A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
2013 жылдың 9 айына облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2013 жылдың 9 айына 153,8 млрд.  теңгені құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы саласында-107,7 млрд.теңге, мал шаруашылығы саласында – 45,9 млрд.теңге. Нақты көлемнің индексі –109,3%.

Өсімдік шаруашылығы

Ақмола облысында ағымдағы жылы дәнді және бұршақ дәнді дақылдарды жинау алқабы 4248,3 мың ганы құрайды, бұл өткен жылдың деңгейінен 208,0 мың гаға артық.

 Майлы дақылдарды жинау алқабы 251,3 мың ганы құрайды, бұл да 2012 жылдың көрсеткіштерінен 86,0 мың гаға артық.

Азық дақылдарының жинау алқабы – 207,5 мың га, бұл өткен жылдың деңгейінен 63,8 мың гаға артық.

Картопты 18,3 мың га алқапта, соның ішінде шаруашылық субъектілерде 3,4 мың га; көкөністерді – 4,4 мың га, саның ішінде ауыл шаруашылық субъетілерде 1,0 мың га жинау жоспарланып отыр.

2013 жылдың 18 қазаны жағдайына дәнді және бұршақ дәнді дақылдар 3974,7 мың га алқабынды орылды, 3888,7 мың га бастырылды, 4767,5 мың га астық алынды. Майлы дақылдарды жинау 31,2 мың ганы құрады, картоп 18,2 мың жерде жиналды немесе орақ алқабының 99,6%. Көкөністердің орақ алқабы 4,3 мың ганы құрады немесе орақ алқабының 97,7%.

Ағымдағы жылы пішен дайындығына ауа - райының жаман болуына қарамастан, ағымдағы жылдың 1 қазаны жағдайына 1550,7 мың тонна пішен дайындалды, немесе жарым жылдық қордың 133,0%.

Мал шаруашылығы.

Облыста бал басының өсімі мен мал шаруашылығы өнімдері өсімінің оң тенденциясы байқалып отыр, сонымен 2013 жылдың 1 қазаны жағдайына ІҚМ басының саны 379,7 мың басты құрайды (2012 жылдың деңгейіне 108,3%), жылқы 132,9 мың бас (107,7%), қой-451,8 мың бас (108,2%) және құс 3341,0 мың бас.

Ағымдағы жылдың 1 қазаны жағдайына  тірі салмақтағы еттің өндірісі 56,5 мың тоннаны құрады, бұл осы 2012 жылдың деңгейіне 108,0 %–ды құрады. Сүт өндірісі 263,5 мың тонна немесе 107,4% және 396,4 млн. дана жұмыртқа өндірілді (107,4%).

Ет шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында 23 асыл тұқымды шаруашылық-репродуктордан тұратын желісі құрылды, оған ет бағытындағы шет елдік селекциядан жоғарғы өнімді 11,7 мың бас ІҚМ әкелінді. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауар  өндірушілер шамамен шет елден  1,2 мың бас  мал әкелу жоспарланып отыр.

Асыл тұқымды ІҚМ басының саны облыста жылдың басына 51,1 мың басты құрады немесе жалпы ІҚМ басының 15,5%.

ІҚМ тауар басын ұлғайту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011-2013 жылдар аралығында 240 шаруа қожалықтарымен  15,1 мың бастан артық аналық бас және 505 бұқа-өндірушілер сатып алынды.

Ақмола облысының сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында  ағымдағы жылы әрбір ауданда сүтті ІҚМ бастарын сатып алумен 50-ден 200 басқа арналған отбасылық сүтті – тауарлық фермаларды құру  жоспарланып отыр. Сонымен СТФ қаржыландыру жеке-мемлекеттік серіктестік базасында жүзеге асырылады. Осы кезде облыс бойынша 23 отбасылық сүтті – тауарлық ферма жұмыс істейді.

Жалпы мал шаруашылығы өнімі өндірісін және ет пен сүттің экспорт әлеуетін біртіндеп ұлғайту бойыншашаралар қолданылып жатыр.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен бөлек өндірушілер мен цехтарды қоса алғанда 454 кәсіпорын айналысады, соның ішінде 20 ірі кәсіпорын. Облыста етті қайта өңдеу бойынша 72 кәсіпорын мен цех, сүт өнімдерін өндіру бойынша 25 кәсіпорын мен цех, 77 ұн тарту кәсіпорын мен цех жұмыс істейді. Нан тоқаштарды пісірумен 252 кәсіпорын жүзеге асырады, басқа да өнімді өндірумен 28 кәсіпорын айналысады.

Қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар өндірісі құрылымында негізгі үлесті ұн өндірісі – 31,8% құрайды, сүт өнімдерінің өндірісі 30%, ет және ет өнімдері өндірісімен – 10,2%, нан тоқаштары өндірісі-9,2%.

2013 жылдың 9 айына ет пен ет өнімдері бойынша қайта өңдеу кәсіпорындарымен 3,4 мың тонна ет өндірілді (2012 жылға 133%), 1,1 мың тонна шұжық өнімдері (2012 жылға 127%), өңделген    сүттің  өндірісі мен жүзеге асырылуы 49,4 мың тоннаны құрады (2012 жылға 106%), сары май 304 тонна (2012 жылға 111%), сыр мен ірімшік  275 тонна (2012 жылға 115%), басқа да сүт өнімдері 2385 тонна (140%), ұн өндірісі 204,1 мың тоннаны құрады немесе өткен жылдың сәйкес деңгейіне 78%, өсімдік майы өндірісімен 2174 тонна өндірілді (2012 жылға 194%), соның ішінде соя майы ("Agrimer-Astyk ЖШС)  1301 тонна (2012 жылға 2,8 есе ұлғайды), өсімдік майы 873  тонна  («Енбек-1» ЖШС 218 тонна 2,8 есе ұлғайды, «Сочинский» ЖШС  225 тонна (189%),  «Максимовское»37 тонна (16%), «КазГерКус» ЖШС 393 тонна 165%).

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 15:58
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 15:58

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz