A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мал шаруашылығы бөлімі

 

1.     Жалпы  ережелер

 

1. Ақмола  облысы  ауыл  шаруашылығы басқармасының  мал  шаруашылығы  бөлімі (бұдан әрі Бөлім) «Ақмола  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасы» ММ  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Бөлім  өзінің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Президент пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңдарын, актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлімнің құрылымын, штат санын  Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте «Ақмола  облысының  ауыл  шаруашылығы  басқармасы» ММ  бастығы бекітеді.

 

2.     Бөлімінің  негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары  мен  борыштары

 

Бөлімінің  негізгі міндеттері, қызметтері келесілер болып табылады:

4.Міндеті: Мал шаруашылығын дамытудың мониторингін іске асыру

Қызметі:

1) агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту  мәселелері  бойынша  уәкілетті  органдарға  агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту  және  жай-күйі  туралы  ақпарат  ұсыну;

2) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу мен басып шығару; бекітілген үлгілер бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы  аймағындағы  деректерді есепке алуды жүргізу;

3) бағалау туралы деректерді жинақтау  және  жоғары  бағалы  асыл  тұқымды  малдарды  әсерлі  пайдалануды  ынталандыру  мақсатында  оның  қорытынылары  туралы  мүдделі  тұлғаларды  хабардар  ету;

4) әкімшілік аумақтық бірліктің тиісті аумағында омарта шаруашылығын дамытуды бақылау мен күзету;

 

5.Міндеті: Мал  шаруашылығында  еңбекті  ұйымдастырудың  жаңа  технологиялары  мен  прогрессивті түрлерін  енгізу  жөніндегі  жұмыстар  кешенін  іске  асыру.

Қызметі:

1) мал  шаруашылығын  дамыту аймағында  облыстық  бағдарламаларды  әзірлеу, жүзеге  асыру,    мониторингі;

2) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту бойынша облыстық (өңірлік) бағдарламалар әзірлеу;

3) асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес омарта шаруашылығында селекциялық-асылтұқым ісін үйлестіру және асылтұқым ісін мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру;

4) омарта шаруашылығы саласында мамандарды дайындау мен қайта дайындау бойынша іс-әрекетті үйлестіру;

5) малдарды қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру жөнінде шаралар кешенін қабылдау; малды  қолдан  ұрықтандырудың  мемлекеттік  пункттерін   салуды,  күтіп  ұстау  және  қалпына  келтіруді қамтамасыз ету;

6) қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларға және осы саладағы басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіп кешені субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7) мамандандырылған  мал  шаруашылықтарының  көбеюіне  жағдайлар  жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;

 

  1.  Міндет: Асыл  тұқымды  мал  шаруашылығы  субъектілерін  аттестаттауды  өткізу.

Қызметі:

1)    аттестат берумен асыл тұқымды мал шаруашылығы аймағындағы субъектілерді аттестаттауды жүргізу;

2)    Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасының нормаларын бұзған жағдайда аттестаттың қолданылуын тоқтата тұру, қайталап бұзылған жағдайда аттестаттан айыру туралы  талаппен  сотқа жүгіну;

 

7.                Міндет: Мал  шаруашылығын  дамытуды демеуқаржыландыру,  асыл  тұқымды  малдардың  гендік  қорын  сақтау  және  қалпына  келтіру  жөнінде  іс-шаралар  ұйымдастыру.

   Қызметі:

1)    республикалық және жергілікті бюджеттерден мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыруда көмек көрсету;

2)    мал шаруашылығының өнімділігі мен өнімінің сапасын арттыруға шығындарды демеуқаржыландыру;

3)    бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын асыл тұқым өнімінің (материалдың) әр  түрін демеуқаржыландыруды  жүзеге асыру;

4)    көрсетілген мақсаттарға бюджетте қарастырылған  қаражат  шектеуінде  демеуқаржыландыруға  жататын  әр  түрдің  және  әр  субъектінің  кесіндісінде  өткізілетін  асыл тұқым  өніміне  (материалына) жыл  сайынғы  квотаны  анықтау;

5)    асыл тұқымды малдың, оның ішінде шектеулі гендік  қоры бар тұқымдардың гендік қорын сақтауға және  қалпына келтіруге  бағытталған  іс-шараларды демеуқаржыландыруды іске асыру;

6)    өз  төлінен  кеңейте өсіру    мақсатында  жоғары  класты  асыл  тұқымды  малды  сатып  алуды,  күтіп  ұстауды  ұйымдастыру  және  мал басын толықтыру  төлін  өсіру;

 

8.     Бөлімінің   құқықтары  мен  жауапкершілігі

 

Міндеттерді жүзеге асыру және өзінің қыметтерін іске асыру үшін Бөлімнің құқығы бар:

мемлекеттік  аграрлық  саясатты  жүзеге асыру мен мал  шаруашылығы  салаласын  жүргізуді жақсартуға, осы  заманғы  технологияларды егізуге, өндіріс  көлемдерін  ұлғайтуға, өнімнің сапасын арттыруға бағытталған мәселелер  бойынша  ұсыныстар  енгізуге;

бөлім  құзыретінің  шектеуінде  технологиялық  мәселелер  бойынша  басқа  ұйымдармен байланысты  іске  асыруға;

олардың құзыретіне  енетін  мәселелер  бойынша  басқарманың  құрылымдық  бөлімшелерінен,  аудандық  ауыл шаруашылығы  бөлімдері  мен  басқа  құрылымдардан  ақпараттар  жинауды  жүргізу  және  оларды  талдауды  іске асыруға.

 

Міндеттерді жүзеге асыру және өзінің қызметтерін іске асыру кезінде Бөлім жауапты және қамтамасыз етуге міндетті:

мал шаруашылығы және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру саласының жай-күйі мәселелері бойынша жоғары тұрған органды уақытында ақпараттандыруға;

құжаттармен жұмыс істеудің орнатылған тәртібін қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтауға;

оған жүктелген қызметтерді, басқарма басшылығының нұсқаулары мен тапсырмаларын уақытында және сапалы орындауға;

Бөлімдегі мемлекеттік мүліктің сақталуына.

 

3.     Бөлімінің  іс-әрекетін ұйымдастыру

 

9.                Бөлімнің заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыруы үшін уәкілеттігі бар.

10.           Бөлімді басқарма бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Бөлімнің бастығы басқарады.

11.           Бөлім бастығы Бөлімнің іс-әрекетіне жалпы басшылықты іске асырады және Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау мен оның өз қызметтерін іске асыруына жеке жауапты.

12.           Бөлім бастығы Бөлім қызметшілерінің міндеттерін анықтайды және лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді.

13.           Бөлім бастығы басқарманың кадрлар қызметіне жиынтық ақпарат ұсынумен Бөлім қызметшілері іс-әрекетінің әсерлілігін ай сайынғы бағалауды жүргізеді.

14.             Бөлім бастығы болмаған кезеңде Бөлімнің іс-әрекетіне жалпы басшылық басқарма бойынша оны ауыстыратын тұлғаға жүктеледі.

15.           Бөлім қызметшілері басқарма бастығына қол қоюға дайындаған құжаттарға Бөлім бастығы немесе оны ауыстыратын тұлға бұрыштама қояды. Бөлім атынан құзіреттіліктерін кіретін мәселелер бойынша басқа Бөлімдерге жолданатын құжаттарға  Бөлім бастығы немесе оны ауыстыратын тұлға қол қояды.  

Мақаланың шыққан күні: 12.01.2017 17:31
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.01.2017 17:31

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz