A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2018 жылғы қызметі туралы есептеме

1.Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) агроөнеркәсiптiк кешеннiң даму саласында, астық нарығы саласында, тұқым шаруашылығы саласында, өсiмдiктi қорғау саласында, өсiмдiк карантинi саласында, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады.

Заңды тұлғалардың орналасқан жерi: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89-үй

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламентiн Басқарма әзiрлейтiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер түрлерiнiң жалпы саны — 26;

Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiнiң саны– 22.

Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге төмендегi қызметтер кiредi:

• «Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау»;

•"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау";

•Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау»;

•"Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау";

•"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау";

•"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау";

•"Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру қызметтерiнiң құнын субсидиялау";

•«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау»;

•"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау";

•«Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау»;

•«Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу»;

•«Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн қаржылық сауықтыру жөнiндегi бағыт шеңберiнде кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлеменi субсидиялау»;

•«Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi инвестициялық салынымдар кезiнде жұмсаған шығыстардың бiр бөлiгiнiң орнын толтыру бойынша субсидиялау»;

•«Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау»;

•«Ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау»;

•«Қайта өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете қайта өңдеп өнiм өндiру үшiн оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау»;

•«Акваөсiру (балық өсiру шаруашылығы) өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау»;

•«Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау»;

•«Микрокредиттерге кепiлдiк бойынша комиссия»;

•«Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»;

•«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру»;

•«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»;

Басқармамен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер түрлерiнiң саны– 13, соның iшiнде 6 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша өтiнiмдердi беру және нәтижелердi алу мүмкiндiгi тек қана Мемлекеттiк корпорация арқылы қарастырылған (төменде келтiрiлген диаграмманы қараңыз).

Жүктеу (DOCX 53 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 04.03.2019 10:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.03.2019 10:32

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz