A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Егіншілік және астық нарығын реттеу бөлімі

Жалпы  ережелер

Ақмола  облысы  ауыл  шаруашылығы басқармасының  егіншілік   бөлімі  (әрі қарай - Бөлім) ауылшаруашылық  дақылдарын  өсірудің  сынақтан  өткен  технологиялары  және  жаңа  өндірістерді  енгізу негізінде  ауылшаруашылық  өндірісін  ұйымдастыру, астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі іс-әрекетті лицензиялау   мәселелерімен  айналысады.

Бөлім  ауыл  шаруашылығы басқармасының  құрылымдық  бөлімшесі  құқығында басқарма  бастығының  өндіріс  жөніндегі  орынбасарына  және бюджеттік қаражаттарды игеруге бақылау бөлігінде - басқарма бастығының экономика жөніндегі орынбасарына бағынумен  әрекет етеді.

Бөлім  бекітілген штаттық  кестеге  сәйкес  жинақталады. Жұмыскерлердің  іс-әрекеті  еңбекті  тиімді  бөлуді  және  жұмыскерлерге бірқалыпты  жүктеу  бекітетін, лауазымдық  нұсқаулықпен  белгіленеді.

Бөлімді  басқарма  бастығының  бұйрығымен  лауазымға  тағайындалатын  және  босатылатын  бөлім  бастығы  басқарады.

Бөлімнің  ырғақты  және  әсерлі  жұмысын  қамтамасыз  ету  мақсатында  қызметкерлердің  мынадай  өзара  алмастырылуы  белгіленеді:

Бөлім бастығы - агротехнология  жөніндегі  бас  маман;

Агротехнология  жөніндегі  бас  маман - тұқым шаруашылығы  жөніндегі  бас  маман;

Тұқым шаруашылығы  жөніндегі  бас  маман - астықты сақтау және қайта өңдеу жөніндегі бас маман;

Астықты сақтау және қайта өңдеу жөніндегі бас маман - агротехнология  жөніндегі  бас  маман;

Инженерлік-техникалық инфрақұрылым жөніндегі бас маман - прогрессивті технологияларды енгізу  жөніндегі  бас  маман.

Бөлім  жұмыскерлері  лауазымдарының  атаулары  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2007  жылғы  28  желтоқсандағы  №501  жарлығымен  бекітілген  лауазымдар  Тізіліміне  және  әкімшілік  мемлекеттік  қызметшілердің  лауазымдар  санатының  тізбесіне  сәйкес  белгіленеді.

Бөлімдегі  лауазымдарды  ауыстыру  "Әкімшілік  мемлекеттік  лауазымдардың  санаттарына  типтік біліктілік  талаптарын  бекіту  туралы" 2008  жылғы  8  қаңтардағы  №02-01-02/5  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  қызмет  істері  жөніндегі  агенттігі  төрағасының  бірінші  орынбасарының  бұйрығына  сәйкес жүзеге  асырылады.

Бөлімнің  мақсаттары  мен  міндеттері

Бөлімнің негізгі  міндеттері  ауылшаруашылық  дақылдарын  өсірудің  сынақтан  өткен  технологиялары  және  жаңа  өндірістерді  енгізу негізінде  ауылшаруашылық  өндірісін  ұйымдастыру, астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі іс-әрекетті лицензиялау болып табылады. Бөлім  осы  мақсаттардан  туындайтын  мынадай  міндеттерді  шешеді:

         егіншілікте  перспективаларды  дамыту;

         ауыл  шаруашылығының  өнімдерін  өндіру  және  өткізу;

         аграрлық  сектордың  инфрақұрылымын  дамыту;

         астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі іс-әрекетті лицензиялау;

         республикалық  және  жергілкіті  бюджеттерден  мемлекеттік  қолдау  бағдарламаларын  жүзеге  асыру;

         лизинг  негізінде  ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерді  материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету; МТС  және  сервис  орталықтарын  құруда  жағдайларды  қамтамасыз  ету  және  тәжірибелік  көмек  көрсету;

         ауылшаруашылық  дақылдарын  өсірудің  технологиялық мәселелері,  өндірісті  ұйымдастыру  мәселелері және  облыста  өсірілетін  ауылшаруашылық  дақылдарының  жоғары  сапалы  өз  тұқымдарын  өсіру мәселелері  бойынша ауылшаруашылық  құрылымдарына,  оның  ішінде шаруа  және  фермер  қожалықтарына  әдістемелік  және  тәжірибелік  көмек  көрсету;

         дәнділерді  өсіру  және  ауылшаруашылық  өнімдерін  қайта  өндеу  бойынша  бірлескен  кәсіпорындарды  ұйымдастыру  үшін  ауылшаруашылық  өндірісіне  инвесторларды  тарту;

         қысқа  мерзімдік  курстарда  арнайы  технологиялық  мәселелер  бойынша  кадрларды  оқытуды  қамтамасыз  ету.

Бөлімнің  қызметтері

Жүктелген міндеттерге  сәйкес Бөлім  келесі  қызметтерді  іске  асырады:

астана мен облыстың өсімдік шаруашылығы өнімдеріне ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірісті күшейтуді ынталандыру жөнінде кешендік шараларды іске асыру;

аграроөнеркәсіп  кешенін  дамыту  аймағында  облыстық  бағдарламаларды  әзірлеу мен  іске  асыру  мониторингі;

мемлекеттік  аграрлық  азық-түлік  саясатты  іске  асырудың негізгі  бағыттары  мен  механизмдерін  агроөнеркәсіп  кешендерінің  субъектілеріне  түсіндіру  жөніндегі  жұмыстарды  үйлестіру;

астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі іс-әрекетті лицензиялау;

астық қабылдау кәсіпорындарын лицензиялаудан кейінгі жыл сайынғы және бекітілген кестеге сәйкес жаңа өнім астығын қабылдауға дайындығын зерттеуден; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеу актілерін рәсімдеуден тұратын, астық қабылдау кәсіпорындарына бақылау;

астықты қабылдау жөніндегі іс-әрекетті іске асыру құқығына лицензияны тұтас немесе жеке операцияларды іске асыру бөлігінде «Астық туралы» Заңның 26- бабымен орнатылған негіз бойынша алты айға дейін мерзімге тоқтата тұру;

екі жүз елу гектар және одан жоғары дәнді дақылдар егістік алқабы бар тиісті облыстың отандық астық өндірушілердің жалпы өніміне пайыздық қатынаста астықтың мемлекеттік ресурсына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін бекіту туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;

екі жүз елу гектар және одан жоғары дәнді дақылдар егістік алқабы бар отандық астық өндірушілердің астықтың мемлекеттік ресурсын құру бойынша міндетін орындауын бақылау;

астықтың мемлекеттік тұрақтандыру ресурсын құру үшін уәкілетті органға бәсекелес сектордың астыққа ұажеттілікті қамтамасыз етпегендігіне өтінімдер ұсыну:

тендерлік негізде: ішкі нарықты реттеу мақсатында оларға мемлекеттік өткізу және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығын өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын:

мемлекеттік өткізу және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығынан олар өндірген ұнды өткізу үшін нан пісіру ұйымдарын анықтау бойынша жұмыс ұйымдастыру;

ішкі нарықты реттеу мақсатында астықты қайта өңдеу ұйымдарына олар сатып алған мемлекеттік өткізу және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығының құнын  ішінара қайтару бойынша облыс әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу;

мемлекеттік өткізу және мемлекеттік тұрақтандыру ресурстары астығынан өндірілген ұн және нантоқаш бұйымдары бағасының шектік деңгейін анықтау бойынша жұмыс ұйымдастыру және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауын бақылауды іске асыру;

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 309-1 бабында (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөлімдер) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру;

тұқыммен,  минералдық  тыңайтқыштармен, ЖЖМ  және  басқа  тауарлық-материалдық  құндылықтармен қамтамасыз  ету  мақсатында республикалық  және  жергілікті  бюджеттен  мемлекеттік  қолдау  бағдарламаларын  жүзеге  асыруға  жәрдем  көрсету;

агроөнеркәсіп  кешені саласында инновациялық  тәжірибені  тарату  жөніндегі  жұмыстарды  ұйымдастыру;

Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның тұқым шаруашылығы жөнінде жұмыстар жүргізуіне жәрдем көрсету;

тұқым шаруашылығын дамытудың, топырақ құнарлылығының және басқалардың тиісті бағдарламаларын әзірлеу және жергілікті өкілетті органдарға бекітуге ұсыну, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз ету;

түпнұсқалық тұқым өндіру және элиталық тұқым  өткізу көлемдері жөнінде  ұсыныстарды уәкілетті органның қарауына енгізу;

ауылшаруашылық  өнімдерін  өндіру  және  қайта  өңдеу  бойынша  орта  мерзімдік  жоспарлар  әзірлеу  жөнінен  ұсыныстар  енгізу;

сәйкес куәлік берумен тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттауды жүргізу;

тұқым шаруашылықтары арасында бірінші, екінші және үшінші қалыптастырылған тұқымдарды өндіру және өткізу квотасын бөлу;

облыс   бойынша тұқымдар теңгерімін жасау;

ауылшаруашылық дақылдарының тұқым  шаруашылығы саласы  аймағындағы қажетті ақпараттарды  ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға  ұсынуды  қамтамасыз ету;

өз құзыреті шегінде ауылшаруашылық тауар өндірушілермен тұқымдарды сақтандыру және ауыспалы қорларын қалыптастыруға жәрдем  көрсету;

отандық  ауылшаруашылық  тауар  өндірушілер өткізген  бірінші, екінші және үшінші қалыптастырылған тұқымның  құнын  арзандатуды  қамтамасыз  ету;

селекциялық  жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, Қазақстан  Республикасында пайдалануға рұқсат  берілген, өздерінің  жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіру және олармен шаруашылық етуші субъектілерді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

шаруашылық етуші субъектілерді жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіруге және олармен қамтамасыз етуге  байланысты мәселелер бойынша тұқым шаруашылығының барлық буындарының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді іске асыру;

ауылшаруашылық дақылдарының бастапқы, элиталық және жаппай көбейту тұқымдарының тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары  мен   әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;

тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік стандарттарды, нұсқаулықтарды және басқа  да нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша техникалық реттеу аймағында  уәкілетті органға ұсыныстар  енгізу;

жеміс  дақылдары  мен  жүзімнің  көпжылдық  көшеттерін  отырғызу  және  өсіру  бойынша  бюджеттік  бағдарламаларды  жүзеге  асыру;

Қазақстан  Республикасының  Жер Кодексіне  сәйкес  жер  қатынастарын    дамытуға,  жердің  құнарлылығын  сақтау  және  қайта  жаңғырту,  оны  тиімді  пайдалануға  бағытталған  шараларды  жүзеге  асыруға жәрдем  көрсету;

суарылатын  жерлерді  әсерлі   пайдалану  және  суарылатын  жерлерде   ауылшаруашылық  өнімдерін  өсіруді  жетілдіру  жөніндегі  шаралар  кешенін  іске  асыру;

өсімдік  шаруашылығында,  өсімдіктерді  қорғау  мен  карантинде  озық  технологияларды  енгізу   және  алдыңғы  қатарлы  тәжірибелерді  тарту  жөніндегі  түсіндіру  жұмыстарын  іске  асыру;

карантинді нысандардың таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;

мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (ухимикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ жеке және  заңды тұлғаларға зиянды организмдер жөнінен фитосанитариялық мониторинг жүргізу  бойынша әдістемелік көмек көрсету;

өсімдіктерді қорғау мен  фитосанитарлық  іс-шаралар  аймағындағы нормативтік құқықтық актілер туралы мүдделі тұлғаларға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

пестицидтерді (ухимикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және  қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;

пестицидтердің (ухимикаттардың) арнайы қоймаларын (көму  орындарын) салу,  күтіп  ұстау  және тиісті жағдайда ұстау;

ауылшаруашылық  техникаларының,  қосалқы  бөлшектердің,  жанар-жағар    материалдардың   барына,  қажеттілігіне  мониторинг  жүргізу  және  оларды  сатып  алуға  жәрдем  көрсету;

ауылшаруашылық  өндірісін  техникалық  қамтуды  арттырудың  құралы  ретінде  лизингтік  қатынастың  дамуына  жәрдемдесу,  ауылшаруашылық  машинажасауды,  лизингті,  материалдық-техникалық  жабдықтауды  (сервистік  орталықтарды)  және  ауылшаруашылық  техникаларының  көрмесін  дамыту  мәселелері  бойынша  өңірлік  семинар-кеңестер  өткізуде  ақыл-кеңес беруге  көмек  көрсету;

ауылшаруашылық  тауар  өндірушілерге  қызмет  көрсету  жөніндегі  машина-технологиялық  станциялардың  қызметін  жетілдіру   мониторингі және көмек көрсету;

машина-технологиялық  станциялардың,  сервис-орталықтарының    жүйесін  кеңейту, оларды  қазіргі  заманғы  жоғарыөнімділікті  техникамен  және  технологиялық  кешендермен  жабдықтау  саясатын  жүргізу;

селекция  мен  тұқым  шаруашылығын,  ауылшаруашылық  дақыдарын  өсіру  технологияларын    дамыту, топырақтың  құнарлылығын  сақтау  және  қалпына  келтіру  жөніндегі  бағдарламаларды  жүзеге асыру;

агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту  мәселелері  бойынша  уәкілетті  органдарға  агроөнеркәсіп  кешенінің  жағдайы  мен  дамуы,  оның  ішінде  аудандарда  өндіріс  процесінің (егіс  алқабының  көлемдері,  егіс,  егін  жинау) барысы жөніндегі  жедел  есеп беру және  ауыл шаруашылық  жұмыстарын  уақытында  өткізуге  бағытталған  іс-шараларды  үйлестіру туралы  ақпарат  беру;

табиғи-климаттық жағдайларды және нарық коньюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің жаңа технологиясын енгізу;

ауылшаруашылық өндірісінде технологиялық жұмыстарды орындауға және өсімдіктерді қорғау жөніндегі іс-шараларға бақылауды іске асыру;

өндірістің жаңа прогрессивті технологияларын енгізу;

ішкі рыноктің мұнай өнімдеріне қажеттілігін уақытылы қамтамасыз ету бойынша  қажетті шаралар қолдану;

техникалық  реттеу  аймағында  сәйкестікті  растау  жөнінен  қызмет  көрсету  бойынша  аймақтарда  бәсекелестік  орта  құру  жөнінде  шаралар  қолдану;

барлық  меншік  түрлеріндегі  жалпы  кәсіп  мамандары мен  жұмысшы  кадрларын дайындауға    және  біліктілігін  арттыруға  жәрдем  көрсету,  қысқа  мерзімдік  курстарда  арнайы  технологиялық  мәселелер  бойынша  кадрларды  оқытуды  қамтамасыз  ету;   

Қазақстан  Республикасы  Ауыл  шаруашылығы  министрлігінің  құрылымдық  бөлімшелерімен  бірлесіп  әрекет  ету.

Бөлімнің   құқықтары  мен  жауапкершілігі

Міндеттерді  іске  асыру  және  өз  қызмет аясын  іске  асыру  үшін Бөлімнің құқығы бар:

ауыл  шаруашылығы  өнімінің  сапасын  арттыруға, оның рентабельдігін қамтамасыз етуге және ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын арттыруға  бағытталған, ауыл шаруашылық  өндірісі  саласын  жүргізуді  жақсарту, осы заманғы  технологияларды  енгізу мәселелері  бойынша  ұсыныстар  енгізуге; 

өз  құзыретінің  шектеуінде  технологиялық  және  өндірістік  мәселелер  бойынша  басқа  ұйымдармен байланысты  іске  асыруға;

          Бөлім жауапкершілік жүктейді:

өндіріс  мәселері  бойынша  жоғары  тұрған  органдарды  уақытында  хабардар  етуге;

өндіріс  саласын  жүргізуді  жақсарту,  өндіріс  көлемін  ұлғайтуға  және  өнімнің  сапасын  арттыруға  бағытталған  осы  заманғы  технологияларды  енгізу  мәселелері  бойынша  ұсыныстарды  уақытында  енгізуге;

құжаттармен  белгіленген  тәртіпте  жұмысты  қамтамасыз  етуге;

Қазақстан  Республикасы  Заңдарының  талаптарын  сақтауға;

жүктелген  қызметтерді,  басқарма  басшылығының  нұсқаулары  мен  тапсырмаларын  уақытылы  және  сапалы  атқаруға;

бөлімдегі  мемлекеттік  мүліктің  сақталуына. 

Бөлімнің  басқарманың басқа  бөлімдерімен
өзара қарым-қатынасы

      Бөлімі  өзара  әрекет  етеді;

өсімдік  шаруашылығының  өнімдерін  өткізу  мәселелері  бойынша ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және маркетингі  бөлімімен;

мал  азығын  өндіру,  кластерлік  даму  және  азық-түліктік  қамтқамтамасыз ету  мәселелері  бойынша  мал  шаруашылғы  бөлімімен;

ауылшаруашылық  өндірісі  саласының  дамуын  болжау;  ауыл шаруашылық  тауар  өндірушілерге  ЖЖМ   мен  қосалқы  бөлшектер жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері  бойынша  экономикалық  талдау және  болжау  бөлімімен;

республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша бюджеттік қаржыландыру және мемлекеттік сатып алулар бөлімімен;

істер  номенклатурасы,  құжаттау, құжаттармен  жұмыс,  құжаттарды  идаралық мұрағатта  сақтау,  құқықтық   мәселелер  бойынша  әкімшілік  бөлімімен.

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 17:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.10.2019 09:31

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz