A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Субсидияланатын пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тiзбесi және пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литрiне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерiн бекiту туралы»

Жүктеу (DOCX 73 Kb)

«Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 20209 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Бекiтiлсiн:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тiзбесi және пестицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литрiне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес пестицидтердi, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерi.

2. «Субсидияланатын өсiмдiктердi қорғау құралдары түрлерiнiң тiзбесiн және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 17 шiлдедегi № А-8/331 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7291 болып тiркелген, 2019 жылғы 29 шiлдеде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Ғ.К. Әбдiхалықовқа жүктелсiн.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi                                                 Е. Маржықпаев

Мақаланың шыққан күні: 26.06.2020 16:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2020 16:15

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz