A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысы

Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 мамырда № 4784 болып тіркелді

Жүктеу (Анықтамалық нұсқа) (DOCX 19 Kb)

Жүктеу (Ресми жарияланым) (PDF 534 Kb)

Жүктеу (Өзгерiстердi енгiзу) (PDF 706 Kb)

РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
      3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С.Кулагин

 

  Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ А-4/123 қаулысына
қосымша

Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 29.01.2016 № А-2/43 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

 

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Тереңдетіп қайта өңдеу өнімдерінің атауы

Субсидия нормативтері,
теңге/литр

Шикі сүт сары май

12,0

Шикі сүт қатты ірімшік

20,0

Мақаланың шыққан күні: 13.01.2017 16:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.01.2017 16:24

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz