A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

1

Қызмет көрсетуші туралы ақпарат

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Жұмыс кестесі:

9:00-13:00

14:30-18:30

Интернет-ресурсының адресы: http://ush.akmo.gov.kz

2

Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесінің ұстап беретін мекемелер туралы ақпарат

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

3

«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің алу туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы, бизнеске арналған
цифралық платформа «Qoldau.kz» арқылы жүзеге асырылады.

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 14 (он төрт) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу ушін қажетті құжаттардың тізімі

Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған бірінші кезеңдегі өтінім, оған өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар «PDF (Portable Document Format)» форматында (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса тіркеледі.Пайдалануға берілген инвестициялық жобалар бойынша, сондай-ақ нақты сатып алынған техника мен жабдықтар бойынша көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған бірінші кезеңдегі өтінім береді, оған өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар «PDF (Portable Document Format)» форматында (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса тіркеледі, ол екі кезеңді рәсімдерді қолданбастан қаралады.Екінші кезеңде (жұмыстар аяқталғаннан кейін) көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық субсидиялауға арналған екінші кезеңдегі өтінім береді, оған «PDF (Portable Document Format)» электрондық форматында (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерлеген көшірмесі) мынадай растау, құқық белгілеу және (немесе) тіркеу құжаттары қоса тіркеледі:1) "Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 73-бабының 2-тармағына сәйкес "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15141 болып тіркелген) бекітілген нысан (бұдан әрі - объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны) бойынша инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығымен бекітілген Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17320 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) 14-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша) көшірмелері;2) сатып алушы мен жеткізуші арасындағы жабдықтарды пайдалануға беру актісінің көшірмесі (жабдықтар сатып алу кезінде);3) жаңа өндірістік қуаттылықтар құруға не жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге арналған инвестициялық салымдарды растайтын, сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша сатып алу-сату шарттарының, электрондық шот-фактуралардың, ақы төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері;4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың көшірмелері (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша);5) ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техника мен технологиялық жабдықтарды қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;6) қаржы институттарында тартылған қаражат есебінен инвестициялық салымдар жүзеге асырылған жағдайда, қаржы институты растаған кредиттік/лизингтік шарттардың көшірмелері;7) көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес екінші траншты алуға өтінім берген жағдайда, "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында (қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесі) растайтын құжаттарды (бизнес-жоспар, дайын өнімді өткізу бойынша электрондық шот-фактуралар) қоса тіркейді. Бизнес-жоспарда мәлімделген өндірілген өнім көлемін растау үшін мамандар тобы/сараптама ұйымы, дара кәсіпкерлерді қоспағанда, осы тармақшада көрсетілген құжаттардың, сондай-ақ екінші кезеңде инвестордың өтінім берген сәтінің алдындағы тоқсан үшін инвестордың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 15 қарашадағы № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16060 болып тіркелген) бекітілген "Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі" (коды 151103128, индексі 1-П, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының негізінде дайындалатын кемінде 30 % өндірілген өнім көлеміне қол жеткізілгені туралы қарап-тексеру актісін жасайды.Қаржы институтының арнайы шотына аванстық төлем тетігін қолдана отырып, инвестициялық субсидиялауға арналған өтінімді көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді және қаржы институтының кредиттік комитетінің оң шешімінің қаржы институты растаған көшірмесін "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында (қаржы институты қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса тіркейді.Көрсетілетін қызметті алушы дайын жобалардың лизингі кезіндегі инвестициялық субсидиялауға арналған өтінімді осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді, оған "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматында мынадай растайтын құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және мөрімен (бар болса) растаған қағаз нұсқасының сканерленген көшірмесін) қоса тіркейді:1) көрсетілетін қызметті алушы, лизинг беруші және объектіні сатушы арасындағы үшжақты келісімнің көшірмесі;2) сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған объектіні сатып алу-сату шартының көшірмесі;3) қаржы институты растаған объектінің лизинг шарты;4) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 73-бабының 2-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысаны бойынша инвестициялық жоба объектісін пайдалануға қабылдау актісінің (жаңа өндірістік қуаттылықтар құру немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту кезінде) немесе инвестициялық жобаның іске қосу кешенін немесе кезегін пайдалануға беру актісінің (Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген жағдайлар бойынша) көшірмесі;5) жабдықты және (немесе) инвестициялық объектіні пайдалануға беру актісінің көшірмесі;6) сатушының инвестициялық жобаны іске асырған кездегі инвестициялық салымдарын растайтын сатып алу-сату шарттарының, шот-фактуралардың көшірмелері;7) жабдықты қабылдап алу-беру актілерінің көшірмелері;8) жобаға бизнес-жоспардың көшірмесі;9) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабына және 9-1-тарауына сәйкес жобалар сараптамасының оң қорытындысы бар жобалау-сметалық құжаттаманың көшірмесі (жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес субсидиялау көзделген жобалардың паспорттары бойынша).

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Инвестициялық субсидиялау шартын жасасу не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

7

Қосымша ақпарат (Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қатысты сұрақтар бойынша Бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі,өзге анықтама қызметтерінің, олар бар болған жағдайда, телефон нөмірлері)

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар. Call-орталығы: +7 (7172) 552981 info@qoldau.kz.

Мақаланың шыққан күні: 09.10.2019 16:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.10.2019 16:27

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz