A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және маркетингі бөлімі

1.     Жалпы  ережелер

1. Ақмола  облысы  ауыл  шаруашылығы басқармасының  ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және маркетингі бөлімі (бұдан әрі Бөлім)«Ақмола  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасы» ММ  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім  өзінің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдарын, актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын  Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте «Ақмола  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасы» ММ  бастығы бекітеді.

2.     Бөлімінің  негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары  мен  борыштары

Бөлімінің  негізгі міндеттері мен қызметтері келесілер болып табылады:

4.Міндеті: ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеуде бірыңғай технологиялық саясатты жүргізу.

Қызметі:

1) ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту бөлімі бойынша облыстық (өңірлік) бағдарламалар әзірлеу бойынша жұмыстар ұйымдастыруға қатысу;

2) мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламалардың және осы саладағы басқа нормативтік құқықтық актілердің агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдауы бойынша ұсыныстар әзірлеу;

5.Міндеті: ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың іс-әрекетімен байланысты жұмыстар кешенін іске асыру;

Қызметі:

1) ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындардың құрылысы мен қайта жаңартуының мониторингін жүргізу, қайта өңдеукәсіпорындарының желісін кеңейту саясатын жүргізу;

2) облыс өңірлерінде сервистік-дайындау орталықтарын ұйымдастырудың мониторингі;

3) ауылдық тұтынушылар кооперативтерін ұйымдастырудың мониторингі;

4) бәсекеге қабілетті өндірістердің аяғынан тік тұруы мен дамуы, оларды жаңғырту және халықаралық сапа менеджменті жүйесіне өтуі үшін жағдай туғызу бойынша көмек көрсету;

6. Міндет: аудандарда ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселелері бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамытудың барысы туралы жедел ақпаратты және басқарманың іс-әрекеті мәселелері бойынша басқа ақпаратты қамтамасыз ету.

Қызметі:

1) ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселелері бойынша агроөнеркәсіп кешенін дамытудың барысы туралы ақпаратты жинау мен уәкілетті органдарға ұсынуды іске асыру;

7. Міндет: Астана қ. төңірегінде азық-түлік белдеуін құру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

   Қызметі:

1)Астана қ. төңірегінде азық-түлік белдеуін дамыту шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізу бойынша көмек көрсету;

2)өндірілетін өнімнің сапасы мен ассортименті бойынша өңірлік көрме-жәрмеңке, байқаулар, семинарлар ұйымдастыру;

8.Міндет: инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын бақылау және мониторингін жүргізу;

Қызметі:

1)Бюджет қаражаты және қаржы институттары есебінен қаржыландырылатын, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін құру;

2)облыс агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың мониторингі.

9.Міндет: ауылшаруашылық өнімдерін өткізу нарығының мониторингін жүргізу және ауыл шаруашылығында ақпараттық-маркетингтік жүйені дамыту

Қызметі:

1)агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы үшін жағдай туғызу;

2)негізгі тағам өнімдері, Ақмола облысының аумағында өсірілетін ауылшаруашылық дақылдары, жанар жағар материалдарға баға мониторингі;

3)ауылшаруашылык кәсіпорындарға консультативтік, әдістемелік, ақпараттык көмек көрсету;

10.Міндет: облыс тұрғындарының ауызсуға қол жетімділігін қамтамасыз ету;

Қызметі:

1)ауылшаруашылық тауарөндірушілерге су жеткізу және  ауызсумен  жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын демеу-қаржыландыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

11.  Бөлімінің   құқықтары  мен  міндеттері

Міндеттерді жүзеге асыру және өзінің қыметтерін іске асыру үшін Бөлімнің құқығы бар:

олардың құзыретіне  енетін  мәселелер  бойынша  басқарманың  құрылымдық  бөлімшелерінен,  аудандық  ауыл шаруашылығы  бөлімдері  мен  басқа  құрылымдардан  ақпараттар  жинауды  жүргізу  және  оларды  талдауды  іске асыруға;

мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

ауылшаруашылық өндірісі мен аграрлық маркетинг саласында әртүрлі бағдарламалар әзірлеуге қатысуға;

облыстың ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамытуға белсене қатысуға;

Міндеттерді жүзеге асыру және өзінің қызметтерін іске асыру кезінде Бөлім жауапты және қамтамасыз етуге міндетті:

құжаттармен жұмыс істеудің орнатылған тәртібін қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтауға;

оған жүктелген қызметтерді, басқарма басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын уақытында және сапалы орындауға;

Бөлімдегі мемлекеттік мүліктің сақталуына.

3.     Бөлімінің  іс-әрекетін ұйымдастыру

12. Бөлімнің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін уәкілеттігі бар.

13.Бөлімді басқарма бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Бөлімнің бастығы басқарады.

14.Бөлім бастығы Бөлімнің іс-әрекетіне жалпы басшылықты іске асырады және Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз қызметтерін іске асыруына жеке жауапты.

15.Бөлім бастығы Бөлім қызметшілерінің міндеттерін анықтайды және лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

16.Бөлім бастығы басқарманың кадрлар қызметіне жиынтық ақпарат ұсынумен Бөлім қызметшілері іс-әрекетінің әсерлілігін ай сайынғы бағалауды жүргізеді.

17.Бөлім бастығы болмаған кезеңде Бөлімнің іс-әрекетіне жалпы басшылық басқарма бойынша оны ауыстыратын тұлғаға жүктеледі.

18.Бөлім қызметшілері басқарма бастығына қол қоюға дайындаған құжаттарға Бөлім бастығы немесе оны ауыстыратын тұлға бұрыштама қояды. Бөлім атынан құзіреттіліктерін кіретін мәселелер бойынша басқа Бөлімдерге жолданатын құжаттарға  Бөлім бастығы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қояды.  

 

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 17:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.10.2019 09:41

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz