық қағидаларда, көрсетiлетiн қызметiнiң мерзiмi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарында көрсетiлген мерзiмiмен сәйкес келедi. Көрсетiлген қызметiнiң үрдiсiн реттемелейтiн қағидаларда, Мемлекеттiк корпорациясына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң нәтижесiн ұсыну уақыты қарастырылмаған, бұл Заңының 5 бабы 2 тармағының 5 тармақшасына қайшы келедi.

Iс жүзiнде көрсетiлген жағдай мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң мерзiмiн 1 күнге қысқартады және қағидаларымен көзделген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң уақытын қысқарта бередi және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң регламентiн әзiрлеген және бекiткен кезiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң мерзiмдерiне ықпал етедi.

Заңнамадағы жоғарыда көрсетiлген қайшылығы Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн барлық мемлекеттiк қызметтерiнде кездеседi.

Жоғарыда көрсетiлген жағдай мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң сапасына және уақтылығына ықпал етедi, бұл мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң бұзушылығына әкелiп соғады.

Бiртектi қатынастарын реттейтiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң Стандарттар және Регламенттер Қағидалары бiр нормативтiк құқықтық актiсiмен бекiтiлсе осы қайшылықтарға жол бермес едi.

Қазiргi таңда мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде қызметтi берушi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттарын мен регламенттерiн және Қағидаларын басшылыққа алу қажет.

Сыбайлас жемқорлық тәукелдердiң iшкi талдауын жүргiзген үрдiсiнде келесi анықталды:

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң» бағыты

Басқармасымен 15 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсетiледi: олардың iшiнде 4 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер рұқсат құжаттарды беруiмен байланысты және 11 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер субсидиялаумен байланысты.

Сыбайлас жемқорлық тәукелдерiнiң iшкi талдаудың негiзгi бағыттары:

Мал шаруашылығы бөлiмiнiң «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерi».

Басқарманың мал шаруашылығы бөлiмi екi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсынады:

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау»;

«Акваөсiру (балық өсiру шаруашылығы) өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау».

Жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi iске асыру мақсатында Басқармасымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң сәйкестелген стандарттар негiзiнде және қағидалар негiзiнде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерi әзiрленуде:

-Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы

өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау Қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Орынбасары — Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2017 жылғы 27 қаңтардағы

№ 30 бекiтiлген бұйрығы;

-Акваөсiру (балық өсiру шаруашылығы) өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын

арттыруды субсидиялау2017 жылғы 09 маусымдағы № 237 бұйрығы.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi бойынша өтiнiмдер Басқармаға 2017 жылдың 08 тамызына дейiн түскен.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы

өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларына (бұдан әрi Қағидалар) енгiзiлген 2017 жылдың 12 шiлдедегi өзгерiстерiне сәйкес өтiнiмдер нысан бойынша, Қағидалардың 5 қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы бөлiмдерiне «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КеАҚ арқылы, www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жiберiледi.

2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейiн асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша Басқармасымен электрондық түрде ақпараттық жүйелер (селекциялық және асыл тұқымды жұмысы бойынша бiрыңғай ақпараттық жүйесi) арқылы 913 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсетiлдi.Жоғарыда аталған кезеңiнiң iшiнде бас тарту негiзгi себептерiмен 296 себептемелi бас тарту белгiлендi, бұл қолданыстағы заңнамасының критерий мен талаптарына сәйкес келмеу болып табылады. 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап 30 сәуiрiне дейiн кезеңiне 174 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер көрсетiлдi.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы

өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2017 жылғы

27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары -Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2017 жылғы

12 желтоқсандағы № 490 бұйрығы.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағыты бойынша:

Қағидалардың 15 тармағына сәйкес Бөлiм өтiнiмдердiң бағыттары бойынша түскен күнiнен бастап екi жұмыс күннiң iшiнде, (асыл тұқымды жануарларын сатып алу, төлдену үшiн пайдаланатын еттi, сүттi және еттi-сүттi тұқымдардың бұқаларын ұстау және тұқымдық түрлендiруiмен қамтылған iрi қара малдың және қойдың асыл тұқымды ұрғашы мал басымен селекциялық және асыл тұқымды жұмысын жүргiзу ) осы Қағидалардың 16 тармағының 2 абзацында көрсетiлмеген, өтiнiмдердi толтырған мәлiметтердiң толықтығына тексередi ақпараттық-талдамалы жүйесi АТЖ және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру АШБ мәлiметтерiн салыстырады.

Өтiнiмнiң толтырғаны толық еместiгi немесе АТЖ мен АШБ салыстыру нәтижелерi бойынша деректер сәйкессiздiгi анықталған кезiнде Бөлiм нысан бойынша түзету қажеттiлiгi туралы хабарлама жiбередi, Қағидалардың 5-1 қосымшасына сәйкес екi күндiк мерзiмiнiң көрсетiлуiмен ескертулердi жою үшiн Мемлекеттiк корпорациясына қағаз түрде немесе АТЖ арқылы электрондық түрде жiберiледi. Ескертулер мерзiмiнде жойылмаған жағдайда хабарламада көрсетiлген Мемлекеттiк корпорациясы өтiнiмдi қабылдамайды, сонымен қатар портал өтiнiмдi қабылдамайды. Тек қана құжаттардың толық топтамасы түскеннен кейiн Бөлiм екi жұмыс күннiң iшiнде Қағидаларда көрсетiлген критерий мен талаптарына сәйкестiгiн тексередi.

Сонымен субсидиялау бағыттары бойынша: асыл тұқымды жануарларын сатып алу, төлдену үшiн пайдаланатын еттi, сүттi және еттi-сүттi тұқымдардың бұқаларын ұстау және тұқымдық түрлендiруiмен қамтылған iрi қара малдың және қойдың асыл тұқымды ұрғашы мал басымен селекциялық және асыл тұқымды жұмысын жүргiзу үшiн Қағидалардың 2 қосымшасында көрсетiлген критерий мен талаптарының сәйкестiгiне тексеру үшiн шаруашылықтарына салыстыру жөнiнде жұмыс тобының барып-келу жолымен жетi жұмыс күннiң iшiнде жүзеге асырылады, оның құрамында Бөлiм маманы, әкiмдiк маманы және тиiстi ауылдық округiнiң ветеринарлық дәрiгерi кiредi. Барып-келу нәтижелерi бойынша салыстыру актiсi құрастырылады.

Қағидалардың 2 қосымшасында көрсетiлген критерий мен талаптарына сәйкессiздiгi анықталған жағдайда Бөлiм көрсетiлген мерзiмiнiң iшiнде

тауар өндiрушiге бас тарту себептерiн көрсете отырып хабарлама жiбередi, Мемлекеттiк корпорацияға қағаз түрде немесе АТЖ арқылы электрондық түрде. Тауар өндiрушi критерий мен талаптарына сәйкес болған жағдайда, Бөлiм көрсетiлген мерзiмiнiң iшiнде АТЖ арқылы салыстыру актiсiнiң электрондық көшiрмесiн қоса ұсынып облыс Басқармасына өтiнiмiн жiбередi.

Осы кезеңде Басқарма екi жұмыс күннiң iшiнде өтiнiм түскеннен кейiн көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығына тексередi, сәйкес болған жағдайда тауар өндiрушiге өтiнiмдi мақұлдау туралы хабарлама жiбередi. Мәлiметтердiң толық еместiгi анықталған жағдайда немесе салыстыру актiсiн дұрыс толтырмаған жағдайда, Басқарма Қағидаларға сәйкес АТЖ арқылы түзету үшiн барлық сәйкессiздiктерiнiң негiзгi дәйектемелерiн көрсете отырып бөлiмге қайтарып бередi. Сонымен Бөлiм 1 жұмыс күннiң iшiнде Басқармаға түзетiлген актiсiн ұсынып беру керек.

Сонымен қатар дұрыс iстелмеген жағдайда Басқарма қандай әрекеттердi қабылдау керек екенiн көрсетiлмеген.

Сонымен бiрге Басқармаға ұсынылатын құжаттардың нақтылығын қамтамасыз ету бойынша Бөлiмнiң жауапкершiлiгi көрсетiлмеген.

Бұл ретте көрсетiлген мәлiметтердiң толықтығы туралы өтiнiмi талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, Басқарма тарапынан бас тарту құзыреттiлiгi бекiтiлмеген.

Жоғарыда көрсетiлген олқылық, бас тарту үшiн негiздемелердiң жоқтығына сiлтеп мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң «оңтайлы» шешiмiне әкелiп соғу мүмкiн немесе қызметтi алушыға себептемелi бас тарту жауабын беру, сыбайлас жемқорлық тәукелi болып табылады.

Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыру бағыты бойынша:

Қағидалардың 27 тармағына сәйкес Бөлiм өтiнiм түскен сәтiнен бастап бес жұмыс күннiң iшiнде тауар өндiрушi өтiнiмiн сәйкестiгiне тексередi, мал шаруашылығы өнiмiнiң субсидиялауына тауар өндiрушiлердiң ұсынған өтiнiмдерiнiң салыстыруын жүргiзедi, аудандық ветеринария Бөлiмiмен ұсынылған тауар өндiрушiлер тiзiмi бойынша критерий мен талаптарға сәйкестiгiн анықтау үшiн тауар өндiрушiнiң жұмыс орнына барып -келуiн жүзеге асырады. Критерий мен талаптарға сәйкес болмаған жағдайда өтiнiм көрсетiлген мерзiмiнiң iшiнде тауар өндiрушiсiне қайтарылады.

Осы Қағидалардың 3 қосымшасында көрсетiлген тауар өндiрушi критерий мен талаптарға сәйкес болған жағдайда Бөлiм Қағидалардың 7 қосымшасына сәйкес аудан бойынша 1 нысаны бойынша жиынтық актiсiн құрастырады. Аудан бойынша бекiтiлген жиынтық актiсiн және екiншi деңгейдегi банк анықтамасының электрондық көшiрмесi немесе Ұлттық пошта операторының ағымдағы шоттың бар болуы туралы екi жұмыс күннiң iшiнде облыс Басқармасына жiберiледi. Облыс басқармасы мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыру бағыты бойынша жиынтық актiлердi тiркеу журналына аудан бойынша жиынтық актiлерiн тiркейдi, оларды мәлiметтердiң бар болуына және толықтығына үш жұмыс күннiң iшiнде қарайды, сәйкес болмаған жағдайда Басқарма ұсынылған аудан бойынша жиынтық актiлерiн Бөлiмге қайтару себептерiн көрсете отырып түзетуге қайтарып бередi. Сонымен Бөлiм үш жұмыс күннiң iшiнде облыс Басқармасына түзетiлген және толықтырылған жиынтық актiсiн жiбередi, ал көрсетiлген мерзiмiнiң iшiнде түзетуге мүмкiндiгi болмаса, өтiнiмдi жазбаша қайтару себептерiн

көрсете отырып тауар өндiрушiсiне қайтарып бередi. Бөлiм облысқа ұсынылатын құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етедi. Сонымен бiрге критерий мен талаптарға сәйкес болмаған жағдайда өтiнiмнiң қайтарылуы қарастырылған, бас тарту емес.

Жоғарыда көрсетiлген олқылық, бас тарту үшiн негiздемелердiң жоқтығына сiлтеп мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң «оңтайлы» шешiмiне әкелiп соғу мүмкiн немесе қызметтi алушыға себептемелi бас тарту жауабын беру, сыбайлас жемқорлық тәукелi болып табылады.

Осыған байланысты мал шаруашылығы бөлiмi жоғарыда көрсетiлген қағидаларға тиiстi өзгерiстердi енгiзу бастамашылық етедi.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 12 қазандағы № 637 қаулысына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң Тiзiлiмiне өзгерiстер енгiзiлдi, «Акваөсiру (балық өсiру шаруашылығы) өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi енгiзiлдi.

Жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң стандарты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Орынбасары — Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2018 жылғы 2 ақпандағы № 63 бұйрығы бекiтiлдi. Стандартқа сәйкес мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Астана мен Алматы жергiлiктi атқарушы органдарымен көрсетiледi. Өтiнiмдi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң нәтижесiн беру

қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы және «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

Стандарт Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлер эталондық бақылау банкiнде 2018 жылдың 10 сәуiрiнде жарияланды. «Акваөсiру (балық өсiру шаруашылығы) өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң стандартын бекiту туралы» бұйрығы он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Заңының 16 бабы 1 тармағына сәйкес қызметтi берушiлердiң қызметiн ұйымдастыру үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орталық мемлекеттiк органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiн әзiрлейдi және бекiтедi.

Сонымен қатар «Акваөсiру (балық өсiру шаруашылығы) өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң регламентi Заңмен белгiленген мерзiмдерiнде бекiтiлмеген.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет балама негiзiнде қызметтi берушi және Мемлекеттiк корпорациясы арқылы көрсетiледi. Өтiнiмдi қызметтi берушi (Басқарма) кеңсесi арқылы ұсынылған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi жеделдету, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде мәселенiң оң шешiмiн табу немесе кедергiсiн келтiру бөлiгiнде сыбайлас жемқорлық тәукелi пайда болады.

Жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жаңа болып табылатынын және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер Тiзiлiмiне 2017 жылдың аяғында енгiзiлгенiн ескерткен жөн.

Жоғарыда баяндалғанының негiзiнде мал шаруашылығы бөлiмiнiң басшысына қажет:

-Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер туралы мәселесiн бастамашылық ету.

-«Акваөсiру (балық өсiру шаруашылығы) өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiнiң регламентi пысқталсын және бекiтiлсiн.

Талдамалы анықтамасымен Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы танысты.

Басшының орынбасары
жұмыс тобының төрағасы                                                                                                Қ.Л. Итқұсов

«Ақмола облысының жергiлiктi
ауыл шаруашылығы
қызметкерлерiнiң кәсiподағы»
қоғамдық бiрлестiгiнiң
төрағасы (келiсiм бойынша)                                                                                           Т.Н. Әйкенов

Мал шаруашылығы
бөлiмiнiң басшысы                                                                                                          С.Е. Шайғүзов

Мал шаруашылығы
бөлiмiнiң бас маманы                                                                                                        К.Е. Көшенов

Құқықтық жұмыс және
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтер бөлiмiнiң
бас маман-заңгерi                                                                                                              А.М. Белгiбаева

Мақаланың шыққан күні: 03.10.2019 10:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2019 10:56

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz