A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

«Тыңайтқыштар (органикалық қоспағанда) құнын субсидиялау» мемлекеттiк қызметi «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi.

Бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсiптiк кешенiнiң субъектiлерiне минералды тыңайтқыштардың экономикалық қолжетiмдiлiгiн арттыру. Мақсатты тағайындамасы  — дақылдардың өнiмдiлiгiн арттыру және топырақ құнарлылығын сақтау мақсатында минералды тыңайтқыштардың өткiзу құнын арзандату болып табылады.

Заңнамаға сәйкес, ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерiне ағымдағы жылы және өткен жылдың 4 (төртiншi) тоқсанында тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың шығындарын өтеу үшiн субсидиялар төленедi.

Өтiнiмдердi қабылдау (өтпелi өтiнiмдер) және мемлекеттiк қызметтер көрсету нәтижелерiн беру «электрондық үкiметтiң» www.qoldau.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызметтi i көрсету нысаны: электронды (толық автоматтандырылған).

Ауылшаруашылық өндiрушiсi порталға көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 3 және 4 қосымшаларына сәйкес субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi (өтпелi өтiнiмдi) ұсынады. Жеке сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi — ЖСН) немесе бизнес сәйкестендiру нөмiрiн (бұдан әрi — БСН), сонымен қатар парольдi (порталда тiркелмеген қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады) пайдалану арқылы порталда тiркеудi жүзеге асырады.

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ өтiнiм немесе өтпелi өтiнiм тiркелген кезден бастап электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, тиiстi хабарламаға қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама ауылшаруашылық өндiрушiсiнiң Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Бюджеттiк қаржыландыру және мемлекеттiк сатып алулар бөлiмi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидияларды төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары (DOCX 94 Kb)

Пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері (DOCX 22 Kb)

Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы (DOCX 92 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 04.10.2019 09:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2020 17:51

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz