A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Бюджеттік қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімі Әкімшілік бөлімі

1.     Жалпы  ережелер

1. Ақмола  облысы  ауыл  шаруашылығы басқармасының  бюджеттік қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар  бөлімі (бұдан әрі Бөлім)«Ақмола  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасы» ММ  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім  өзінің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдарын, актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын  Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте «Ақмола  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасы» ММ  бастығы бекітеді.

2. Бөлімінің  негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары  мен  борыштары

Бөлімінің  негізгі міндеттері, қызметтері келесілер болып табылады:

4.Міндеті: ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған демеуқаржыландырудың бағдарламалары бойынша бюджеттік  қаражатты игеру және мақсатты  пайдалануды  қамтамасыз  ету.

Қызметі:

1) ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған демеуқаржыландырудың бағдарламалары бойынша бюджеттік  қаражатты игеру және тиімді  пайдалануды  қамтамасыз  ету;;

2) есеп беруді жасау және ұсыну, бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы есеп берулер;

3) республикалық және жергілікті бюджеттен трансферттерді игерумен байланысты төлемге шотты жасау;

5.Міндеті: есепті қамтамасыз ету, бюджет қаражаттарын ұтымды пайдалану.

Қызметі:

1) қазынашылыққа  құжаттар  әзірлеу,  банктік  құжаттарды  өңдеу;

2) жалақыны,  ауру  туралы қағаздарын,  демалыстарды  есептеу,  ақша  қаражаттарының,  зейнетақы  аударымдарының  есебі;

3) салық  инспекциясына,  облыстық  статистика  басқармасына,  қаржы  басқармасына,  экономика  және  бюджеттік  жоспарлау  басқармасына  есеп беруді  құрастыру;

есептемелерді,  баланстарды,  дебиторлық  пен  кредиторлық  берешектіктерді  өндеу;

  1.  Міндет: бухгалтерлік  есептің  қазіргі  заманғы  түрлері мен әдістерін  енгізу.

Қызметі:

1)    Есептеу әдісі бойынша МСФООС сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру;

2)    1 С Бухгалтерия бағдарламасы 7,7 версиясы;

3)    ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің «Қазынашылық-клиент» жүйесіндегі жұмыс;

7.   Міндет: негізгі  қаражаттардың  бары  мен  қозғалысын  есепке  алуды  қамтамасыз  ету.

Қызметі:

1)    Қаржы жылы аяқталғаннан кейін негізгі және тауарлық материалдық құндылықтардың түгендеуін жүргізу;

2)    Негізгі қаражаттың түсуі және жылжуының есебі бойынша жұмыс жүргізу;

3)    Басқарманың балансындағы мүлік бойынша тоқсан сайынғы есеп беруді ұсыну.

8. Міндет: Мемлекеттік сатып алулар бойынша жұмыс жүргізу

   Қызметі:

1) Мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;

2) Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар туралы веб-порталда ақпарат орналастыру, тауарлар, жұмыстар және қызметтер жеткізуге азаматтық-құқықтық шарттар жасау;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді іске асыру;

9. Міндет: басқарманың шаруашылық іс-әрекетін қамтамасыз ету;

Қызметі:

1) мемлекеттік органдарды материалды-техникалық жабдықтау;

2) қызметтік  автокөліктің  пайдаланылуын  бақылау,  оларды  қосалқы  бөлшектермен  қамтамасыз ету,  ЖЖМ  шығынын  бақылау;

3) материалдық  құндылықтардың  бары  мен  қозғалысына  есеп  жүргізу;

10. Бөлімінің   құқықтары  мен  міндеттері

Міндеттерді жүзеге асыру және өзінің қыметтерін іске асыру үшін Бөлімнің құқығы бар:

бюджет қаражаттарын ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар енгізуге;

өз құзіреттілігі шектеуінде басқарма бастығына қол қоюға ұсынылатын құжаттарға бұрыштама қоюға;

орнатылған тәртіпте оған жүктелген қызметтерді орындау үшін қажет ақпарат пен материалдарды алуға;

Бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

Міндеттерді жүзеге асыру және өзінің қызметтерін іске асыру кезінде Бөлім жауапты және қамтамасыз етуге міндетті:

басқармада бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, деректердің шындығына, шығындарды дұрыс бейнелеуге;

басқарма басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын тиісті орындауға;

Бөлімге жүктелген қызметтерді уақытында және сапалы орындауға;

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтауға;

Бөлімдегі мемлекеттік мүліктің сақталуына.

3. Бөлімінің  іс-әрекетін ұйымдастыру

11. Бөлімнің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін уәкілеттігі бар.

12. Бөлімді басқарма бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Бөлімнің бастығы басқарады.

13. Бөлім бастығы Бөлімнің іс-әрекетіне жалпы басшылықты іске асырады және Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз қызметтерін іске асыруына жеке жауапты.

14. Бөлім бастығы Бөлім қызметшілерінің міндеттерін анықтайды және лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

15. Бөлім бастығы басқарманың кадрлар қызметіне жиынтық ақпарат ұсынумен Бөлім қызметшілері іс-әрекетінің әсерлілігін ай сайынғы бағалауды жүргізеді.

16.Бөлім бастығы болмаған кезеңде Бөлімнің іс-әрекетіне жалпы басшылық басқарма бойынша оны ауыстыратын тұлғаға жүктеледі.

17. Бөлім қызметшілері басқарма бастығына қол қоюға дайындаған құжаттарға Бөлім бастығы немесе оны ауыстыратын тұлға бұрыштама қояды. Бөлім атынан құзіреттіліктерін кіретін мәселелер бойынша басқа Бөлімдерге жолданатын құжаттарға  Бөлім бастығы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қояды.  

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 17:44
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.10.2019 09:50

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz