A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары

Жүктеу (DOCX 131 Kb)

«Инвестициялық салымдар кезiнде агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi шеккен шығыстардың бiр бөлiгiн өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң м.а. 2018 жылғы 23 шiлдедегi № 317 бұйрығы.

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 01.08.2020 № 243 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Инвестициялық салымдар кезiнде агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi шеккен шығыстардың бiр бөлiгiн өтеу бойынша субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Инвестициялық салымдар кезiнде агроөнеркәсiптiк кешен субъектiсi шеккен шығыстардың бiр бөлiгiн өтеу бойынша субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, сондай-ақ «Мемлекеттiк статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және инвестициялық салымдар кезiнде агроөнеркәсiптiк кешен (бұдан әрi — АӨК) субъектiсi шеккен шығыстардың бiр бөлiгiн өтеу бойынша субсидиялау тәртiбiн айқындайды.

2. Инвестициялық салымдар кезiнде АӨК субъектiсi шеккен шығыстардың бiр бөлiгiн өтеу бойынша субсидиялаудың негiзгi мақсаты капиталды көп қажет етудi төмендету және салынған инвестициялардың өзiн-өзi ақтауын арттыру жолымен АӨК-нiң басым бағыттарында (секторларында) инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:

1) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтердi, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтердi және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiн көрсету, «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтердi, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiн көрсетуге өтiнiштер қабылдау және көрсетiлетiн қызметтi алушыға олардың нәтижелерiн беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, орналасқан жерi бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) ақпараттық жүйенiң веб-порталы (бұдан әрi — веб-портал) — Интернет желiсiнде орналастырылған, субсидиялау жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн интернет-ресурс;

3) АӨК-дегi инвестициялық жоба (бұдан әрi — инвестициялық жоба) — жаңа өндiрiстiк қуаттылықтар құруға немесе жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге (оның iшiнде жаңғыртуға), жобалар паспорттарына сәйкес техника, машиналар мен жабдықтар сатып алуға инвестициялар салуды көздейтiн iс-шаралар кешенi;

4) АӨК-дегi инвестор (бұдан әрi — инвестор (көрсетiлетiн қызметтi алушы) — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық салымдарды жүзеге асыратын АӨК субъектiсi;

5) арнайы шот — осы Қағидалардың 5-тарауының шарттарына сәйкес инвестициялық субсидиялардың сомалары аударылатын қаржы институтының екiншi деңгейдегi банктегi шоты;

6) бос бюджет — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының бюджетiнде тиiстi қаржылық жылға көзделген, инвестор (көрсетiлетiн қызметтi алушы) өтiнiм берген сәтке мiндеттемелерден бос бюджеттiк қаражаттар;

7) бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi (бұдан әрi — әкiмшi) — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi;

8) жеке шот — тiзiлiмде қамтылған, субсидиялауға арналған өтiнiмдердi тiркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тiркелген адамды сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;

9) жобаның паспорты — осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларда көрсетiлген инвестициялық субсидиялауға жататын жаңа өндiрiстiк қуаттылықтар құруға немесе жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге (оның iшiнде жаңғыртуға), техника, машиналар, жабдықтар және басқа негiзгi құралдарды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға арналған инвестициялық салымдар тiзбесi және оларды өтеу үлесi;

10) жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiк қуаттылықтарды кеңейту — жұмыс iстеп тұрған өндiрiстiк қуаттылықтарды жетiспейтiн немесе қажеттi жабдықпен (техникамен және машиналармен) жарақтандыруды немесе өндiрiстiк қуаттылықтарды ұлғайтуды және өндiрiс көлемiн ұлғайтуға және (немесе) өндiрiлетiн өнiмнiң өзiндiк құнын төмендетуге және (немесе) өндiрiлетiн өнiмнiң сапасын арттыруға, оның орамасын өзгертуге және (немесе) ассортиментiн кеңейтуге бағытталған өзге де iс-қимылдарды көздейтiн iс-шаралар, сондай-ақ, мақсаты нарықта жаңа тауарлық тауашаға орнығу, өткiзу нарықтарын кеңейту және басқалар болып табылатын iс-шаралар;

11) инвестициялық салымдар — жаңа өндiрiстiк қуаттарды құруға немесе жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған шығындар;

12) инвестициялық субсидиялау — инвестициялық салымдар кезiнде АӨК субъектiсi шеккен шығыстардың бiр бөлiгiн өтеу;

13) инвестициялық субсидиялау мәселелерi жөнiндегi жұмыс органы (бұдан әрi — жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi)) — инвесторлардың (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) өтiнiмдерiн қарастыруға және инвестициялық субсидияларды беруде төлеу/бас тарту туралы шешiм қабылдауға өкiлеттi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ауыл шаруашылығы саласындағы жергiлiктi атқарушы органы;

14) инвестициялық субсидиялау шарты — жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) мен инвестор (көрсетiлетiн қызметтi алушы) арасында жасалатын, инвестициялық субсидиялар қаражатын аударудың тәртiбi мен шарттарын, мониторинг барысын, тараптардың жауапкершiлiгiн және өзге де шарттарды көздейтiн келiсiм;

15) көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi — субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжеткiзудi және оны сүйемелдеудi қамтамасыз ететiн, мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) айқындайтын адам;

16) қаржы институттары — екiншi деңгейдегi банктер, банктiк операцияларды жүзеге асыру құқығына тиiстi лицензиясы бар микроқаржылық ұйымдар, кредиттiк ұйымдар, лизингтiк компаниялар, кредиттiк серiктестiктер;

17) өндiрiстiк кешен — ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге, өңдеуге, сақтауға, буып-түюге бағытталған өзара байланысты өндiрiстiк қуаттылықтар (ғимараттар, құрылысжайлар, монтаждалатын жабдық, инженерлiк желiлер) жиынтығы;

18) өтiнiм — осы Қағидаларға 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша инвесторлардың (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) инвестициялық салымдар кезiнде инвестициялық субсидиялар алуына арналған электрондық/қағаз түрiндегi өтiнiмi;

19) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi — субсидиялау процестерiн орындау бойынша қызметтердi көрсетуге арналған, субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi тiркеуге, сондай-ақ өтiнiмдi субсидиялау шарттарына сәйкестiгiне автоматты тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкiндiк беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетушi персонал мен техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтiрiлген жиынтығы;

20) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмi (бұдан әрi — тiзiлiм) — агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялауға арналған өтiнiмдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәлiметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрсетiлген өзге де мәлiметтер;

21) өтiнiмдердi мониторингтеу тiзiлiмi (бұдан әрi — мониторингтеу тiзiлiмi) — инвестициялық субсидиялауға арналған өтiнiмдер, инвестор (көрсетiлетiн қызметтi алушы) туралы, сондай-ақ қаражатқа қажеттiлiктi анықтау үшiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрiнiс табатын өзге де мәлiметтер;

22) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиiстiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

23) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты — мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын, мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi қамтитын негiзгi талаптар тiзбесi;

24) ауыл шаруашылығы машинасы (бұдан әрi — машина) — технологиялық процестердi орындау уақытында тiрек бетiне қатысты базалық және корпустық элементтердiң қозғалғыштығы тән, ауыл шаруашылығы жұмыстарын (егiншiлiкте және мал шаруашылығында) механикаландыруға арналған өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы техникасы, тiркемелi және аспалы құралдар;

25) ауыл шаруашылығы жабдығы (бұдан әрi — жабдық) — ауыл шаруашылығы жұмыстарын механикаландыруға, электрлендiруге және автоматтандыруға арналған, пайдаланылу ерекшелiгiне байланысты технологиялық процестердi орындау уақытында тiрек бетiне қатысты конструкцияның базалық және корпустық элементтерiнiң қозғалмауы тән ауыл шаруашылығы техникасы;

Мақаланың шыққан күні: 02.09.2020 17:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.09.2020 17:14

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz