A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк қызметi «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi.

Бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсiптiк кешенiнiң субъектiлерiне гербицидтердiң экономикалық қолжетiмдiлiгiн арттыру. Мақсатты тағайындамасы  — өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру болып табылады.

Заңнамаға сәйкес, ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртiншi) тоқсанында гербицидтердi сатып алу шығындарын өтеу үшiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерге субсидиялар төленедi.

Өтiнiмдердi қабылдау (өтпелi өтiнiмдер) және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерiн беру «электрондық үкiметтiң» www.qoldau.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызметтi i көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған).

Ауылшаруашылық өндiрушiсi порталға көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 3 және 4 қосымшаларына сәйкес субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi (өтпелi өтiнiмдi) ұсынады. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi — ЖСН) немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi — БСН), сонымен қатар парольдi (порталда тiркелмеген қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) пайдалану арқылы порталда тiркеудi жүзеге асырады.

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ өтiнiм немесе өтпелi өтiнiм тiркелген кезден бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, тиiстi хабарламаға қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама ауылшаруашылық өндiрушiсiнiң Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Бюджеттiк қаржыландыру және мемлекеттiк сатып алулар бөлiмi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

Мақаланың шыққан күні: 04.10.2019 09:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2019 09:25

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz