A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

«Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

1

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы ақпарат

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Жұмыс кестесі:

9:00-13:00

14:30-18:30

Интернет-ресурсының адресы: http://ush.akmo.gov.kz 

 

2

Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат

Өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

3

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, бизнеске арналған
цифралық платформа «Qoldau.kz» арқылы жүзеге асырылады.

 

4

Ммемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі

3 (үш) жұмыс күні. Өтпелі өтінім берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету тоқтатылатұрады және отандық пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) өндіруші өтпелі өтінімге күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, нақты өткізілген пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) жөніндегі мәліметтерді енгізгеннен кейін қайта басталады.

5

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімі

Көрсетілетін қызметті алушы порталға толық құны бойынша сатып алынған пестицидтер, биоагентер (энтомофагтар) үшін субсидия алуға арналған өтінімді немесе пестицидті, биоагенті (энтомофагты) отандық пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынады.

Өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

6

Мемлекетітк қызмет көрсетудің нәтижесі

Субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама электрондық құжат нысанында жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» жолданады.

7

Қосымша ақпарат (Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда басқа да телефондық анықтамалық қызметтерінің нөмірлері)

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар. Call-орталығы: +7 (7172) 552981 info@qoldau.kz

 

Мақаланың шыққан күні: 09.10.2019 15:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.06.2020 16:18

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz