A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № А-9/450 қаулысы

Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 23 қыркүйекте № 7392 болып тiркелдi

Жүктеу (DOCX 80 Kb)

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекiту туралы»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 сәуiрдегi № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11223 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерiнiң тiзбесi және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

2. «Тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 15 сәуiрдегi № А-4/170 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7140 болып тiркелген, 2019 жылғы 23 сәуiрде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Ғ.К. Әбдiхалықовқа жүктелсiн.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Облысы әкiмiнiң мiндетiн атқарушы                                                             К. Идрисов

Мақаланың шыққан күні: 14.10.2019 10:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.10.2019 10:06

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz