A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Ақмола облысы аумағында карантиндiк режимiн енгiзе отырып карантиндi аймағын белгiлеу туралы Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 6 мамырдағы № А-5/249 қаулысы

Жүктеу (DOCX 27 Kb)

Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 06 мамырда № 7851 болып тiркелдi

«Өсiмдiктер карантинi туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 29 маусымдағы бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетi Ақмола облыстық аумақтық инспекциясының 2020 жылғы 29 сәуiрдегi № 03-06-315 ұсынымының негiзiнде, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес залалданған алқаптардың көлемiнде, карантиндiк арамшөп — жатаған (қызғылт) укекiре бойынша Ақмола облысы аумағында карантиндiк режимiн енгiзе отырып карантиндi аймақ белгiленсiн.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес залалданған алқаптардың көлемiнде, карантиндiк арамшөп — далалық арамсояу бойынша Ақмола облысы аумағында карантиндiк режимiн енгiзе отырып карантиндi аймақ белгiленсiн.

3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес залалданған алқаптардың көлемiнде, орманның карантиндiк зиянкесi — жұпсыз жiбек көбелегi бойынша Ақмола облысы аумағында карантиндiк режимiн енгiзе отырып карантиндi аймақ белгiленсiн.

4. Осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкiмдiгiнiң кейбiр қаулыларының күшi жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары Ғ.К. Әбдiхалықовқа жүктелсiн.

6. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданылысқа енгiзiледi.

Облыс әкiмi Е. Маржықпаев

Мақаланың шыққан күні: 12.06.2020 15:47
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.06.2020 15:47

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz