A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерiнiң тiзбесi және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттiк қаржы көлемдерiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 19 мамырдағы № А-5/261 қаулысы

Жүктеу (DOCX 98 Kb)

Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 19 мамырда № 7857 болып тiркелдi

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 6 сәуiрдегi № 4-4/305 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11223 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Бекiтiлсiн:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерiнiң тiзбесi және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормалары;

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес тыңайтқыштарды (органикалық

тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттiк қаржы көлемдерi.

2. «Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерiнiң тiзбесi және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литрiне) арналған субсидиялардың нормаларын бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 18 қыркүйектегi № А-9/450 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7392 болып тiркелген, 2019 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегi эталондық бақылау банкiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Ғ.К. Әбдiхалықовқа жүктелсiн.

4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Ақмола облысының әкiмi                                                                   Е. Маржықпаев

Мақаланың шыққан күні: 12.06.2020 15:53
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.06.2020 15:53

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz