A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Механизация және мемлекеттік техникалық инспекциясы бөлімі

Ақмола облысы ауыл  шаруашылығы басқармасының
2013 ж.______________   
№  _  бұйрығына  8- қосымша

«Ақмола  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасы»
ММ  Механизация және мемлекеттік  техникалық инспекциясы 
бөлімі туралы    ЕРЕЖЕ

1.     Жалпы  ережелер

1. Ақмола  облысы  ауыл  шаруашылығы басқармасының  механизация және мемлекеттік  техникалық инспекциясы  бөлімі (бұдан әрі Бөлім)«Ақмола  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасы» ММ  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім  өзінің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдарын, актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын  Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте «Ақмола  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасы» ММ  басшысы бекітеді.

4. Бөлімнің өзінің атауымен мөрі бар.

2.     Бөлімінің  негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары  мен  борыштары

Бөлімінің  негізгі міндеттері, қызметтері келесілер болып табылады:

5. Міндеті: тракторлар мен олардың базасында шығарылған өздігінен жүретін шассилардың және механизмдердің, оларға тіркемелердің, құрастырылған арнаулы қондырғылары бар тіркемелерді қоса, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, өткіштігі жоғары арнаулы машиналардың техникалық жай-күйіне бақылауды іске асыру

Қызметі:

1) мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері мен тіркеу құжаттарын бере отырып,тракторлар мен олардың базасында шығарылған өздігінен жүретін шассилардың және механизмдердің, оларға тіркемелердің, құрастырылған арнаулы қондырғылары бар тіркемелерді қоса, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, өткіштігі жоғары арнаулы машиналардың мемлекеттік тіркеуі мен қайта тіркеуін, сондай-ақ олардың кепілдіктерін тіркеуді жүргізуді қамтамасыз ету;

2) заңнамада белгіленген тәртіпте тракторлар мен олардың базасында шығарылған өздігінен жүретін шассилардың және механизмдердің, оларға тіркемелердің, құрастырылған арнаулы қондырғылары бар тіркемелерді қоса, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, өткіштігі жоғары арнаулы машиналардың меншік иелерінен (иелерінен) мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген алымдарды алуды қамтамасыз ету;

3) машиналардың мемлекеттік тіркеуінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама береді;

4) оларға тиісті құжат берумен ауылшаруашылық және жол-құрылыс техникасын басқару құқығына емтихан қабылдау бойынша жұмыс жүргізу;

6.Міндеті: машиналардың жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауын өткізу.

Қызметі:

1) машиналардың тиесілігін, типінің, моделінің, шығарылған жылының, машиналардың, шассилердің, қозғағыштардың, қаңқасының зауыттық нөмірінің және нөмір белгісінің машинаға тіркеу құжатында жазылған деректерге сәйкестігін анықтау;

2) машиналардың техникалық жай-күйінің адамдардың өмірі, денсаулығы мен мүлігіне, қоршаған ортаны қорғауға Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік стандарттарда, сертификаттарда, шығарушы-зауыттардың нұсқаулығында белгіленген талаптарға, сондай-ақ Жол қозғалысы ережесі талаптарына сәйкестігін бағалау;

  1.  Міндет: ауылшаруашылық тауар өндірушілерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуге, МТС мен сервистік орталықтар құруға көмектесу.

Қызметі:

1)    ауылшаруашылық техникасының, қосалқы бөлшектердің, жанар-жағар май материалдарының бар екендігіне, қажеттілігіне мониторинг жүргізу және оларды сатып алуда көмек көрсету;

2)    ауылшаруашылық өндірісінің техникалық қамтамасыз етілуін жоғарылату құралы ретінде лизингтік қатынастарды дамытуға көмектесу, ауылшаруашылық машинажасау, лизинг, материалдық-техникалық жабдықтауды (сервис орталықтары) дамыту және ауылшаруашылық техникасының көрмесін өткізу бойынша ақыл-кеңестік көмек көрсету;

3)    машина-технологиялық станциялардың, сервис орталықтарының желісін кеңейту, оларды осы заманғы өнімділігі жоғары техникамен және технологиялық кешендермен жабдықтау саясатын жүргізу;

4)    ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттілігін уақытында қамтамасыз ету бойынша қажет шаралар қолдану;

7. Міндеттерді жүзеге асыру және өзінің қыметтерін іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіпте Бөлімнің құқығы бар:

1) меншік иелерінің немесе машиналар иелерінің тіркеу іс-әрекетін іске асру алдындағы міндеттемелерін орындауы үшін Машиналарды мемлекеттік тіркеу ережесінде және Машиналардың жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауын жүргізу ережесінде белгіленген мерзімдерді сақтауына бақылауды іске асыру;

2) өз құзіреттілігі шегінде машиналардың жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауын жүргізуді жақсарту бойынша іс-шаралар мен ұсыныстар әзірлеу;

3) Машиналардың жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауын жүргізу ережесінде бекітілген машиналардың мемлекеттік техникалық байқауына талаптарды регламенттейтін, Нормативтік-техникалық құжаттар тізбесінің талаптарына сай келмейтін, немесе жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына қатер төндіретін ақаулары бар машиналарды пайдалануға тыйым салу:

4) Бөлімнің құзіреттілігіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте материалдар сұрату және алу;

5) өз уәкілеттігі шегінде мәселелерді талқылауға және олар бойынша шешім қабылдауға қатысу, тиісті органдардың және лауазымды тұлғалардың оларды орындауын талап ету;

6) лауазымдық міндеттерін орындау үшін белгіленген тәртіпте меншік түріне тәуелсіз кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге бару;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған, өзге уәкілеттілікті орындау.

8. Міндеттерді жүзеге асыру және өзінің қызметтерін іске асыру кезінде Бөлім жауапты және қамтамасыз етуге міндетті:

1) мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері мен тіркеу құжаттарын бере отырып, машиналардың мемлекеттік тіркеуін жүргізуді қамтамасыз ету;

2) машиналардың жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқауын өткізу;

3) тіркеу кезінде машиналардың техникалық байқауының актілерін беру;

4) заңнамада қарастырылған жағдайларда машиналарды тіркеуден алуға шектеу енгізу;

5) басқарма басшылығының, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау кезінде мерзімді сақтау, азаматтардың өтініштерін уақытында және дұрыс қарау

6) құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібін және бөлімдегі мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.

3.     Бөлімінің  іс-әрекетін ұйымдастыру

11. Бөлімнің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін уәкілеттігі бар.

12. Бөлімді басқарма басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Бөлімнің басшысы басқарады.

13. Бөлім басшысы Бөлімнің іс-әрекетіне жалпы басшылықты іске асырады және Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз қызметтерін іске асыруына жеке жауапты.

14. Бөлім басшысы Бөлім қызметшілерінің міндеттерін анықтайды және лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

15. Бөлім басшысы басқарманың кадрлар қызметіне жиынтық ақпарат ұсынумен Бөлім қызметшілері іс-әрекетінің әсерлілігін ай сайынғы бағалауды жүргізеді.

16. Бөлім басшысы болмаған кезеңде Бөлімнің іс-әрекетіне жалпы басшылық басқарма бойынша оны ауыстыратын тұлғаға жүктеледі.

17. Бөлім қызметшілері басқарма басшысына қол қоюға дайындаған құжаттарға Бөлім басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға бұрыштама қояды. Бөлім атынан құзіреттіліктеріне кіретін мәселелер бойынша басқа Бөлімдерге жолданатын құжаттарға Бөлім басшысы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қояды. 

 

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 17:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.10.2019 10:02

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz