A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдары түрлерінің тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларынбекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 17 шілдедегі № А-8/331 қаулысы

Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 25 шiлдеде № 7291 болып тiркелдi

Жүктеу (DOCX 57 Kb)

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13717 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Субсидияланатын өсiмдiктердi қорғау құралдары түрлерiнiң тiзбесiн және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. Күшi жойылды деп танылсын:

1) «Өсiмдiктердi қорғау құралдарының субсидияланатын түрлерiнiң тiзбесi мен 1 бiрлiкке (литр, килограмм) берiлетiнсубсидия нормаларын бекiту туралы»Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 12 шiлдедегi № А-7/306 қаулысының (Нормативтiкқұқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6025 болып тiркелген, 2017 жылдың 26 шiлдеде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған) қаулысы;

2) «Өсiмдiктердi қорғау құралдарының субсидияланатын түрлерiнiң тiзбесi мен 1 бiрлiкке (литр, килограмм) берiлетiнсубсидия нормаларын бекiту туралы»Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 12 шiлдедегi № А-7/306 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Акмола облысы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 25 шiлдедегi № А-8/331 (Нормативтiкқұқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6741 болып тiркелген, 2018 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған) қаулысы.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысы әкiмiнiң
мiндетiн атқарушы                                                                                                                                                           Қ. Ыдырысов

Мақаланың шыққан күні: 26.02.2020 16:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.02.2020 16:02

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz