A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық жобаны іріктеп алу бойынша комиссия құру туралы Қағидасы

Қосымша 1

«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының

2015 ж. «___» __________

№ ____________ бұйрығына

 

Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешенінде инновациялық жобаны іріктеп алу бойынша комиссия құру туралы

Қағидасы

 

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Ақмола облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қазандағы № А-11/505 қаулысына сәйкес өтінімдер мен кешенді қорытындыны қарауға мемлекеттік органдардың, ғылым мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен тұратын, Инновациялық жобаларды іріктеп алу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады және  «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысымен бекітіледі.

Комиссия құрамының болғаны 7 адамнан кем емес.

Комиссияның қатысқан өкілдігі құқықтығы жалпы санынан 2/3 кем емес  

Комиссияның оң қорытындысы негізінде инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдауына немесе Комиссия теріс шешім қабылдаған жағдайда қаржыландырудан бас тартуына өкілетті орган шешім қабылдайды.

Комиссиямен инновациялық жобаларды іріктеп алудың қарауына қойылатын келесі талаптар:
       1) жобаның инновациялық бағытталғандығы, техникалық жүзеге асырылу және оның облыстың АӨК-ге енгізу мен таратуға дайындық деңгейі;
       2) өзектілігі және облыстағы АӨК дамуының басымды бағыттарына сәйкестігі;
       3) инновациялық жоба қаражаттарының игерілуіне егжей-тегжейлі құрылған көрінісінің болуы және инновациялық жобаның облыс АӨК-де әрі қарай келешегі;
       4) инновациялық жобаны орындау үшін жабдықтың, инфрақұрылымның және ресурстардың болуы;
       5) инновациялық жобаның бәсекеге қабілеттілігі;
       6) инновациялық жобаның экономикалық мақсатқа лайықтығы.

       Іріктеуді жүргізу рәсімін орындау үшін уәкілетті орган әр сайысқа жеке Комиссия құрылады.

 

Комиссияның    ұсынымдары    ашық    дауыс    берумен    қабылданады   және отырысқа  қатысқан  Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе қабылданды  деп  саналады, хаттамамен ресімделеді, оған  Комиссияның қатысқан мүшелері қол қояды.
      Дауыстар  тең  болған   жағдайда   Комиссия   төрағасы   немесе   ол   болмаған жағдайда, төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      Комиссияның  шешімімен  келіспеген  жағдайда, Комиссия  мүшесінің ерекше пікірге құқығы бар, ол жазбаша түрде мазмұндалады және Комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.

Мақаланың шыққан күні: 17.01.2017 11:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2017 14:50

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz