A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Экономикалық талдау және болжау бөлімі

 1.     Жалпы  ережелер

1. Ақмола  облысы  ауыл  шаруашылығы басқармасының  экономикалық талдау және болжау  бөлімі (бұдан әрі Бөлім) «Ақмола  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасы» ММ  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім  өзінің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдарын, актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын  Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте «Ақмола  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасы» ММ  бастығы бекітеді.

2. Бөлімінің  негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары  мен  борыштары

Бөлімінің  негізгі міндеттері, қызметтері келесілер болып табылады:

4.Міндеті: агроөнеркәсіп секторының экономикалық-шаруашылық іс-әрекетін талдау.

Қызметі:

1) агроөнеркәсіп  кешенін дамыту мәселелері бойынша агроөнеркәсіп  кешенінің жай-күйі мен  дамуы туралы  облыстық әкімдік пен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тоқсан сайын аналитикалық  ақпарат  ұсыну;

2) АӨК саласында гендерлік саясатты жүзеге асыру мониторингі;

3) ауылшаруашылық тауар өндірушілердің еңбекақы бойынша берешектіктерін өтеудің апта сайынғы мониторингі;

4) облыстың ауылшаруашылық құрылымдарында құрылған және қалпына келтірілген жұмыс орындарының апта сайынғы мониторингі;

5) ауыл шаруашылығы көрсеткіштері бойынша мемлекеттік мекемелер мен аудан әкімдерін рейтингтік бағалаудың қорытындыларын талдау.

5.Міндеті: агроөнеркәсіп  кешенін  дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеу және оларды жүзеге асырудың мониторингін жүргізу.

Қызметі:

1) 1-жарты жылдық қорытындысы және есеп беру жылының қорытындысы бойынша «2010-2015ж.ж. арналған Ақмола облысының аумақтарын дамыту бағдарламаларын» қаржылық қамтамасыз етудің мониторингі, талдауы;

2) аудандар мен қалалар кесіндісінде ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың Кешенді жоспарларының тоқсан сайынғы мониторингі;

3) ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған, бюджеттік бағдарламалар бойынша Келісімдерді әзірлеуде көмек көрсету және бекіту;

4) қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және осы саладағы басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6. Міндет: облыс ауыл шаруашылығы саласын дамытудың Стратегиялық жоспарын әзірлеу.

Қызметі:

1)    1-жарты жылдық және есеп беру жылының қорытындысы бойынша Стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуді, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды талдау, сондай-ақ үшжылдық кезеңге бюджеттік бағдарламаларды жылсайынғы тоқсан бойынша дәлдеу;

2)    алдағы бес жылдық кезеңге ауыл шаруашылығын дамытудың даму үрдісін талдау және болжамды параметрлерін құру;

3)    агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік агроазық-түліктік саясаттың негізгі бағыттары мен механизмдерін түсіндіру бойынша жұмысты үйлестіру;

7.Міндет: АӨК субъектілерін несиелендуру және шағыннесиелендіру бойынша жұмыста көмек көрсету.

Қызметі:

1)    агроөнеркәсік кешені субъектілерін несиелендуру және шағыннесиелендіру бойынша мониторинг жүргізу;

2)    ауылшаруашылық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғауға, ауыл шаруашылығының барлық салаларының іс-әрекеті үшін оңтайлы жағдай туғызуға бағытталған, қаржылық, несиелі саясатты іске асыруда көмек көрсету;

8.     Бөлімінің   құқықтары  мен  міндеттері

Міндеттерді жүзеге асыру және өзінің қыметтерін іске асыру үшін Бөлімнің құқығы бар:

олардың құзыретіне  енетін  мәселелер  бойынша  басқарманың  құрылымдық  бөлімшелерінен,  аудандық  ауыл шаруашылығы  бөлімдері  мен  басқа  құрылымдардан  ақпараттар  жинауды  жүргізу  және  оларды  талдауды  іске асыруға;

Бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

өз  құзыретінің  шектеуінде  басқа  ұйымдармен байланысты  іске  асыруға;

Міндеттерді жүзеге асыру және өзінің қызметтерін іске асыру кезінде Бөлім жауапты және қамтамасыз етуге міндетті:

Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтауға;

оған жүктелген қызметтерді, басқарма басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын уақытында және сапалы орындауға;

құжаттармен жұмыс істеудің орнатылған тәртібін қамтамасыз етуге;

Бөлімдегі мемлекеттік мүліктің сақталуына.

1.Бөлімінің  іс-әрекетін ұйымдастыру

9. Бөлімнің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін уәкілеттігі бар.

10.Бөлімді басқарма бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Бөлімнің бастығы басқарады.

11.Бөлім бастығы Бөлімнің іс-әрекетіне жалпы басшылықты іске асырады және Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз қызметтерін іске асыруына жеке жауапты.

12.Бөлім бастығы Бөлім қызметшілерінің міндеттерін анықтайды және лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

13.Бөлім бастығы басқарманың кадрлар қызметіне жиынтық ақпарат ұсынумен Бөлім қызметшілері іс-әрекетінің әсерлілігін ай сайынғы бағалауды жүргізеді.

14.Бөлім бастығы болмаған кезеңде Бөлімнің іс-әрекетіне жалпы басшылық басқарма бойынша оны ауыстыратын тұлғаға жүктеледі.

15.Бөлім қызметшілері басқарма бастығына қол қоюға дайындаған құжаттарға Бөлім бастығы немесе оны ауыстыратын тұлға бұрыштама қояды. Бөлім атынан құзіреттіліктерін кіретін мәселелер бойынша басқа Бөлімдерге жолданатын құжаттарға  Бөлім бастығы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қояды.  

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 17:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.10.2019 09:48

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz