A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

«Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

1

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы ақпарат

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Жұмыс кестесі:

9:00-13:00

14:30-18:30

Интернет-ресурсының адресы: http://ush.akmo.gov.kz

 

2

Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат

Жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

4

Ммемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі

Аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өту және аттестаттау туралы куәлік алу үшін 10 жұмыс күні ішінде.
Аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу кезінде - өтініш тіркелген сәттен бастап 4 жұмыс күні ішінде.

5

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімі

Аттестаттаудан, қайта аттестаттаудан өту және аттестаттау туралы куәлік алу үшін:1) Бірегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi, тұқым өткiзушiлердi аттестаттау қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау (қайта аттестаттау) жүргізу туралы өтініш;2) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес бірегей тұқым өндірушілерге қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес тұқым өсіру шаруашылықтарына қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны;Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес тұқым өткізушілерге қойылатын талаптарға сәйкестік туралы мәліметтер нысаны.
Аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін:1) Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;
2) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, аттестаттау туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;

3) аттестаттау туралы куәліктің электрондық көшірмесі.

6

Мемлекетітк қызмет көрсетудің нәтижесі

Аттестаттау туралы куәлік, не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

7

Қосымша ақпарат (Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда басқа да телефондық анықтамалық қызметтерінің нөмірлері)

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.

Мақаланың шыққан күні: 09.10.2019 18:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.08.2020 15:09

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz