A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары

Жүктеу (DOCX 25 Kb)

"Еңбек" нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2018 жылғы 27 қарашадағы № 477 бұйрығы.

Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 13.08.2020 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекiтiлген Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттiк бағдарламасының (бұдан әрi — "Еңбек" бағдарламасы) екiншi бағыты шеңберiнде, сондай-ақ 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Заңының (бұдан әрi — Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауды беру тәртiбiн, сондай-ақ "Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау" мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) — агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

2) жеке кабинет — тiзiлiмдегi пайдаланушының (микрокредит беру ұйымының, микроқаржы ұйымының, жұмыс органының) жеке веб-парақшасы;

3) дербес шот — өтiнiмдердi тiркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн тiзiлiмдегi жазбалар жиынтығы;

4) жергiлiктi атқарушы орган (бұдан әрi — ЖАО) — облыстың әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

5) көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiктi және оны сүйемелдеудi қамтамасыз ететiн тұлға;

6) қарыз — мерзiмдiлiк, ақылылық, қайтарымдылық және нысаналы пайдалану талаптарымен қарыз шарты негiзiнде микрокредит беру ұйымы микроқаржы ұйымдарына беретiн ақша сомасы. Кредит бiрыңғай сомамен де, бөлiктермен (транштармен) де берiледi;

7) қарыз шарты — микрокредит беру ұйымы мен микроқаржы ұйымы арасында жасалатын жазбаша келiсiм, оның шарттары бойынша микрокредит беру ұйымы шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде (олардың әкiмшiлiк бағыныстылығына қарамастан) кейiннен микрокредит беру үшiн микроқаржы ұйымына кредит бередi;

8) қызмет көрсетушi банк — қарыз шарттары бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы ағымдағы шотты жүргiзу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттi екiншi деңгейдегi банк;

9) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты — мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi;

10) микрокредит беру ұйымы — "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингi" акционерлiк қоғамының кредит беруге уәкiлеттi еншiлес ұйымы (бұдан әрi — "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның кредит беру жөнiндегi ЕҰ-сы);

11) микроқаржы ұйымы (бұдан әрi — МҚҰ) — коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесi әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелумен және есептiк тiркеуден өтуiмен айқындалатын, микрокредиттер беру жөнiндегi қызметтi, сондай-ақ "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес рұқсат етiлген қосымша қызмет түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлға;

12) операциялық шығыстар — "Еңбек" бағдарламасы шеңберiнде микрокредит беру ұйымынан қаражат алған сәттен бастап микрокредит беру саласындағы қызметтi жүзеге асырумен байланысты МҚҰ шығындары;

13) микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға арналған өтiнiм — микрокредит беруге жұмсалатын операциялық шығыстарды өтеу үшiн субсидиялар қаражатын төлеуге арналған МҚҰ-ның электрондық өтiнiмi;

14) субсидиялар қаражатын бөлу жөнiндегi жұмыс органы (бұдан әрi — жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi)) — ауыл шаруашылығы саласында функцияларды жүзеге асыратын облыстың жергiлiктi атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi;

15) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi — субсидиялау процестерiн орындау бойынша қызметтер көрсетуге, комиссия алуға арналған өтiнiмдi тiркеуге, сондай-ақ өтiнiмдi субсидиялау шарттарына сәйкестiгiне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге арналған, "электрондық үкiметтiң" веб-порталымен өзара iс-қимыл жасауға мүмкiндiк беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетушi персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылған-реттелген жиынтығы;

16) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы (бұдан әрi — веб-портал) — Интернет желiсiнде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн интернет-ресурс;

17) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмi (бұдан әрi — тiзiлiм) — субсидиялауға арналған өтiнiмдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, кредиторлар туралы мәлiметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрсетiлген өзге де мәлiметтер;

18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиiстiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын, ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық нышандар жиыны.

3. Шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде МҚҰ берген микрокредиттердi беруге жұмсалған операциялық шығыстар субсидиялауға жатады. МҚҰ субсидияларды алушылар болып табылады.

4. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен интеграцияланған, порталда жасалған соңғы қарыз алушыларға кредит беру шарттары бойынша микрокредиттер беруге жұмсалған операциялық шығыстар субсидиялауға жатады.

5. Операциялық шығыстарды субсидиялау жүзеге асырылып қойған, бұрын берiлген микрокредиттердiң қайтарым қаражаты (негiзгi борышты өтеу және сыйақы бойынша төлемдер) есебiнен МҚҰ берген микрокредиттердi беруге жұмсалған операциялық шығыстар субсидиялауға жатпайды.

6. Субсидиялар микрокредит беру үшiн шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде микрокредит беру ұйымы МҚҰ-ға берген игерiлген қаражат көлемiне сәйкес МҚҰ-ға төленедi.

7. МҚҰ жасалған субсидиялау шарттары бойынша жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) субсидиялар сомаларын аудару үшiн арнайы банктiк шот ашады, ал мұндай мүмкiндiк болмаған жағдайда, қызмет көрсетушi банкте арнайы шот ашады.

2-тарау. Субсидиялар алу шарттары

8. Субсидия мынадай шарттар сақталған кезде төленедi:

1) МҚҰ-ның микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялауға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы өтiнiм беруi;

2) субсидиялар көлемi тиiстi айға арналған қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемiнен асатын өтiнiмдер бойынша субсидияларды төлеу өтiнiм берiлген сәттен бастап кезектiлiк тәртiбiмен келесi айда жүзеге асырылады;

3) операциялық шығыстарды субсидиялауға бөлiнген бюджет қаражатының жетiспеуi пайда болған жағдайда жұмыс органы (қызмет берушi) микрокредит беру ұйымын ағымдағы қаржы жылында операциялық шығыстарды субсидиялауды тоқтата тұру туралы хабардар етедi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызметтi алуға қойылатын негiзгi талаптардың тiзбесi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Микроқаржы ұйымдарының операциялық шығыстарын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында баяндалған.

Веб-портал мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық өзара iс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

4) субсидиялауды тiркеу жүйесiнде өтiнiмдi тiркеу;

5) кредит алынғаны туралы қарыз алушының есептiк шотынан немесе кредит аударылғанын растайтын құжаттан үзiндi көшiрме;

6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде деректерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорларымен өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде расталған МҚҰ-ның жеке шотының болуы.

3-тарау. Субсидияларды есептеу тәртiбi

9. Субсидия мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi:

Ссуб = Сигер*10 % — Салын, мұнда:

1) Ссуб — субсидияланатын операциялық шығыстар сомасы;

2) Сигер — микрокредит беру ұйымынан алынған қорландыру есебiнен шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде МҚҰ берген микрокредиттi игеру сомасы;

3) Салын — осы қарыз шарты бойынша бұрын алынған субсидиялар сомасы.

Бөлшектi цифр алынған жағдайда, нәтижесiн азаю жағына қарай бүтiн цифрға дөңгелектеу қажет.

10. Субсидиялар мөлшерi "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның кредит беру жөнiндегi ЕҰ-дан алынған қорландыру қаражаты есебiнен шағын қалаларда және ауылдық елдi мекендерде МҚҰ берген микрокредиттер көлемiнiң 10%-ын құрайды.

4-тарау. Субсидияларды төлеу тәртiбi

11. Өтiнiмдердi қабылдау МҚҰ-ның тiркелген жерi (заңды мекенжайы) бойынша тиiстi жылдың 1 ақпанынан бастап 1 желтоқсанына (қоса алғанда) дейiн жүзеге асырылады.

12. Веб-портал (бұдан әрi — "жеке кабинет") арқылы тiзiлiм деректерiне қолжетiмдiлiк беру үшiн:

1) МҚҰ субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде өздiгiнен тiркелу үшiн ЭЦҚ алады;

2) жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi), микрокредит беру ұйымы, уәкiлеттi орган жыл сайын көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердiң өзектендiрiлген тiзiмдерiн жолдайды.

13. "Жеке кабинетте" тiркелу үшiн микроқаржы ұйымы мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, толық атауы; бiрiншi басшының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi және жеке сәйкестендiру нөмiрi;

2) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

3) екiншi деңгейдегi банктегi ағымдағы шотының деректемелерi.

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген кезде МҚҰ бiр жұмыс күнi iшiнде "жеке кабинетiне" енгiзiлген дербес шотының деректерiн өзгертедi.

14. "Жеке кабинетте" өтiнiмдi қалыптастыру мен тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) осы Қағидалардың 12-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң тексеруi үшiн қажеттi мәлiметтердi енгiзе отырып, өтiнiм қалыптастырылады;

2) өтiнiм МҚҰ-ның оған қол қоюы және микрокредит беру ұйымының ЭЦҚ пайдалана отырып растауы жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеледi және жұмыс органының (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Жұмыс органының (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) электрондық мекенжайына өтiнiмнiң қарауға келiп түскенi туралы электрондық хабарлама жiберiледi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұранымды қабылдау туралы субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi МҚҰ "жеке кабинетiнде" тиiстi мәртебе өтiнiмнiң қабылданғанын растау болып табылады.

Егер, жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) төлем тапсырмаларын қалыптастырғанға дейiн тiркелген өтiнiмдегi мәлiметтердiң сәйкессiздiгi анықталса, МҚҰ керi қайтару себебiн көрсете отырып, өтiнiмдi керi қайтарып алады.

15. Микрокредит беру ұйымы өтiнiм келiп түскен сәттен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде МҚҰ өтiнiмде көрсеткен ақпаратты растайды немесе деректер дұрыс емес болған жағдайда, растаудан бас тартады.

16. Жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) өтiнiм тiркелген сәттен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қойылған тиiстi хабарламаны қабылдау жолымен оны растайды. Бұл хабарлама дербес тiркелген жағдайда МҚҰ-ның субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi "жеке кабинетiнде" қолжетiмдi болады.

17. Жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) Қаржыландыру жоспарына сәйкес осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтiнiм берiлгеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

18. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия сомасын аудару туралы хабарлама не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарлама болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркелген кезде МҚҰ көрсетiлген электрондық почтаның мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi МҚҰ-ның "жеке кабинетiне" жiберiледi.

19. Көрсетiлетiн қызметтi берушi Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсету сатысы туралы деректердi енгiзудi қамтамасыз етедi.

20. Субсидиялау мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) МҚҰ-ның негiзгi борышты өтеу және/немесе сыйақы бойынша мiндеттемелерiн күнтiзбелiк 90 күннен астам мерзiмде орындамауы;

2) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша МҚҰ-ның шоттарына тыйым салынуы;

3) қарыз шарты бойынша МҚҰ-ның микрокредит беру ұйымы алдындағы мiндеттемелерiн толық өтеуi;

4) МҚҰ-ның бюджеттiк субсидияларды алудан бас тарту туралы жазбаша өтiнiшi;

5) қарыз шартын бұзу.

5-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

21. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша жұмыс органының (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым ЖАО басшысының атына, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi.

22. МҚҰ шағымы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қарауға жатады:

ЖАО — ол тiркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде;

мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган — тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде.

ЖАО-ның, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның шағымды қарау мерзiмi Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге ұзартылады:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергiлiктi жерге барып тексеру жүргiзу;

2) қосымша ақпарат алу.

Шағымды қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген лауазымды адам шағымды қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде шағым берген МҚҰ-ға ұзарту себептерiн көрсете отырып, шағымды қарау мерзiмiн ұзарту туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткiзгiште берiлген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берiлген кезде) хабарлайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, МҚҰ Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

6-тарау. Мониторинг

23. Микрокредит беру ұйымы ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 3-iне дейiнгi мерзiмде жұмыс органына (көрсетiлетiн қызметтi берушiге) МҚҰ арқылы микрокредит берудiң нақты игерiлген сомасы және субсидиялау көлемi туралы ақпарат бередi.

Жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) микрокредит беру ұйымының ақпараты негiзiнде жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органға және уәкiлеттi органға ақпаратты ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 5-iне дейiнгi мерзiмде, жартыжылдық және есептiк жыл қорытындылары бойынша ақпаратты есептi айдан кейiнгi айдың 10-ына дейiнгi мерзiмде бередi.

24. Уәкiлеттi орган жұмыс органының (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) ақпараты негiзiнде ай сайын, есептi айдан кейiнгi айдың 10-ына дейiн халықты жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға МҚҰ арқылы берiлген микрокредиттер және субсидиялау сомалары жөнiнде ақпарат бередi.

Мақаланың шыққан күні: 14.09.2020 17:19
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.09.2020 17:24

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz