A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәукелдерінің ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалы анықтама

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзудiң үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдауын өткiзудi ұйымдастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу бойынша жұмыс тобын құру туралы» 2018 жылдың 18 мамырда № 40 бұйрық қабылданды (бұдан әрi  — Бұйрық).

Талдау жүргiзу кезеңi: 2019 жылдың 7 маусымынан 12 маусымына дейiн.

Талданатын кезең: 2019 жылдың 1 қаңтарынан 1 маусымына дейiн.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне iшкi талдау жүргiзу жауапкершiлiгi бұйрығымен ұйымдастырушылық, құқықтық жұмыс және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бөлiмiнiң бас маман  — заңгерi Р. А. Уенжановқа жүктелдi (Бұйрық көшiрмесi қоса берiледi ).

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/290 қаулысымен бекiтiлген «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Ережесi бар.

Ақмола облысы әкiмiнiң 2019 жылғы 15 наурыздағы № 26-ж/қ өкiмiмен Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрi — Басқарма) басшысының мiндетiн уақытша атқарушы болып Д. А. Таласбаев тағайындалды.

Жүргiзiлген талдау барысында Басқарманың миссиясы — ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру болып табылатыны анықталды.

Басқарма қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне жүргiзiлген талдау барысында анықталғаны:

«Персоналды басқару» бағыты.

Штат саны ағымдағы кезеңдегi жағдай бойынша 41 бiрлiктi құрайды, нақты саны 38 бiрлiк.

Штат санының құрылымы 7 бөлiмнен тұрады; 1 басшы, 3 басқарма басшысының орынбасары, 7 бөлiм басшысы, 30 бас маман штат санымен қарастырылған.

Басқармада талданып отырған кезеңде кадрлардың ауысуы 7,3% (2-таза ауысушылық, 1- мемлекеттiк қызмет жүйесiнде).

Ағымдағы кезеңде кадрлық мәселелер бойынша шағымдар түскен жоқ.

Терiс себептер бойынша қызметтен шығару жоқ.

Жыл сайын Басқарма қызметкерлерi табыс туралы декларацияларды уақытында тапсырады.

Бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстар.

Талдау кезеңiнде Басқармамен 1 iшкi конкурс, төменгi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға 4 жалпы конкурс өткiзiлдi.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер».

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығымен бекiтiлген «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына (бұдан әрi –Стандарт) сәйкес лицензия алу үшiн, көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген жағдайда, «Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы

12 тамыздағы № А-8/386 қаулысы әзiрлендi және Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде тiркелдi.

Стандарттың 9 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетiлген мемлекеттiк қызмет келесi рәсiм бойынша ұсынылады:

Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның өкiлi портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) лицензия алу үшiн:

1-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

«электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi);

мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес, астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтер нысаны.

2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн негiз болған өзгерiстер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың көшiрмелерi;

3) лицензия жоғалған, бүлiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы лицензияның телнұсқасын алу үшiн лицензия туралы мәлiметтердi тиiстi ақпараттық жүйелерден алу мүмкiндiгi болмаған жағдайда ғана:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен күәландырылған, электрондық құжат нысанында сауал;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.

Мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгенi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы алады.

Мемлекеттiк қызметтiң осы түрi бойынша порталда көрсетiлген мәлiметтер нысаны стандарттағы мәлiметтер нысанына сәйкес келмейдi деп түсiндiремiз.

Бұл факт мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi мәлiметтердi дұрыс енгiзудi қиындатады.

Осыған байланысты, «Е-лицензиялау» порталына өзгерiстер енгiзу қажет деп санаймыз.

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушiлер талаптары жоғары тұлғалар үшiн, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу кезiнде қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.

Талдау барысында Басқарма орналасқан ғимаратта шақыру батырмасы, пандус, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын тұлғаларға өтiнiш беруге арналған бөлме қарастырылғаны анықталды.

Басқарманың ресми сайтында «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнде ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң барлық стандарттары мен регламенттерiне сiлтемелер орналастырылған. Қолжетiмдi жерде Басқарма көрсететiн мемлекеттiк қызметтердiң стендтерi орналастырылған. Сондай-ақ БАҚ-та мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы мақалалар жүйелi негiзде жарияланады.

Нормативтiк-құқықтық актiлердi талдау, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi, мемлекеттiк қызмет көрсету, бос әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға арналған конкурстық iрiктеудi өткiзу тәртiбi бойынша мониторинг жүргiзiлдi.

Көрсетiлген бағыттар бойынша мемлекеттiк органның қызметiнде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерi жоқ.

Басқарма қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiне жүргiзiлген талдау қорытындысы бойынша ұсынылды:

1.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын сақтау;

2.Көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызметтердi (қағаз, электрондық) алуға балама ұсыну бойынша барлық қажеттi шараларды, сонымен бiрге көрсетiлетiн қызметтi берушiмен барынша азайту бойынша шараларды қабылдау;

3.Басқарма кадрларының ауысуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;

4.Тұрақты негiзде интернет-ресурстың ақпаратын өзектендiру бойынша тәжiрибенi жалғастыру.

Басшының м.а.
жұмыс тобының төрағасы                                         Д.А. Таласбаев

Ұйымдастырушылық, құқықтық
жұмыс және мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызметтер бөлiмiнiң
бас маман-заңгерi                                                    А.М. Белгiбаева

Ұйымдастырушылық, құқықтық
жұмыс және мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызметтер бөлiмiнiң
бас маман-заңгерi                                                    Р.А. Уенжанов

Мақаланың шыққан күні: 04.10.2019 11:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2019 11:03

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz