A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2019 жылғы қызметі туралы есептеме

1.Жалпы ережелер

1) Көрсетiлетiн қызметтi берушi туралы мәлiметтер

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) агроөнеркәсiптiк кешеннiң даму саласында, астық нарығы саласында, тұқым шаруашылығы саласында, өсiмдiктi қорғау саласында, өсiмдiк карантинi саласында, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады.

Заңды тұлғалардың орналасқан жерi: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 89-үй

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламентiн Басқарма әзiрлейтiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер түрлерiнiң жалпы саны — 26;

Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiнiң саны– 22.

Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге төмендегi қызметтер кiредi:

• «Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау»;

•"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау";

•Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау»;

•"Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау";

•"Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау";

•"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау";

•"Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру қызметтерiнiң құнын субсидиялау";

•«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау»;

•"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау";

•«Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау»;

•«Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу»;

•«Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн қаржылық сауықтыру жөнiндегi бағыт шеңберiнде кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлеменi субсидиялау»;

•«Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi инвестициялық салынымдар кезiнде жұмсаған шығыстардың бiр бөлiгiнiң орнын толтыру бойынша субсидиялау»;

•«Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау»;

•«Ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау»;

•«Қайта өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете қайта өңдеп өнiм өндiру үшiн оны сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау»;

•«Акваөсiру (балық өсiру шаруашылығы) өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау»;

•«Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау»;

•«Микрокредиттерге кепiлдiк бойынша комиссия»;

•«Бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау»;

•«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру»;

•«Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру»;

Басқармамен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер түрлерiнiң саны– 3, соның iшiнде 1 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша өтiнiмдердi беру және нәтижелердi алу мүмкiндiгi тек қана Мемлекеттiк корпорация арқылы қарастырылған (төменде келтiрiлген диаграмманы қараңыз).

Ұйымдармен және «электронды үкiмет» веб-порталымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiнiң саны

Тегiн көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер түрлерiнiң саны — 20, ақылы түрде қызметтiң 2 түрi көрсетiледi.

Тек қағаз түрiнде ғана көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiнiң саны -1, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң 2 түрiн электронды және қағаз түрiнде де алуға болады, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң 19 түрiн тек электронды түрiнде де алуға болады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң бекiтiлген стандарттарының саны 26 қызметтiң 26-iн құрайды.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң бекiтiлген регламенттерiнiң саны — 26 қызметтiң 26-iн құрайды.

3) Аса жоғары талапқа ие болған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы ақпарат

Басқарма 2019 жылы 13945 мемлекеттiк қызметтердi көрсеттi (өткен жылмен салыстырғанда көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң көлемi 61,5%-ға артық).

Соның iшiнде есептiк кезеңде аса жоғары талапқа ие болған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер мыналар болып табылады:

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау» — 6085 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет немесе көрсетiлген қызметтердiң жалпы санының 43,6 %-ы;*

«өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» — 4446 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет немесе көрсетiлген қызметтердiң жалпы санының 31,8 %-ы;**

«Кредиттер бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдық және ауыл шаруашылығы техникасының лизингi бойынша сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау»  — 865 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет немесе көрсетiлген қызметтердiң жалпы санының 6,2 %-ы;***

«Инвестициялық салымдар кезiнде агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi шеккен шығыстардың бiр бөлiгiн өтеу бойынша субсидиялау» 2023 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет немесе көрсетiлген қызметтердiң жалпы санының 14,5 %-ы;****

Басқа мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер — 526 немесе көрсетiлген қызметтердiң жалпы санының 3,7 %-ы**** (төменде келтiрiлген диаграмманы қараңыз).

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушыларымен жұмыс iстеу

1) Мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпарат көзi мен осы ақпаратқа қол жеткiзу орындары жөнiнде мәлiметтер

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпаратты көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң –www.ush.akmol.kz ғаламтор ресурсының «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмiнен, www.egov.kz және www.elisense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы, www.Qoldau.kz веб-порталы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының 1414 немесе 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң ғимараттарында мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбi туралы ақпараты бар ақпараттық стендтер орналастырылған.

2) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау

Жария талқылауға арналған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарының жобалары көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң –www.ush.akmol.kz ғаламтор ресурстарының «Талқылауға арналған стандарттар жобалары және жобаларды жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгiзу» бөлiмiнде орналастырылған.

3) Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнiң айқындылығын қамтамасыз етуге бағытталған iс шаралар

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнiң айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында аудандық және қалалық ауыл шаруашылығы бөлiмдерiмен мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлген.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерлi алу мүмкiндiгi мен оларды көрсету тәртiбi туралы ақпараттандырылуын арттыру шеңберiнде бұқаралық ақпарат құралдарында (облыстық газеттерде) 4 мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша төрт мақала жарияланды.

Көрсетiлетiн қызметтi алушылар Басқармаға жүгiнген кезде, мамандар мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесстерi туралы кеңес беру — түсiндiру жұмыстарын құзыреттi түрде жүргiзiп тұрады.

3.Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн жетiлдiру бойынша iс -әрекеттер

1)Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi

Басқарма жүйелi түрде қызметтердi көрсету мерзiмдерi мен көрсетiлетiн қызметтi алушылардан талап етiлетiн құжаттар санын оңтайландыру, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi автоматтандыру және Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне жаңа көрсетiлетiн қызметтердi қосу туралы ұсыныстар енгiзу үшiн Басқарма функционалын талдау бойынша шаралар жүргiзiп келедi.

2018 жылдың соңында Мемлекеттiк қызметтер тiзiлiмiне өзгерiстер енгiзiлдi, 2019 жылы Басқармамен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер «www.Qoldau.kz» порталы арқылы көрсетiлген қоспағанда «Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi (баламасыз негiзде «Азаматтарға арналған үкiмет «Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы көрсетiледi) және «Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн қаржылық сауықтыру жөнiндегi бағыт шеңберiнде кредиттiк және лизингтiк мiндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлеменi субсидиялау» (көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлдi, бұл қаржы институттары мен қаржы агентiнiң арасында субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қол жеткiзу бойынша Қызметтер жеткiзушiсiмен келiсiмшарт жасаспағанына байланысты, қаржы институттары мен қаржы агентi қағаз жүзiндегi субсидиялау келiсiмшарттарды электрондық форматқа аудару және оларды субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеу жүзеге асырылмаған).

2) Мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң бiлiктiлiктерiн арттыруға бағытталған iс шаралар

Мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге жауапты мамандар тиiстi саласының Заңдарын, қағидаларын, әдiстемелiк ұсынымдарын және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiн зерделей отыра өз бiлiм деңгейiн арттырып жатыр.

Құқықтық жұмыстар және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бөлiмiнiң қызметкерлерi тұрақты түрде мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiндегi заңдылықты тәжiрибе барысында пайдалану мәселелерi бойынша кеңестер берiп отырады.

Басқарманың қызметкерлерi кестеге сәйкес Ақмола облысы бойынша филиалы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы мемлекеттiк басқару академиясы» МҚКК-нда мiндеттi түрде бiлiктiлiктерiн арттырып отырады.

2019 жылы 7 бас маманы Ақмола облысы бойынша филиалында «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы мемлекеттiк басқару академиясы» МҚКК-нда «Мемлекеттiк қызметтердiң сапасын арттыру» тақырыбы бойынша бiлiктiлiктi жетiлдiру курстарынан өттi.

2)Мемлекеттiк қызметтi көрсету процестерiн нормативтiк-құқықтық жетiлдiру

Қоғамдық қатынастарды реттеу, мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласындағы негiзге алынатын қағидалар мен нормаларды орнату мақсатында 2013 жылдың 15 сәуiрiнде «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заң қабылданды. Мемлекеттiң, азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн сақтау мақсатында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң жаңа стандарттары мен регламенттерi қабылданып жатыр.

Құқықтық жұмыстар және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер бөлiмiнiң қызметкерлерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерiнiң жобаларын әзiрлеуге және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттерiне уақытында өзгерiстер енгiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң регламенттерiнiң жобаларын қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгiн тексередi.

4.Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардан түскен шағымдар туралы ақпарат

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету нәтижелерi бойынша шағымдар басқармада жоқ

2) Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына iшкi бақылау жұмыстарын жүргiзудiң нәтижелерi

Басқарма тұрақты түрде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң ұсынылу сапасына iшкi бақылауды жүзеге асырып жатыр, осының нәтижесiнде Ақмола облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуды талдау бөлiмiне ай сайын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң ұсынылу сапасына iшкi бақыау жұмыстары туралы есептi жолдайды.

Бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) Мемлекеттiк қызметтердiң көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органдармен жүргiзiлген мемлекеттiк қызметтердiң көрсету сапасын бақылаудың нәтижесi

Субъектiге барумен профилактикалық бақылау және қадағалау жүргiзiлдi, профилактикалық бақылау және қадағалау кезеңiнде субъектiсiне (объектiсiне) бару арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметтер бойынша Басқарма қызметiнде Қазақстан Республикасының заңнама саласындағы бұзушылықтар болған жоқ деген қорытынды жасалды.

4) Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелерi

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi бойынша есептi кезенiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасының қоғамдық мониторингi Қайырымдылық қор «Зор Рух» жеке қорымен өткiзiлдi.

Зерттеу шеңберiнде Қазақстанның барлық өңiрлерiнде 65 мемлекеттiк қызмет бойынша 14 219 қызмет алушыға сауалнама жүргiзiлдi.

Жүргiзiлген далалық жұмыстардың негiзiнде 5 баллдық шкала бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау есебi жасалды, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейi анықталды, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру, əкiмшiлiк жəне басқа да кедергiлердi жою, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн оңтайландыру жəне автоматтандыру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.

Мемлекеттiк қызметтер мен мемлекеттiк органдардың рейтингтерi мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалаудың 5 баллдық жүйесiнiң есептелген орташа балл нəтижелерi бойынша қалыптастырылады. Əр түрлi параметрлер бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушылардың оң бағаларының саны неғұрлым көп болған сайын, осы қызмет рейтингте соғұрлым жоғары.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейi қызмет алушылардың 8 критерийлерi бойынша 5 балл қойған пайызынан шығарылады, яғни көрсетiлетiн қызметтiң сапасына «Толық қанағаттанған» көрсетiлетiн қызмет алушылардан. Қанағаттанушылық деңгейiн есептеу жəне орташа баллды шығару кезiнде тек жаппай сауалнаманың бағасы пайдаланылады.

Мемлекеттiк қызметтер мен мемлекеттiк органдардың рейтингтерi мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалаудың 5 баллдық жүйесiмен есептелген орташа балл нəтижелерi бойынша қалыптастырылады.

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының жəне көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiнiң қоғамдық мониторинг нәтижесi

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргiзу қорытындысы бойынша сандық жəне сапалық зерттеулерге iс жүзiнде 14500 респондент қатысты, атап айтқанда:

•14219 қызмет алушы жаппай сауалнамада алынған қызметтердiң сапасын бағалады;

•«Құпия сатып алушы» əдiсiмен зерттеуге 20 респондент қатысты»;

•250 адам фокус-топтық зерттеуге қатысты;

•52 адам терең сұхбатта.

Сауалнамалармен 38 ОМО, 2 Мемкорпорацияға жəне 25 ЖАО-ға жататын 65 Мемлекеттiк қызмет бойынша ҚР барлық 17 аймағы (14 облыс, республикалық маңызы бар 2 қала жəне Астана) қамтылды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейi: 82,1%, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бағалау (орташа балл): 4,92 балл.

Қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша қызмет алушылардың 82,1% Мемлекеттiк қызмет көрсету нəтижесiне толық қанағаттандырылды-5 балл. Сауалнамаға қатысқандардың 2,4%-ы қанағаттанбайды — 4 балл. Қызмет алушылардың 0,7% қанағаттанбаған-2 балл.

Мемлекеттiк қызметтердiң сапасын бағалаудың маңызды критерийлерiнiң бiрi қызмет берушiнiң қызметкерлерi болып табылады. Қызмет берушi қызметкерлерiнiң жұмысы келесi критерийлер бойынша бағаланды: бiлiктiлiк, ақпаратты иелену (5,0) шапшаңдық (5,0) жəне сыпайылық жəне қызмет алушылардың қажеттiлiктерiне назар аудару (5,0). Осылайша, қызмет берушi қызметкерлерiнiң жұмысы орташа есеппен 5,0 баллға бағаланды жəне қанағаттану деңгейi-100,0% құрайды.

Осы қызмет бойынша қолжетiмдiлiк пен ыңғайлылықты жоғары бағалады — 75,0% қанағаттану деңгейi (4,64 балл). Келесi түсiнiктеме алынды: «Автотұрақ үшiн аз орын, ыңғайсыз ораналсқан» (Қостанай обл., ХҚКО).

Қоғамдық мониторингтiң бағаларына сəйкес, ақпарат жəне коммуникация бөлiгiнде (5,0 балл), респонденттердiң 100,0%-ы толық қанағаттандырылды жəне «5» балл қойды.

Мемлекеттiк қызметтi алу рəсiмi бөлiгiнде қызмет алушылардың 100%-ы толықтай қанағаттанып, «5» баллға бағаланды. Бағалаудың орташа балы 5,0-ке тең.

Қызмет алушылардың 83,3%-ы толық қанағаттандырылды. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiне қанағаттанудың орташа балы-4,83 балды құрайды.

Қызмет алушылардың ең азы осы қызметтiң шығындары бөлiгiнде қанағаттандырылды  — 16,7%, орташа балл 5,0-ке тең. Осы критерий екi компоненттен тұрады: «Менен қызмет алуға қосымша шығындар (ксерокөшiрме, жол жүру жəне т.б.) шыққан жоқ» (5,0 балл, қанағаттану 16,7%) жəне «Менен қызмет алуға ешқандай қосымша, ресми емес шығындар (пара, байланыстар) шыққан жоқ» (5,0 балл, қанағаттану 16,7%).

Қызмет көрсету нəтижесiне келетiн болсақ (5,0 балл), тек 100% жағдай толық қанағаттанып, «5»  — ке бағаланды. Комментарийлер арасында мынадай наразылықтар байқалады: «Құзыреттi емес, автотұраққа арналған орындар аз» (Қостанай обл., ХҚКО); «Call-орталыққа хабарласа алмадым» (Қостанай обл. Жiтiқара қ., ХҚКО); «Өтiнiш жiбергенде бiр сайттан екiншi сайтка кiру, карапайым халыққа кiру қиындау», «Қосымшаны түсiнбедiм», Редакциялау, жердi салу, өте қиын процесс» (Түркiстан обл.).

«Жалғыз терезе» қағидаттарына сүйенетiн Мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бiрыңғай үрдiсi болған кезде, əрбiр жеке мемлекеттiк қызметтi ұсыну процесiнде жауапты уəкiлеттi орган тұлғасында қызмет берушi ғана емес, iске қосылуы мүмкiн.

Проблемалық мəселелер

Сандық жəне сапалық зерттеу нəтижесiнде келесi проблемаларға назар аудару қажет:

• Өңiрлерде қызмет көрсетушiлердiң сапалы техникалық жарақтандырылуы жеткiлiксiз, сол себептi электрондық портал мүмкiндiктерiн қызмет алушылар пайдалана алмайды.

• Қызмет көрсетуге қосымша кадрларды тарту қажеттiлiгi байқалады.

• Жеткiлiксiз өңделген сайт (qoldau.kz) қызмет алушылардың пайдалануында қиындықтар туғызады.

• Call-орталыққа қоңырау шалуда қиындықтар бар.

Қорытындылар мен ұсыныстар

Уəкiлеттi мемлекеттiк орган

Осылайша, жүргiзiлген мониторинг нəтижелерi мемлекеттiк қызметтi iске асыру деңгейi жоғары деп айтуға мүмкiндiк бередi.

1. Қызмет көрсететiн барлық бөлiмшелердiң техникалық жабдықталуын жақсарту.

2. Штат кестесiн өзгерту немесе қызметкерлер арасында мiндеттердi қайта бөлу мүмкiндiгiн қарастыру.

3. Осы мемлекеттiк қызметтi көрсететiн мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарының толтырылуын, толықтығын, жеткiлiктiлiгiн жəне жаңартылуын қамтамасыз ету.

4. Қызмет алушылардың тiлектерiн ескере отырып, интернет порталдың интерфейсiн жетiлдiру.

ББО-1414

5. Call-орталықтар операторларының дайындық деңгейiн, қоңырау шалудың қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.

5. Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң одан әрi тиiмдiлiгiнiң перспективалары және сапасына көрсетiлетiн қызметтердi алушылардың қанағаттануын арттыру.

Мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы заңға және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жұмыстарды орындау.

Мақаланың шыққан күні: 07.02.2020 12:30
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.02.2020 12:13

Комментарии


egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz