A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік қызметке шағымдану тәртібі

Жүктеу (DOCX 13 Kb)

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым тиiстi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына берiледi.

Жазба түрде пошта немесе мемлекеттiк қызмет көрсетушiнiң кеңсесi арқылы жұмыс күндерi шағымды келесi мекен жайға беруге болады: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Абай к-сi 89, 305 кабинет, анықтамалар үшiнтелефоны: 8 (7162) 90-30-41, 8 (7162) 90-30-42, немесе шағым электрондық-цифрлық қол қойылып келесi e-mail: agricult@akmo.kz жiберiледi.

Мыналардың:

1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi почталық мекенжайы көрсетiледi;

2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмiрi мен күнi көрсетiледi. Арызға көрсетiлетiн қызметтi алушы қол қоюы тиiс.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсете отырып, оның тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен күнi) растайды.

Сондай-ақ, көрсетiлетiн қызметтi берушi жұмыскерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымын қабылдағанын растау үшiн талон бередi, онда талонның нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, шағымға жауап алу мерзiмi мен орны, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамның байланыс деректерi көрсетiледi.

Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға порталдағы "жеке кабинетiнен" арыз туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң арызды өңдеуi барысында (шағымның жеткiзiлгенi, тiркелгенi, орындалғаны туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс. Шағымды қарау нәтижелерi туралы уәждi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға почта арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

Мақаланың шыққан күні: 18.01.2017 16:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.10.2019 10:27

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz