A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары

«Ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығы.

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 23.07.2020 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары

Жүктеу (DOCX 24 Kb)

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрi — Заң) сәйкес әзiрлендi және ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау тәртiбiн, сондай-ақ "Ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн айқындайды.

2.Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одағы (бұдан әрi — тексеру одағы) — коммерциялық емес ұйым нысанында құрылған және оған кiретiн ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң қаржылық-шаруашылық қызметiнiң iшкi аудитiн, осы қызметтi үйлестiрудi, тексеру одағының мүшелерiне iшкi аудитке iлеспе қызметтер көрсетудi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн, тексеру одағының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де қызметтi жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң ерiктi бiрлестiгi;

2) көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органының құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi — жергiлiктi атқарушы орган) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiктi және оны сүйемелдеудi қамтамасыз ететiн тұлға;

3) өтiнiм — ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын өтеу үшiн тексеру одақтарының субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiм;

4) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмi (бұдан әрi — тiзiлiм) — агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялауға арналған өтiнiмдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәлiметтердiң жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрiнiс табатын өзге де мәлiметтер;

5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi — субсидиялау процестерiн орындау жөнiндегi қызметтердi көрсетуге арналған, "электрондық үкiметтiң" веб-порталымен өзара iс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi тiркеуге, сондай-ақ өтiнiмнiң субсидиялау талаптарына сәйкестiгiн автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкiндiк беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетушi персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтiрiлген жиынтығы;

6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы — Интернет желiсiнде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн интернет-ресурс;

7) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы — нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтерге және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе;

8) iшкi аудит қорытындысы — кооператив мүшелерiне және кооперативтiң бухгалтерлiк есептiлiгiн өзге де пайдаланушыларға арналған және тексеру одағының кооперативтiң бухгалтерлiк есептiлiгiнiң дұрыстығы, кооперативтiң бухгалтерлiк есептiлiктi жүргiзу тәртiбiнiң заңнамаға сәйкестiгi, кооперативтi басқару органдарының жарғының және заңнаманың ережелерiн сақтауы туралы бiлдiрген пiкiрiн, сондай-ақ кооперативтiң, кооперативтер одағының қаржылық-шаруашылық қызметi нәтижелерiнiң нашарлауына немесе олардың дәрменсiздiгiне (банкроттығына) әкеп соғуы мүмкiн анықталған бұзушылықтар туралы деректердi қамтитын ресми құжат;

9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

3. Жергiлiктi атқарушы орган 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау бойынша жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрi — Қаржыландыру жоспары) бекiтiлгеннен кейiн оны субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталына орналастырады.

2-тарау. Субсидиялар алушылар

4. Субсидиялар тексеру одақтарына ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын өтеу үшiн төленедi.

3-тарау. Субсидияларды алу шарттары

5. Субсидияларды алудың шарттары мыналар болып табылады:

1) "PDF (Portable Document Format)" электрондық форматындағы iшкi аудит қорытындысын (қол қойылған және тексеру одағының мөрiмен расталған қағаз нұсқаның сканерленген көшiрмесi) қоса бере отырып, "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм (бұдан әрi — өтiнiм) беру.

Субсидияларды беру процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ субсидияларды беру ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де мәлiметтердi қамтитын субсидиялар алуға қойылатын негiзгi талаптардың тiзбесi осы Қағидаларға 2 — қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында баяндалған.

Жергiлiктi атқарушы орган субсидияларды алу сатысы туралы деректердi Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтердi көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi .

"Электрондық үкiмет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық өзара iс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде өтiнiмнiң тiркелуi;

3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде жеке шоттың болуы тексеру одағына өтiнiмдi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеудi өз бетiнше жүзеге асыруға мүнкiндiк бередi, бұл жағдайда өтiнiм беру талап етiлмейдi және ол тiркелген сәтiнен бастап берiлген болып есептеледi;

4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөнiндегi ақпараттық жүйенiң ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде ауыл шаруашылығы кооперативтерiне iшкi аудит жүргiзу бойынша қызмет көрсету фактiсiнiң расталуы (тексеру одағының тиiстi электрондық шот-фактурасының болуы);

5) өзiне (өздерiне) қатысты өтiнiм берiлген ауыл шаруашылығы кооперативiнiң (-терiнiң) iшкi аудитiн жүргiзуге ағымдағы жылы субсидиялар төленбеген болуы.

6. Субсидияларды беруге арналған қажеттi мәлiметтердi қамтитын ақпараттық жүйе iстен шыққан жағдайда, жергiлiктi атқарушы орган ақпараттық жүйеге қолжетiлiмдiлiктi беретiн көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушiнi туындаған жағдай туралы дереу хабардар етедi, ол оны жоюға кiрiседi.

Бұл ретте, көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушi туындаған ақауды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзгеннен кейiн 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған жергiлiктi атқарушы орган қол қояды.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртiбi

7. Ағымдағы жылы жүргiзiлген ауыл шаруашылығы кооперативiнiң iшкi аудитiн жүргiзуге арналған өтiнiм тiркелген сәтке 130 (жүз отыз) айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшердегi шығындар субсидиялауға жатады.

5-тарау. Субсидияларды төлеу тәртiбi

8. Өтiнiмдердi қабылдау тексеру одағының аудитi жүргiзiлген ауыл шаруашылығы кооперативiнiң тiркелген жерi бойынша (заңды мекенжайы бойынша) жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны (қоса есептегенде) аралығында, "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

9. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы арқылы тiзiм деректерiне қолжетiмдiлiк (бұдан әрi — Жеке кабинет) беру үшiн:

1) тексеру одағында субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде өздiгiнен тiркелу үшiн ЭЦҚ-сы болады;

2) жергiлiктi атқарушы орган жыл сайын көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердiң өзектендiрiлген тiзiмiн жолдайды.

10. Жеке кабинетте тiркелу үшiн тексеру одағы мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi — толық атауы, бiрiншi басшының аты, әкесiнiң аты (бар болса) және тегi, жеке сәйкестендiру нөмiрi;

2) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

3) екiншi деңгейлi банктегi ағымдағы шотының деректемелерi.

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, тексеру одағы 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде Жеке кабинетке енгiзiлген жеке шот деректерiн өзгертедi.

11. Жеке кабинетте өтiнiмдi қалыптастыру және тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң осы Қағидалардың 5-тармағы 4) тармақшасының талаптарын тексеруi үшiн қажеттi мәлiметтердi енгiзе отырып, өтiнiм қалыптастырылады;

2) өтiнiм оған тексеру одағының ЭЦҚ-сын қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеледi және жергiлiктi атқарушы органның Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Жергiлiктi атқарушы органның электрондық мекенжайына өтiнiмнiң қарастыруға келiп түскенi туралы электрондық мәлiмдеме жолданады.

Тексеру одағы жергiлiктi атқарушы орган төлем шотын қалыптастырған сәтке дейiн тiркелген өтiнiмде деректердiң сәйкессiздiгiн анықтаса, тексеру одағының қайтарып алу себебiн көрсете отырып, өтiнiмдi қайтарып алуға мүмкiндiгi бар.

12. Жергiлiктi атқарушы орган өтiнiм тiркелген сәттен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде оның қабылданғанын ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою жолымен растайды, тексеру одағының жеке кабинетiне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында субсидияларды аудару туралы хабарлама не осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызмет көрсетуден дәлелдi бас тарту жiбередi. Осы хабарлама және мемлекеттiк қызметтi көрсетуден дәлелдi бас тарту тексеру одағының жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады.

13. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiздер болып табылады:

1) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн тексеру одағы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда;

2) тексеру одағының және (немесе) мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi ұсынылған мәлiметтердiң осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi негiз болып табылады.

14. Жергiлiктi атқарушы орган Қаржыландыру жоспарына сәйкес "электрондық үкiмет" веб-порталында "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидиялар төлем шотын осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес өтiнiмнiң қабылданғаны расталғаннан кейiн 2 (екi) жұмыс күн iшiнде қалыптастырады.

Субсидиялар көлемi тиiстi айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемiнен асып түсетiн өтiнiмдер бойынша субсидиялар төлеу келесi айда өтiнiм берiлген сәттен бастап кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.

6-тарау. Жергiлiктi атқарушы органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

15. Субсидиялар алу мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы органның шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жергiлiктi атқарушы органы басшысына, агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi — уәкiлеттiк орган), мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi.

16. Тексеру одағының шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес мыналар қарауы тиiс:

жергiлiктi атқарушы орган, уәкiлеттi орган — тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде;

мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган — тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде.

17. Жергiлiктi атқарушы органның, уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның шағымды қарау мерзiмi Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда, он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге ұзартылады:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергiлiктi жерге бара отырып тексеру жүргiзу;

2) қосымша ақпарат алу.

Шағымды қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды адам шағымды қарау мерзiмi ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде шағым берген тексеру одағына ұзарту себептерiн көрсете отырып, шағымды қарау мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткiзгiште берiлген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берiлген кезде) хабарлайды.

18. Тексеру одағы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

Мақаланың шыққан күні: 15.09.2020 18:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.09.2020 09:47

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz