A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«2020 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 19 маусымдағы № А-6/323 қаулысы

«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері бекітілсін. «Ақмола облысы бойынша субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № А-5/205 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7181 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К. Әбдіхалықовқа жүктелсін. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақмола облысының әкімі                                                                                      Е. Маржықпаев

Ақмола облысы әкімдігінің
2020 жылғы 19 маусымдағы
№ А-6/323 қаулысына
қосымша

2020 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын
дамытуды субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері

Субсидиялау бағыттары Субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері, мың теңге
Бірегей тұқымдар 26 941
Элиталық тұқымдар 412 305
Бірінші репродукция тұқымдары 380 403
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары 139 505
Барлығы бюджеттік қаражат 959 154
Мақаланың шыққан күні: 29.06.2020 15:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.06.2020 15:25

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz