A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Ауылшаруашылық өнiмiн тереңдете өңдеп өндiруi үшiн сатып алынатын ауылшаруашылық өнiмдерiнiң бiрлiгiне арналған субсидиялар нормативiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 3 наурыздағы № А-3/107 қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4784 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 мамырда «Акмолинская правда», «Арқа ажары» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К. Әбдіхалықовқа жүктелсін. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Е. Маржықпаев

 

Ақмола облысы
әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы
№ А-3/107 қаулысына қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ А-4/123 қаулысына қосымша


Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін
сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің
бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы Тереңдете өңделген өнімдердің атауы Субсидия нормативі, теңге/килограмм
Шикі сүт сары май 39
Шикі сүт қатты ірімшік 42,7
Мақаланың шыққан күні: 10.06.2020 16:34
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.06.2020 10:42

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz