A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
2013 жылдың қаңтар-желтоқсанына Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2014 жылдың І тоқсанына міндеттер

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 246,2  млрд. теңгеніқұрады, ФКИ 2012 жыл деңгейінің -  135,7%. Өсім дәнділер, картоп, көкөністер өнімі, мал шаруашылығы өнімі өндірісінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.

5,1 млн. тонна дәнділер мен бұршақ дәнділер жинап алынды, орташа 12,2 ц/га өнімділік кезінде.

Мал шаруашылығында мал басы санының және өнім өндірудің оң динамикасы сақталды. ІҚМ бас санының өсуі 355,5 мың басқа дейін артып, 106,2%-ды құрады, с.і. сиырлар - 111,1% (171,5 мың бас), жылқы  - 102,3% (122,5 мың бас), қой мен ешкі - 103,2% (448,0 мың бас), құс - 104,2% (3,3 млн. бас). Мал қыстату кезеңінде мал басы санын сақтау үшін пішеннің екіжылдық қажеттілігі дайындалды - 1,5 млн. тонна.

Тірі салмақта ет өндіру 4,7%-ға өсіп, 79,4 мың тоннаны құрады, сүт -7,7%-ға (328,3 мың тонна), жұмыртқа - 5,7%-ға (520,0 млн. дана).

Астананың базарына 62,2 мың тонна сүт өнімі жеткізілді (2012 жыл деңгейінің 100,1%), 16,6 мың тонна ет өнімдері (100,8%), 176,6 млн. дана жұмыртқа (111%).

2013 жылы 9,6 млрд. теңге сомаға 10 жоба жүзеге асырылды, олардан 2,1 млрд. теңгеге 3 жоба Индустрияландыру картасына енгізілді:

 2-мал шаруашылығы бойынша: Қорғалжын ауданының «Agro-export LTD» ЖШС - 2500 бас ІҚМ бордақылау алаңы, Астрахан ауданының «СХП Колутон-04» ЖШС - 1000 бас аналықтар бас санына шаруашылық-репродуктор;

1-сүт өндіру бойынша: Целиноград ауданының «Астана-Өнім» АҚ - 800 басқа ТСФ құрылысы;

1-құс шаруашылығы бойынша: Астрахан ауданының АПП «Астраханская птица» ЖШС - жылына   2 мың тонна құс етіне құс фабрикасы;

3-астықты қайта өңдеу бойынша: Есіл ауданының "Алтын Дэн" ЖШС - диірмен кешені, қуаттылығы тәулігіне  60 тонна ұн;  Бұланды ауданының «Бұланды-Астык» ЖШС - жылына 24,7 мың тонна ұн өндіруге диірмен кешені және сыйымдылығы 30 мың тонналық астық қоймасы; Бұланды ауданының "Фирма Нанар" ЖШС - қуаттылығы жылына 1440 тонналық жармалар өндіру жөніндегі цех. 

3-астық қоймасы: Атбасар ауданының "Байзақов" ЖК - 7,5 мың тоннаға элеватор кешені;  Атбасар ауданының "Granok KZ" ЖШС  сыйымдылығы 10 мың  тонна; Астрахан ауданының "Оксановка 1" ЖШС сыйымдылығы 6 мың  тонна.

2014-2015 жылдары 13 млрд. теңгеге 22 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

2014 жылдың І тоқсанына міндеттер:

-  бюджет қаражаттарын мақсатты пайдалану және игеру;

- 2014 жылға ҚР Ауыл шаруашылығы мен Ақмола облысының арасында жасалған ауылшаруашылық дақылдары егістік алқаптарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумда қарастырылған егістік алқаптарының құрылымын орындауды қамтамасыз ету;

-  ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін қажет жанар-жағармай материалдарын және басқа тауарлық-материалдық құндылықтарды жинақтауды қамтамасыз ету;

-   материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ветеринарлық-профилактикалық іс-шаралар бойынша іс-шараларды орындау.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 15:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 15:55

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz