A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу реті туралы жандама

1

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы ақпарат

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Жұмыс кестесі:

9:00-13:00

14:30-18:30

Интернет-ресурсының адресы: http://ush.akmo.gov.kz

 

2

Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

3

«Электронды үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы ақпарат

Мемлекеттік қызмет «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

4

Ммемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі

құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап:
порталда – 10 (он) жұмыс күні.

Мемлекеттік корпорацияда – 15 (он бес) жұмыс күні.

5

Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімі

порталға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының және қаржы институтының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ұсыныс.Мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымды қабылдау туралы субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі қарыс алушының (көрсетілетін қызметті алушының) "жеке кабинетінде" тиісті мәртебе ұсыныстың қабылданғанын растау болып табылады;
Мемлекеттік корпорацияға (өкіл сенімхатпен жүгінген жағдайда заңды тұлға үшін – өкілеттілігін растайтын құжат, жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат немесе өкілеттілігін растайтын өзге құжат):1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтеу кестесімен қарыз шартының көшірмесі қоса берілген ұсыныс;
2) сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелері бар жаңартылған өтеу кестесінің жобасы (мөлшерлеменің субсидияланатын немесе субсидияланбайтын бөліктерінің есептемелерімен бірге жұмыс органына (көрсетілетін қызметті берушіге) жолданады);
3) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) кредитті алғаны туралы несие шотынан үзінді-көшірме (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын/ лизинг нысанасының берілгенін растайтын құжат.

6

Мемлекетітк қызмет көрсетудің нәтижесі

Қағидаларға 6-қосымшасына сәйкес субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама не Қағидаларға 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық

7

Қосымша ақпарат (Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, болған жағдайда басқа да телефондық анықтамалық қызметтерінің нөмірлері)

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алу мүмкіндігі бар.

Мақаланың шыққан күні: 11.10.2019 13:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.08.2020 19:10

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz