A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 4 ақпандағы № А-2/47 қаулысы

Жүктеу (DOCX 25 Kb)

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 18404 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерi бекiтiлсiн.

3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкiмдiгi қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi Е. Маржықпаев

Мақаланың шыққан күні: 10.06.2020 16:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.06.2020 10:39

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz