A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

1

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы ақпарат

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Жұмыс кестесі:

9:00-13:00

14:30-18:30

Интернет-ресурсының адресы: http://ush.akmo.gov.kz

 

2

Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталымен ақпараттық өзара іс-қимылы бар субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады

3

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, бизнеске арналған
цифралық платформа «Qoldau.kz» арқылы жүзеге асырылады.

 

4

Ммемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімі

Көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 1-нысан бойынша ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын (сүтті, сүтті-етті, етті және етті-сүтті тұқымдар), отандық етті және етті-сүтті асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды, шығу тегі асыл тұқымдыға сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын, асыл тұқымды қойларды, өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырды, асыл тұқымды тұқымдық түйені, шошқалардың асыл тұқымдық басын, ешкілердің асыл тұқымды аналық басын, етті бағыттағы ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапанды және асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапанды сатып алып үшін субсидиялар алуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 2-нысан бойынша табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу үшін субсидиялар алуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 3-нысан бойынша тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарларды күтіп-бағу үшін субсидиялар алуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 4-нысан бойынша шаруа (фермер) қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын, сондай-ақ шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілген қызметтер үшін субсидиялар алуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 5-нысан бойынша ірі қара малдың тауарлық аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 6-нысан бойынша ірі қара малдың асыл тұқымды аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 7-нысан бойынша қойлардың асыл тұқымды аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 8-нысан бойынша қойлардың тауарлық аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 9-нысан бойынша маралдардың (бұғылардың) аналық бастарымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 10-нысан бойынша балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 11-нысан бойынша шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге субсидиялар алуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 12-нысан бойынша сүтті және сүтті-етті тұқымды асыл тұқымдық бұқалардың бір жынысты және қос жынысты ұрығын сатып алу үшін субсидиялар алуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 13-нысан бойынша ірі қара мал мен қойлардың эмбриондарын сатып алу құнын арзандату үшін субсидиялар алуға ;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 14-нысан бойынша құс етін (құс етін, күркетауық етін, суда жүзетін құс етін), тағамдық жұмыртқаны (тауық жұмыртқасын), сүтті (сиыр сүті, бие сүті, түйе сүті) өндіру, сондай-ақ ірі қара малды союмен және етін бастапқы өңдеумен айналысатын ет өңдеуші кәсіпорындардың сиыр етін дайындау құнын арзандатуға субсидиялар алуға;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 15-нысан бойынша сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас ірі қара мал /5000 бас қой бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал/ тәулігіне кемінде 300 бас қой соятын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың/қошқарлардың құнын арзандатуға субсидиялар алуға;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 16-нысан бойынша ауыл шаруашылығы малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алуға;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 17-нысан бойынша арнайы шотқа субсидиялар аударуға;осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес 18-нысан бойынша ірі қара малдың/қойлардың импортталған асыл тұқымды аналық басын немесе шығу тегі асыл тұқымдыға сәйкес келетін ірі қара малдың импортталған аналық басын сатып алу үшін тиесілі субсидияларға өтінім береді.Өтінімнің қабылданғанын көрсетілетін қызметті алушының субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

6

Мемлекетітк қызмет көрсетудің нәтижесі

Субсидияларды алуға арналған өтінімді қарау нәтижелері туралы хабарлама не бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жолданады.

7

Қосымша ақпарат (Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда басқа да телефондық анықтамалық қызметтерінің нөмірлері)

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар. Call-орталығы: +7 (7172) 552981 info@qoldau.kz.

 

Мақаланың шыққан күні: 09.10.2019 15:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.08.2020 16:58

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz