A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары

Жүктеу (DOCX 28 Kb)

«Өңдеушi кәсiпорындардың ауылшаруашылық өнiмiн тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығы

Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 30.07.2020 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, "Мемлекеттiк статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заңы) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және тиiстi қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялау (бұдан әрi — субсидиялар) тәртiбiн, сондай-ақ "Өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттiк қызметтi көрсету (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыл шаруашылығы мәселелерi бойынша жергiлiктi атқарушы орган (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi;

2) кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы — ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерден, ауыл шаруашылығы кооперативтерi мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алу жүзеге асырылатын, өзiндiк құны мен рентабельдiлiгi ескерiле отырып белгiленетiн баға;

3) көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi — мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушi айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiктi және иесi ретiнде оны сүйемелдеудi қамтамасыз ететiн тұлға;

4) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты — мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi;

5) нақты сатып алу бағасы — өңдеушi кәсiпорындар ауыл шаруашылығы өнiмi үшiн бiр өтiнiм шеңберiнде шот-фактураларға сәйкес нақты төлеген орташа баға;

6) өтiнiм — өңдеушi кәсiпорындардың тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алуға субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiм;

7) өтiнiм берушi/көрсетiлетiн қызметтi алушы — ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн оны сатып алуды жүзеге асыратын өндеушi кәсiпорын;

8) сатып алу бағасы — бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiру үшiн ауыл шаруашылығы өнiмiне өңдеушi кәсiпорындар ұсынуы мүмкiн баға;

9) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi — субсидиялау процестерiн орындау жөнiндегi қызметтердi көрсетуге арналған "электрондық үкiмет" веб-порталымен өзара iс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтiнiмдi тiркеуге, сондай-ақ өтiнiмдi субсидиялау талаптарына сәйкестiгiне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкiндiк беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, көрсетiлетiн қызметтi берушiлер персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтiрiлген жиынтығы;

10) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы — субсидиялау жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн интернет-ресурс;

11) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмi (бұдан әрi — тiзiлiм) — агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялауға арналған өтiнiмдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәлiметтердiң жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрсетiлген өзге де мәлiметтер;

12) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы — нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттар беру жөнiндегi қызметтерге және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе;

13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң мiндетiн атқарушының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 477 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 19856 болып тiркелген) бекiтiлген кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгiленетiн ауыл шаруашылығы өнiмiнiң тiзбесiне (бұдан әрi — өнiмдер тiзбесi) сәйкес өндеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн оны сатып алуға жұмсайтын шығындары субсидиялауға жатады.

4. Субсидиялау кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеудi болжайды.

Субсидиялар өңдеушi кәсiпорындарға ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерден, ауыл шаруашылығы кооперативтерi мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнiмдерiн ағымдағы жылы және алдыңғы жылдың төртiншi тоқсанына сатып алуға кеткен шығындары үшiн төленедi.

5. Субсидияларды есептеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкiлiктi өнiмдi бастапқы өнiмге қайта есептеу коэффициентi мен өнiмдер тiзбесiне сәйкес сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң бiрлiгiне арналған субсидиялар нормативтерi (бұдан әрi — субсидиялар нормативi) ескерiле отырып, өнiмдер тiзбесiне сәйкес жүзеге асырылады.

6. Субсидиялар нормативiн айқындау үшiн құрамында облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдiгiнiң, сондай-ақ салалық қоғамдық бiрлестiктердiң, өңдеушi кәсiпорындардың, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасының өңiрлiк палаталарының өкiлдерi бар комиссия құрылады. Комиссия құрамы облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң шешiмiмен айқындалады және бекiтiледi.

Комиссия төрағасы облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмiнiң орынбасары болып табылады.

7. Комиссия құрамы жыл сайын қалыптастырылады және 9 (тоғыз) адамнан кем болмауы тиiс.

8. Комиссия ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердiң алдыңғы жылғы орташа бағалары бойынша статистикалық деректер талдауының қорытындылары бойынша жылдық инфляция деңгейiн есепке ала отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ағымдағы жылға кепiлдендiрiлген сатып алу бағасын (Бкеп.сат ) айқындайды.

9. Комиссия алдыңғы жылғы өңдеушi кәсiпорындардың дайын өнiмiне қалыптасқан нарықтық бағалар бойынша жиналған деректер негiзiнде ағымдағы жылға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңдеушi кәсiпорындарының ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алу бағасын айқындайды.

10. Ауыл шаруашылшығы өнiмiне сатып алу бағасын есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

Бсат = ((Бнар*Ииф) — ҚҚС -Рөңдеу — Шөңдеу)/Кқ

мұнда:

Бсат — сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

Бнар — алдыңғы жылғы өнiм бiрлiгiнiң нақты қалыптасқан нарықтық бағасы, теңге/килограмм (өңдеушi кәсiпорындардың деректерi немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетiнiң (бұдан әрi — ҚР ҰЭМ СК) www.stat.gov.kz ресми сайтында орналастырылатын "Бағалар және тарифтер" бөлiмiнiң "Қазақстан Республикасындағы негiзгi азық-түлiк тауарларының бөлшек сауда бағасы" статистикалық бюллетенi бойынша ҚР ҰЭМ СК қалыптастыратын ресми статистикалық ақпарат);

Ииф — инфляция деңгейi, % (алдыңғы жылға ресми статистикалық ақпарат);

ҚҚС — қосылған құн салығы (12%);

Рөңдеу — өңдеудiң рентабельдiлiгi (10%);

Ш өңдеу — тiкелей өңдеуге жұмсалған шығындар, теңге/килограмм;

Кқ — осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкiлiктi өнiмдi бастапқы өнiмге қайта есептеу коэффициентi.

Кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы негiзiнде субсидиялар нормативi мынадай формула бойынша айқындалады:

Нсуб = Бкеп.сат — Бсат

мұнда:

Нсуб — өнiм бiрлiгiне субсидиялар нормативi, теңге/килограмм;

Бкеп.сат — кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

Бсат — сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

Кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасын айқындау туралы шешiм комиссияның хаттамалық шешiмiмен бекiтiледi.

Кепiлдендiрiлген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы дайын өнiм өндiрiсiнiң нормативтiк рентабельдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында субсидиялар нормативiн айқындау үшiн есептiк көрсеткiш болып табылады.

Егер нақты сатып алу бағасы кепiлдендiрiлген сатып алу бағасынан төмен болса, онда субсидиялар нормативi мынадай формула бойынша төмендейдi:

Нсуб. қысқарт = Бн.сат — Бсат

мұнда:

Нсуб.қысқарт. — өнiм бiрлiгiне субсидиялардың төмендетiлген нормативi, теңге/килограмм;

Бн.сат — нақты сатып алу бағасы, теңге/килограмм;

Бсат — сатып алу бағасы, теңге/килограмм.

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушi субсидиялар нормативтерiн субсидияның әр нормативi бойынша негiздемелермен қоса облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмiнiң, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқарушы адамның қолы қойылған iлеспе хатпен екi данада Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң (бұдан әрi — Министрлiк) қарауына бередi. Министрлiктiң субсидиялар нормативтерiн қарау мерзiмi хат келiп түскен күннен бастап 7 (жетi) жұмыс күнiн құрайды.

Оң нәтиже болған жағдайда, Министрлiк тиiстi iлеспе хатпен субсидиялар нормативтерiнiң бiр данасын керi қайтарады.

Терiс нәтиже болған жағдайда, Министрлiк уәждi бас тартуы бар хатпен субсидиялар нормативтерiнiң екi данасын да керi қайтарады. Бұл ретте, пысықталған субсидиялар нормативтерi Министрлiкке 7 (жетi) жұмыс күнi iшiнде қайта қарауға жолданады.

Субсидиялар нормативтерi облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiледi.

Субсидиялар нормативтерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Қағидалардың осы тармағында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

12. Көрсетiлетiн қызметтi берушi жыл сайын тиiстi жылдың бiрiншi сәуiрге дейiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесi веб-порталында және облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында субсидиялар алуға арналған өтiнiмдердi қабылдаудың мерзiмдерi туралы, белгiленген субсидиялар нормативтерi туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз етедi.

13. Көрсетiлетiн қызметтi берушi субсидияға арналған жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрi — қаржыландыру жоспары) бекiтiлгеннен кейiн 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде оны субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталына орналастырады.

Бұл ретте, көрсетiлетiн қызметтi берушi бөлiнген бюджеттiк қаражатты өнiмдер тiзбесiнде көрсетiлген субсидияланатын өнiмдер бойынша бөледi және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталына орналастырады.

Өнiмдер тiзбесiнде көрсетiлген субсидияланатын өнiмдердiң бiрi бойынша өтiнiм болмаған жағдайда, бюджеттiк қаражатты өнiмдер тiзбесiнде көрсетiлген, субсидияланатын өнiмдер арасында бiр жыл iшiнде қайта бөлуге жол берiледi.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

1-параграф. Субсидия алу шарттары

14. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленедi:

1) өңдеушi кәсiпорындардың "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн оны сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялауға арналған өтiнiм беруi;

Субсидия беру процесiнiң, нысанының, мазмұнының және нәтижесiнiң сипаттамасынан тұратын субсидияларды алуға қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi, сондай-ақ субсидия берудiң ерекшелiгiн есепке ала отырып өзге де мәлiметтер осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Өңдеушi кәсiпорындардың ауыл шаруашылығы өнiмiн тереңдете өңдеп өнiм өндiруi үшiн оны сатып алу шығындарын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында жазылған.

"Электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық өзара iс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2) өңдеушi кәсiпорын берген және ЭЦҚ-мен қол қойылған өтiнiмнiң субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркелуi;

3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөнiндегi ақпараттық жүйенiң ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде өңдеушi кәсiпорынның ауыл шаруашылығы өнiмiн сатып алғанының расталуы (ауыл шаруашылығы өнiмiн жеткiзушiнiң алдыңғы жылдың төртiншi тоқсанынан бұрын жазып берiлген тиiстi электрондық шот-фактурасының болуы).

15. Субсидия беру үшiн қажеттi мәлiметтердi қамтитын ақпараттық жүйе iстен шыққан жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi туындаған жағдай туралы көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушiнi дереу хабардар етедi, ол оны жоюға кiрiседi.

Бұл ретте, көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушi туындаған iстен шығуды жою жұмысын жүргiзгеннен кейiн 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде техникалық проблема туралы хаттама дайындайды және оған көрсетiлетiн қызметтi берушi қол қояды.

2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртiбi

16. Субсидиялар мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi:

S = (V*Кқ)*Нсуб,

мұнда:

S — субсидиялар мөлшерi, теңге;

V — өндiрiлген өнiмнiң көлемi, килограмм;

Кқ — осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес түпкiлiктi өнiмдi бастапқы өнiмге қайта есептеу коэффициентi;

Нсуб — субсидиялар нормативi, теңге/килограмм.

Егер, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сатып алынған көлемi (V*Кқ) осы Қағидалардың 14-тармағы 3) тармақшасына сәйкес расталған нақты сатып алынған көлемнен асып кетсе, онда субсидиялар сомасын есептеу үшiн ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты сатып алынған көлемi пайдаланылады.

3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртiбi

17. Өтiнiмдердi қабылдау өңдеушi кәсiпорынның тiркелген орны бойынша тиiстi жылдың 1 наурызынан 1 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.

18. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы (бұдан әрi — Жеке кабинет) арқылы тiзiлiм деректерiне қолжетiмдiлiк беру үшiн:

1) өңдеушi кәсiпорынның субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде өз бетiнше тiркелуi үшiн ЭЦҚ-сы болуы тиiс;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi, Министрлiк жыл сайын көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердiң өзектендiрiлген тiзiмдерiн жiбередi.

19. Жеке кабинетте тiркелу үшiн өңдеушi кәсiпорындар мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) дара кәсiпкерлер үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН), аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi;

2) заңды тұлғалар үшiн: бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, толық атауы, аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi және бiрiншi басшының ЖСН-сы;

3) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электронды почта мекенжайы);

4) екiншi деңгейдегi банктiң немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелерi.

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгертiлген жағдайда, өңдеушi кәсiпорын 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде Жеке кабинетке енгiзiлген жеке шоттың деректерiн өзгертедi.

20. Өтiнiмдi қалыптастыру мен тiркеу Жеке кабинетте мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң осы Қағидалардың 14-тармағы 3) тармақшасының талаптарын тексеруi үшiн қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып, өтiнiм қалыптастырылады;

2) өтiнiм субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде өңдеушi кәсiпорын ЭЦҚ пайдалана отырып, оған қол қоюы арқылы тiркеледi және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң электрондық мекенжайына қарауға өтiнiм келiп түскенi туралы электронды хабарлама жолданады.

Өңдеушi кәсiпорын көрсетiлетiн қызметтi берушi төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейiн тiркелген өтiнiмдегi деректердiң сәйкессiздiгiн анықтаса, өңдеушi кәсiпорынның қайтарып алу себебiн көрсете отырып, өтiнiмдi қайтарып алуға мүмкiндiгi бар.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету сатысы туралы деректердi Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi.

21. Көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiмдi тiркеген сәттен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны қолдана отырып, қол қою арқылы оны қабылдағанын растайды, көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында субсидиялардың аударылғандығы немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанында мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi хабарлама жiбередi.

22. Көрсетiлетiн қызметтi берушi осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес өтiнiм қабылданғанын растағаннан кейiн 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi берушi қаржыландыру жоспарына сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидиялар төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.

Субсидиялар көлемi тиiстi айдағы қаржыландыру жоспарында көзделген бюджеттiк қаражат көлемiнен асатын өтiнiмдер бойынша субсидиялар төлеу келесi айда өтiнiм берiлген сәттен бастап кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.

Өтiнiм берiлген субсидия көлемдерi тиiстi бюджеттiк бағдарлама бойынша жергiлiктi бюджетте көзделген сомадан асқан жағдайда, жергiлiктi бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасында белгiленген тәртiппен тиiстi жергiлiктi бюджеттi бекiту туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер енгiзу жолымен бөлiнедi.

Тиiстi қаржы жылына жергiлiктi бюджетте көзделген бюджеттiк қаражат толық игерiлген және қосымша қаражат болмаған жағдайда, өтiнiм қабылдау тоқтатылады.

23. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуға мыналар негiз болып табылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы мәлiметтердiң дұрыс еместiгiнiң анықталуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн қажеттi ұсынылған мәлiметтердiң осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi.

3-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

24. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi — уәкiлеттi орган), мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға берiлуi мүмкiн.

25. Көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

көрсетiлетiн қызметтi берушi, уәкiлеттi орган — оның тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде;

мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган — оның тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қарауы тиiс.

26. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, уәкiлеттi органның, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның шағымды қарау мерзiмi Заңның 25-бабы 4-тармағына сәйкес:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру немесе жергiлiктi жерге бара отырып, тексеру жүргiзу;

2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнiнен артық емес мерзiмге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкiлеттiк берiлген лауазымды адам шағымды қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде шағым берген өтiнiш берушiге ұзарту себептерiн көрсете отырып, шағымды қарау мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткiзгiште берiлген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берiлген кезде) хабарлайды.

27. Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

Мақаланың шыққан күні: 15.09.2020 10:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.09.2020 10:31

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz