A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды иеленуге конкурсқа қатысатын байқаушыға жадынама

 

(Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32  «Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына  1 қосымша)

      Байқаушының:
      конкурс қатысушысы туралы ақпаратпен танысуға;
      олармен әңгiмелесуде қатысуға;
      әңгiмелесу өткiзу рәсiмi туралы оның аяқталғанынан кейiн өз пiкiрiн бiлдiруге;
      конкурс өткiзу барысы туралы жалпы баға беруге;
      конкурс комиссиясы отырысының хаттамаларымен танысуға;
      конкурс комиссиясының жұмысы туралы мемлекеттiк органның басшылығына және мемлекеттiк қызметтiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға өздерiнiң пiкiрлерiн жазбаша түрде беруге мүмкiндiгi бар.
      Байқаушы:
      әңгiмелесу барысына фото-, аудио-, видеотүсiрiлiмдер жүргiзуге;
      конкурс қатысушыларының жеке басы деректерiн жариялауға;
      әңгiмелесу өткiзу процесiне араласуға, конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергi жасауға;
      конкурс қатысушыларына қандай да бiр жәрдемдесуге;
      конкурс комиссиясының мүшелерiне олардың шешiм қабылдауында әсер етуге;
      нақты конкурс қатысушысы туралы, оның жеке қасиеттерi туралы жария бағалауға және пiкiрiн бiлдiре алмайды.

Мақаланың шыққан күні: 16.01.2017 14:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2017 14:16

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz