A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
«Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 9 сәуірдегі № А-4/159 Ақмола облысы әкімдігінің қауылысы

Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2019 жылғы 12 сәуiрде № 7129 болып тiркелдi

Жүктеу (DOCX 17 Kb)

«Ауылшаруашылық өнiмiн тереңдете өңдеп өндiруi үшiн сатып алынатын ауылшаруашылық өнiмдерiнiң бiрлiгiне арналған субсидиялар нормативiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» 2019 жылғы 9 сәуiрдегi № А-4/159 Ақмола облысы әкiмдiгiнiң қауылысы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Өңдеушi кәсiпорындардың ауылшаруашылық өнiмiн тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10087 болып тiркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Ауылшаруашылық өнiмiн тереңдете өңдеп өндiруi үшiн сатып алынатын ауылшаруашылық өнiмдерiнiң бiрлiгiне арналған субсидиялар нормативiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы №А-4/123 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4784 болып тiркелген, 2015 жылғы 16 мамырда «Акмолинская правда», «Арқа ажары» газеттерiнде жарияланған) келесi өзгерiс енгiзiлсiн:

жоғарыда аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары А.С. Үйсiмбаевқа жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

                   Облыс әкiмi                                                                                      Е. Маржықпаев

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
20__ жылғы __________
№ __________ қаулысына
қосымша

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ А-4/123 қаулысына
қосымша

Ауылшаруашылық өнiмiн тереңдете өңдеп өндiруi үшiн
сатып алынатын ауылшаруашылық өнiмдерiнiң
бiрлiгiне арналған субсидиялар нормативi

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы Тереңдете өңделген өнімдердің атауы Субсидия нормативі, теңге/килограмм
Шикі сүт сары май 35
Шикі сүт қатты ірімшік 24
Мақаланың шыққан күні: 25.04.2019 09:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.04.2019 09:23

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz