A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

ЖОБА

Басым ауыл шаруашылығы

дақылдардың тізбесін және

субсидиялар нормаларын

белгілеу туралы

 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі                    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Белгіленсін:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі;

осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға).

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ. Әкімовке жүктелсін.

3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ақмола облысының әкімі                                                                  С. Кулагин

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі                       

________________ А. Мамытбеков

2014 жылғы ____ ___________                                                   

Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы ___ ________

№ _______ қаулысына

1-қосымша

  

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі

 

р/с №

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

1

дәнділер (жаздық бидай)

2

дәнділер (арпа)

3

дәнділер (сұлы, қарақұмық, астыққа тары)

4

бұршақ дәнділер (нут, бұршақ, жасымық)

5

майлы дақылдар

6

ашық топырақтағы картоп

7

өндірістік үлгідегі тамшылатып суармалау жүйесін қолданумен картоп және баубақша дақылдары

8

ашық топырақтағы баубақша дақылдары

9

азықтықтар (біржылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері және жайылымдық жерлерді шалғындандыру және (немесе) шабындық жерлерді және (немесе) жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсаттары үшін себілген көпжылдық шөптер)

10

сүрлемге жүгері

11

өндірістік типтегі жылыжайларда қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары

Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы ___ ________

№ _______ қаулысына

2-қосымша

 

Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)

 

р/с №

Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы

Субсидиялар нормалары                         (1 гектарға) теңге

1

дәнділер (жаздық бидай)

300

2

дәнділер (сұлы, қарақұмық, астыққа тары)

650

3

бұршақ дәнділер (нут, бұршақ, жасымық)

650

4

майлы дақылдар

7000

5

азықтықтар (біржылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері және жайылымдық жерлерді шалғындандыру және (немесе) шабындық жерлерді және (немесе) жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсаттары үшін себілген көпжылдық шөптер)

6000

6

сүрлемге жүгері

6500

7

ашық топырақтағы картоп

30000

8

өндірістік үлгідегі тамшылатып суармалау жүйесін қолданумен картоп және баубақша дақылдары

75000

9

ашық топырақтағы баубақша дақылдары

30000

10

қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары

3736620,7

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 09:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 09:34

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz