A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

«Тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

1

Қызметкөрсетуші туралы ақпарат

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Жұмыс кестесі:

9:00-13:00

14:30-18:30

Интернет-ресурсының адресы: http://ush.akmo.gov.kz

 

2

Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік көрсетілетінқызметтің нәтижесініңұстапберетін мекемелер туралы ақпарат

 

Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің алу туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, бизнеске арналған
цифралық платформа «Qoldau.kz» арқылы жүзеге асырылады.

 

4

Мемлекеттік көрсетілетінқызметті көрсетумерзімі

 

3 (үш) жұмыс күні. Өтпелі өтінім берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатылатұрады және отандық тыңайтқыштарды өндіруші өтпелі өтінімге күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, нақты өткізілген тыңайтқыштар жөніндегі мәліметтерді енгізгеннен кейін қайта басталады.

5

Мемлекеттік көрсетілетінқызметті алу ушін қажетті құжаттардың тізімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға арналған өтінімді немесе тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынады.
Өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

6

Мемлекеттік көрсетілетінқызметтің нәтижесі

Субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама электрондық құжат нысанында жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "жеке кабинетіне" жолданады.

7

Қосымша ақпарат (Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысты сұрақтар бойынша Бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі,өзге анықтама қызметтерінің, олар бар болған жағдайда, телефон нөмірлері)

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" және бірыңғай байланыс орталығынан алуға мүмкіндігі бар.
Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Call-орталығы: +7 (7172)552981 info@qoldau.kz.

 

Мақаланың шыққан күні: 09.10.2019 11:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.06.2020 18:14

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz