A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
2013 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2013 жылдың жарты жылдығына 31,5 млрд. теңге құрады. Нақты көлемнің индексі –106,9%.

Өсімдік шаруашылығы.

Облыстың агроөндірістік кешенімен ағымдағы жылдың көктемгі-дала жұмыстары аяқталды, дәнді және бұршақ дәнді дақылдардың  жаздық себу алқабы 4248,3 мың ганы құрады.

Егіс жұмыстарын жүргізу үшін облыстың агроөндірістік кешені дәнді және бұршақ дәнді дақылдар тұқымдарымен(526,5 мың тонна), жанар-жағар май материалдарымен (79,6 мың тонна немесе қажеттілікке 101,1 % ),  өсімдіктерді қорғау мен минералды тыңайтқыштармен (13,0 мың тоннадан аса минералды тыңайтқыш енгізілді) толық көлемде қамтамасыз етілді .

Осы заманғы ылғалресурсжинақтаушы технологияларымен егісі ағымдағы жылы 3,2 млн.гада жүргізілді,  ол жаздық дәнді дақылдар көлемінен   75 % құрады, өткен жыл көрсеткіштер деңгейінен 100 мың гаға артық. (бұл алқаптағы егістік осы заманғы 862 дана көлемінде егіс кешендерімен жүзеге асырылды.)

Әртараптандыру   шеңберінде майлы дақылдарды егіс алқабы шамамен  251,3 мың га  жерде орналастырылды, немесе өткен жылдың деңгейіне 132,5 % .

Картоп 18,6 мың га алқабында отырғызылды (өткен жылдың деңгейіне            101%), көкөністер - 4,5 мың. га (104 %), оның ішінде ауыл шаруашылық құрылымдарда картоп 3413 га (өткен жылдың деңгейінен 7 гаға артық)және көкөніс - 1006,5  га (өткен жылдың деңгейінен 93,1 гаға артық)егілді.

«2011-2015  жылдарға арналған Ақмола облысында етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы» аясында азықтарды өндіру саласын дамыту мәселесіне аса назар аударылып отыр.

Солайша азық дақылдарының егіс алқабы 207,5 мың гадан аса жерде орналастырылды, ол өткен жылдың деңгейінен 68,4 мың гаға артық . Сонымен жоғарға ақуыз бұршақ шөптерінің, жүгері мен біржылдық шөптердің (люцерн, эспарцет, түйе бұршақ, судан шөбі мен т.б.) егіс үлесі ұлғайтылды.   

Мал шаруашылығы.

Статистикалық мәліметтер бойынша 2013 жылдың 1 шілдесіне облыстың барлық шаруашылық санаттарында ІҚМ басының жалпы саны 392 535 басты құрады, өткен жылдың деңгейінен 107,6% құрайды. Соның ішінде сиыр саны 166 862 бас, өткен жылдың көрсеткішінен 111,7%  құрайды.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындардағы ІҚМ басының саны 82,9 мың басты құрады, ол өткен жылдың осы кезеңіне 119,8 % өсімімен). ІҚМ басының аса ұлғаюы Ерейментау, Есіл, Қорғалжын аудандарының  ауыл шаруашылық кәсіпорындарында байқалады.

2013 жылың бірінші жарты жылдығында асыл тұқымды шетел селекциялы жас малдар әкелінген жоқ. Жалпы ІҚМ ет экспорты әлеуетін дамыту жобасының жүзеге асырылуынан облыска 11171 бас әкелінді.

Облыс байынша шошқа саны 162 413 басты құрады, ло 2012 жылдың осы кезеңіне 95,3% құрады. Қорғалжын, Сандықтау, Ерейментау аудандарынның үй шаруашылығы санатында шошқа саны азайды.

Облыста қой және ешкі бастары өткен жылдың осы кезең деңгейімен салыстырғанда өсті және 531531 басты құрады, ол өткен жылға 107,5 % құрады. қой және ешкі бастарының саны облыстың ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өсті, 46055 басты (102,7 %) құрады.

Жылқы бастарының саны 139197 басты құрады немесе 106,4 % өсімімен. ауыл шаруашылық кәсіпорындарындағы жылқы басының өсімі 107, 4 % құрады  және 25 608 басты құрады.

Облыс байынша құс саны 3486,9 мың  басты құрады, ло өткен жылдың осы кезеңіне 102,3% құрады, сонымен қатар  ауыл шаруашылық кәсіпорындарында 2253,3 мың бас, 104,5 % өсіммен.

Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығына облыста тірі салмақтағы еттің өндірісі 40429,8  тоннаны құрады, бұл өткен жылдың деңгейіне 109,7%–ды құрады. 162 872,1 тонна сүт  сауылды немесе 105,1%.  253,8 млн. дана жұмыртқа өндірілді немесе өткен жылдың деңгейіне 104,7%.

Астана қ.  маңындағы азық-түлік белдігі н құру туралы

Астанаға өнімдерді жеткізумен облыстың 128 кәсіпорнымен жүзеге асырылады, соның ішінде мал шаруашылығы бағыттағы -77, құс шаруашылығы-4, картоп пен көкөніс 13, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 34 кәсіпорын айналысады.

2013 жылдың 6 айына Ақмола облысы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен Астана қ сауда кәсіпорындары мен базарларына келесі өнімдер жеткізілді:

Сүт пен сүт өнімдері-20 мың тонна, 2012 жылдың осы кезеңіне өсімі 0,6 мың тонна;

Ет  пен ет өнімдері-6,5мың тонна, 2012 жылдың осы кезеңіне өсімі 0,4 мың тонна;

Жұмыртқа – 67,5 млн. дана, 2012 жылдың осы кезеңіне өсімі 1,2 млн дана;

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 15:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 15:59

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz