A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

1

Қызметкөрсетуші туралы ақпарат

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Жұмыс кестесі:

9:00-13:00

14:30-18:30

Интернет-ресурсының адресы: http://ush.akmo.gov.kz 

2

Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік көрсетілетінқызметтің нәтижесініңұстапберетін мекемелер туралы ақпарат

 

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

3

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің алу туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, бизнеске арналған
цифралық платформа «Qoldau.kz» арқылы жүзеге асырылады.

 

4

Мемлекеттік көрсетілетінқызметті көрсетумерзімі

 

3 (үш) жұмыс күні. Бұл ретте, өтпелі өтінім берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күнге ұлғаяды.

5

Мемлекеттік көрсетілетінқызметті алу ушін қажетті құжаттардың тізімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында:1) нақты сатып алынған бірегей тұқымдарға субсидия алуға арналған өтінімді;2) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидия алуға арналған өтінімді;3) нақты сатып алынған бірінші репродукция тұқымдарына және (немесе) екінші репродукция мақта тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінімді;4) нақты сатып алынған жүгерінің, қант қызылшасының, рапстың, күнбағыстың, мақтаның және (немесе) құмайдың бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінімді;5) нақты сатып алынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне субсидиялар алуға арналған өтінімді;6) субсидияланатын тұқымдарды арзандатылған құнмен сатып алу кезінде тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтiнiмді ұсынады.Өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын көрсетілетін қызметті алушының субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

6

Мемлекеттік көрсетілетінқызметтің нәтижесі

Субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама электрондық құжат нысанында жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» жолданады.

7

Қосымша ақпарат (Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысты сұрақтар бойынша Бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі,өзге анықтама қызметтерінің, олар бар болған жағдайда, телефон нөмірлері)

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар. Call-орталығы: +7 (7172) 552981 info@qoldau.kz

 

Мақаланың шыққан күні: 09.10.2019 12:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2020 12:14

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz