A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары

Жүктеу (DOCX 48 Kb)

«Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығы.

Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 13.08.2020 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау тәртiбiн, сондай-ақ "Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау" мемлекеттiк қызметтi көрсету (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi атқарушы орган — ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi — ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi));

2) банк — "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға;

3) жеке кабинет — пайдаланушының (қарыз алушының, кепiлгердiң/сақтандыру ұйымының, ауыл шаруашылығы мәселелерi бойынша ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң)) субсидиялауға арналған электрондық тiзiлiмдегi жеке веб-парақшасы;

4) жеке шот — субсидиялауға арналған электрондық тiзiлiмде қамтылған, субсидиялауға арналған өтiнiмдердi тiркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;

5) кепiлдiк — қарыз алушының мiндеттемелерi бойынша банк алдында кепiлгердiң ортақ жауапкершiлiгiн iшiнара растайтын құжат;

6) кепiлгер — "ҚазАгро" Холдингi" акционерлiк қоғамының кепiлдiктер беруге уәкiлеттi еншiлес ұйымы (бұдан әрi — "ҚазАгро" Холдингi" АҚ-ның кепiлдiк беру жөнiндегi ЕҰ);

7) кепiлдiк бойынша төлем/сақтандыру төлемi — талап ету құқығы пайда басталған кезде кепiлдiк/сақтандыру сомасы көлемi шегiнде кепiлгер/сақтандыру ұйымы кредиторға төлейтiн қаражат сомасы;

8) кепiлдiк жөнiндегi комиссия/сақтандыру сыйлықақысы — қарыз алушы және (немесе) ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) кепiлгерге/сақтандыру ұйымына соңғылардың талап ету құқығы басталған кезде кредиторға кредиттiң кепiлдендiрiлген/сақтандырылған бөлiгiн төлеудi жүргiзу мiндеттемелерiн қабылдағаны үшiн төлемдер түрiнде төлейтiн қаражат сомасы;

9) кепiлдiк көлемi/сақтандыру сомасы — оған кепiлдiк берiлген немесе талап ету құқығы басталған кезде кепiлгердiң/сақтандыру ұйымының кредитор алдындағы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемi болып табылатын қарыздың бiр бөлiгi сақтандырылған қаражат сомасы;

10) кепiлдiк шарты — қарыз алушы, банк және кепiлгер арасында жасалған үшжақты жазбаша келiсiм;

11) кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтiнiм — кепiлдендiру бойынша субсидия алуға өтiнiм бергенге дейiн кепiлгердiң субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде субсидия сомасын резервке қою арналған электрондық өтiнiмi;

12) кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған өтiнiм — қарыз алушының кредиттерi бойынша берiлген комиссияның бiр бөлiгiн субсидиялауға берiлетiн кепiлгердiң электрондық өтiнiшi;

13) кредит — банктiң Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ақылылық, мерзiмдiлiк, қайтарымдылық, қамтамасыз етiлу және нысаналы мақсат шарттарымен кредит шарты бойынша қарыз алушыға беретiн қарыз қаражаты;

14) қарыз алушы — кредитормен қарыз шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ дара кәсiпкер (оның iшiнде шаруа (фермер) қожалығы);

15) кредитор — екiншi деңгейдегi банктер, банктiк операцияларды жүзеге асыру құқығына тиiстi лицензиясы бар агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдары, сондай-ақ агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы лизингтiк компаниялар, кредиттiк серiктестiктер мен микроқаржы ұйымдары;

16) кредиттiк шарт — банк пен кәсiпкер арасындағы жазбаша келiсiм, оның шарты бойынша банк кәсiпкерге кредит бередi. Кредит шартына кредиттiк желiнi ашу туралы келiсiм де кiредi;

Ислам Банкi үшiн кредиттiк шарт қаржыландыру шарты деп түсiнiледi — ислам банкi мен кәсiпкер арасында жасалған жазбаша келiсiм, оның талаптары бойынша ислам банкi кәсiпкер-сатып алушыға немесе тауар сатушыға коммерциялық кредит бередi. Қаржыландыру шартына сондай-ақ бас қаржыландыру келiсiмi жатады, оның шеңберiнде ислам банкi мен кәсiпкер коммерциялық кредит (қаржыландыру) беру туралы жекелеген шарттар жасасады. Коммерциялық кредит деп исламдық банктердiң кәсiпкердiң сауда делдалы ретiнде кәсiпкердiң сауда қызметiн кәсiпкерге тауар бағасынан және тауарға үстеме бағадан қалыптасатын тауарды сату бағасы бойынша төлемдi кейiнге қалдыра отырып немесе бөлiп-бөлiп төлей отырып тауарды сату жолымен қаржыландыруы түсiнiледi;

17) көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушi — мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) айқындайтын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қол жеткiзудi және оны сүйемелдеудi қамтамасыз ететiн тұлға;

18) сақтандыру ұйымы — қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

19) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi — субсидиялау процестерiн орындау жөнiндегi қызметтердi көрсетуге арналған, "электрондық үкiмет" веб-порталымен өзара iс-қимыл жүргiзуге, сондай-ақ өтiнiмдi субсидиялау шарттарына сәйкестiгiне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкiндiк беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететiн персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтiрiлген жиынтығы;

20) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы (бұдан әрi — веб-портал) — Интернет желiсiнде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн интернет-ресурс;

21) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмi (бұдан әрi — тiзiлiм) — субсидия алуға арналған өтiнiмдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, кредиторлар туралы мәлiметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрсетiлген өзге де мәлiметтер;

22) талап ету құқығы — оның басталуымен кепiлдендiру/сақтандыру шарты кепiлдiк бойынша төлемдi/сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;

23) ұсыныс — электрондық цифрлық қолтаңбалар қойылған, қарыз алушы мен сақтандыру ұйымының субсидиялау шартын жасасуға арналған бiрлескен электрондық ұсынысы;

24) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы — нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге, табиғи монополия субъектiлерiнiң желiлерiне қосылуға техникалық шарттар беру жөнiндегi қызметтерге және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе;

25) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын, ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық нышандар жиыны.

3. Кепiлдiк бойынша комиссияның бiр бөлiгiн субсидиялау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерi бойынша және мынадай талаптарға сәйкес келетiн кредиттiк шарттар бойынша жүзеге асырылады::

1) банктер инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға беретiн (оның iшiнде жаңартылатын негiзде), бұл ретте айналым қаражатының мөлшерi кредит сомасының 50 (елу) пайызынан (бұдан әрi — %) аспайды. Егер осы кредиттiң мөлшерi қарыз алушының жалпы кредиттелетiн сомасының 50 (елу) %-ынан аспаса, 100 (жүз) % айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша кепiлдiктi субсидиялауға жол берiледi;

2) кредит мерзiмi — 10 (он) жылдан аспайды;

3) сыйақы мөлшерлемесi немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кiрiстiлiк мөлшерлемесi теңгемен жылдық 17 (он жетi) %-дан артық емес мөлшерде;

4) кредит валютасы — теңге;

5) жеңiлдiктi кезең өткеннен кейiн негiзгi борышты жыл сайын тең үлестермен өтеумен

6) ең жоғары сомасы 3 (үш) миллиард теңгеден артық емес;

7) нысаналы мақсаты негiзгi құралдарды сатып алу, құрылыс, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықты сатып алуға айналым қаражатын толықтыру болып табылады.

4. Кепiлдiк мөлшерi — (осы Қағидалардың 5-тармағын қоспағанда) негiзгi берешек сомасының 50 (елу) %-ынан артық емес.

5. Басым инвестициялық жобалар бойынша кепiлдiк мөлшерi жоба пайдалануға берiлгенге дейiн 85 (сексен бес) %-дан аспайды. Жобаны пайдалануға бергеннен кейiн кепiлдiк мөлшерi осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес мөлшерге дейiн төмендейдi.

Басым инвестициялық жобалардың тiзбесi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалған.

Жоба бойынша ғимараттар мен құрылыс-жайларды пайдалануға беру актiсiн уәкiлеттi органда тiркеу және (немесе) уәкiлеттi органда техниканы тiркеу және /немесе құны жоба құнының кемiнде 50 (елу) %-ын құрайтын жабдықтарды және (немесе) биологиялық активтердi қабылда-беру актiсiне қол қою жобаны пайдалануға беру болып есептеледi.

6. Кепiлдiк беру үшiн комиссия кепiлдiк соммасының 30 (отыз) %-нан аспайды, бұл ретте кепiлдiк соммасының 29,9 (жиырма тоғыз бүтiн оннан тоғыз) % -дан аспайтын бiр реттiк субсидиялау жүзеге асырылады.

7. Сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бiр бөлiгiн субсидиялау мынадай шарттарға сәйкес келетiн қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады:

1) сыйақы мөлшерлемесi немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кiрiстiлiк мөлшерлемесi теңгемен жылдық 17 (он жетi) %-дан артық емес мөлшерде;

2) ең жоғары сомасы 1,5 миллиард теңгеден артық емес;

3) нысаналы мақсаты негiзгi құралдарды сатып алу, құрылыс, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықты сатып алуға айналым қаражатын толықтыру болып табылады.

8. Сақтандыру сомасы кредит бойынша негiзгi берешек сомасының 50 (елу) %-нан артық болмауы тиiс.

9. Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасының 30 (отыз) %-ынан артық болмауы тиiс, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының 50 (елу) %-дан аспайтын бiр реттiк субсидиялау жүзеге асырылады.

10. Кредитордың сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы қарызды өтеудiң екiншi кезегiнде басталады. Егер қарыздың өтелмеген/мерзiмi өткен бөлiгiнiң мөлшерi берiлген қарыз сомасының 50 (елу) %-ынан артық болмаса, сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздемейдi.

11. Егер қарыздың өтелмеген/мерзiмi өткен бөлiгiнiң мөлшерi берiлген қарыз сомасының 50 (елу) %-нан артық болса, сақтандыру ұйымы берiлген қарыздың 50 (елу) %-ы мен өтелмеген/мерзiмi өткен бөлiк мөлшерi арасындағы айырмашылықтан аспайтын мөлшерде сақтандыру төлемiн жүзеге асырады.

12. Субсидиялау шарты сақтандыру шартының мерзiмi аяқталғанға дейiн бұзылған жағдайда субсидиялау шартын қайта жасасуға жол берiлмейдi.

13. Ұсыныс берiлгенге дейiн 30 (отыз) жұмыс күнiнен ерте жасалған сақтандыру шарттары субсидиялауға жатпайды.

14. Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау жөнiндегi жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi — Қаржыландыру жоспары) бекiткеннен кейiн 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде оны веб-порталда орналастырады.

2-тарау. Субсидия алу шарттары

15. Кепiлдендiру бойынша субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленедi:

1) кепiлгер кепiлдiк шарты жасалғаннан кейiн осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған өтiнiмдi "электрондық үкiмет" веб-порталының субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен өзара iс-қимылы арқылы электронды түрде беруi;

2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған өтiнiмдi тiркеуi;

3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде деректерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорларымен ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде расталған кепiлгерде жеке шотының болуы.

16. Сақтандыру бойынша субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленедi:

1) сақтандыру ұйымы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтандыру бойынша субсидиялауға арналған өтiнiмдi "электрондық үкiмет" веб-порталының субсидиялаудың ақпараттық жүйесiмен өзара iс-қимылы арқылы электронды түрде беруi;

2) сақтандыру бойынша субсидиялауға арналған өтiнiмдi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеуi;

3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде деректерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорларымен ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде расталған қарыз алушыда және сақтандыру ұйымында жеке шоттарының болуы;

4) веб-порталда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын сақтандыру шеңберiндегi қолданыстағы (бұзылмаған және тоқтатылмаған) субсидиялау шартын сақтандыру бойынша субсидиялауға берiлген өтiнiмнiң болуы.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң қарыздарын кепiлдендiру мен сақтандыру шеңберiнде субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында баяндалған.

Веб-портал мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық өзара iс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

18. Субсидия беру үшiн қажеттi мәлiметтердi қамтыған субсидиялаудың ақпараттық жүйесi iстен шыққан жағдайда, ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) туындаған ахуал туралы оны жоюға кiрiсетiн субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушiнi дереу хабардар етедi.

Бұл ретте, көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi туындаған iстен шығуды жою жөнiндегi жұмысты жүргiзгеннен кейiн 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) қол қояды.

Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес субсидия алу сатысы туралы дерекетердi мемлекеттiк қызмет көрсету мониторингтiң ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi.

3-тарау. Субсидияларды төлеу тәртiбi

1-параграф. Кепiлдендiру бойынша субсидиялар төлеу тәртiбi

19. Веб-портал (бұдан әрi — жеке кабинет) арқылы тiзiлiм деректерiне қол жеткiзудi ұсыну үшiн:

1) кепiлгер субсидиялардың ақпараттық жүйесiнде өздiгiнен тiркеу үшiн ЭЦҚ алады;

2) кепiлгер жыл сайын көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар өзектендiрiлген жұмыскерлердiң тiзiмiн жолдайды.

Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) жыл сайын 20 қаңтарға дейiн көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар өзектендiрiлген жұмыскерлердiң тiзiмiн жолдайды.

Субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қол жеткiзу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне өтеусiз негiзде тұрақты онлайн режимiнде ұсынылады.

20. Жеке кабинетте тiркелу үшiн кепiлгер мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) бизнес сәйкестендiру нөмiрi, толық атауы, бiрiншi басшының тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса) және жеке сәйкестендiру нөмiрi;

2) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

3) екiншi деңгейдегi банктiң ағымдағы шотының деректемелерi.

Жоғарыда көрсетiлген мәлiметтер өзгерген жағдайда, кепiлгер 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде жеке кабинетке енгiзiлген жеке шот деректерiн өзгертедi.

21. Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтiнiмдi қалыптастыру және тiркеу жеке кабинетте мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) банкке кредит алуға өтiнiм келiп түскен кезде (кепiлгерге кепiлдiк беруге өтiнiммен одан әрi жүгiну ниетiмен) банк кепiлдендiру бойынша субсидия алуға алдын ала өтiнiм қалыптастырылатын кепiлгерге хабарлайды;

2) кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтiнiм ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, кепiлгердiң қол қоюы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеледi және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) электрондық мекенжайына кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтiнiмнiң қарауына келiп түскенi туралы электрондық хабарлама жiберiледi.

Кепiлдiк шартын жасасқаннан кейiн кепiлгер кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған алдын ала өтiнiмдi қайтарып алады және кепiлдендiру бойынша субсидия алуға өтiнiм бередi.

22. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған өтiнiмдi қалыптастыру және тiркеу жеке кабинетте мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiн тексеру үшiн қажеттi мәлiметтердi енгiзе отырып, кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған өтiнiм қалыптастырылады;

2) кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған өтiнiм ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, кепiлгердiң қол қоюы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеледi және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) электрондық мекенжайына кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған өтiнiмнiң қарауына келiп түскенi туралы электрондық хабарлама жiберiледi.

23. Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) жауапты орындаушысы кепiлдендiру бойынша субсидиялауға өтiнiм тiркелген сәттен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде тиiстi хабарламаға ЭЦҚ қою арқылы оның қабылдағанын растайды. Субсидиялауға өтiнiмдi растау электрондық құжат түрiнде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде кепiлгердiң жеке кабинетiне жiберiледi.

Егер ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) төлем шоттарын қалыптастырғанға дейiн кепiлдендiру бойынша субсидия алуға тiркелген өтiнiмде деректердiң сәйкессiздiгi анықталған жағдайда, кепiлгер қайтарып алу себептерiн көрсете отырып, кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған өтiнiмдi қайтарып алады.

24. Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) жауапты орындаушысы кепiлдендiру бойынша субсидиялауға өтiнiм берген сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде оның осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексередi және тексеру қорытындылары бойынша Қаржыландыру жоспарына сәйкес "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн кепiлдендiру бойынша субсидияны төлеуге арналған төлем шотын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде қалыптастырады.

Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны аудару туралы хабарламаны не мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны дайындайды.

Субсидияны аудару туралы хабарлама не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарлама электрондық құжат нысанында субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеу кезiнде кепiлгер көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ кепiлгердiң субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi жеке кабинетiне жiберiледi.

25. Субсидиялар көлемi тиiстi айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемiнен асатын кепiлдендiру бойынша субсидия алуға арналған өтiнiмдер бойынша төлем өтiнiмдер келiп түскен күнге сәйкес кезектiлiк бойынша келесi айда жүзеге асырылады.

Жобаларға кепiлдiк беруге бөлiнген бюджет қаражатының жетiспеушiлiгi туындаған жағдайда, ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) кепiлгердi ағымдағы қаржы жылында жобаларға кепiлдiк берудi тоқтата тұру туралы хабардар етедi.

26. Субсидиялау мынадай жағдайларда тоқтатылады:

1) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша кепiлгердiң шоттарына тыйым салынуы;

2) кепiлгердiң субсидия алудан бас тарту туралы жазбаша өтiнiшi;

3) кепiлдiк шартының бұзылуы.

2-параграф. Сақтандыру бойынша субсидияларды төлеу тәртiбi

27. Сақтандыру бойынша субсидиялау мынадай процестердi қамтиды:

1) ұсыныс қабылдау;

2) субсидиялау шартын жасасу;

3) қарыз алушыны субсидиялау кестесiн қалыптастыру;

4) сақтандыру бойынша субсидиялауға өтiнiм беру;

5) субсидияларды төлеу;

6) субсидиялау шартын өзгерту;

7) субсидиялау шартын тоқтату.

28. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде жеке шот ашу үшiн қарыз алушыда және сақтандыру ұйымында ЭЦҚ болуы тиiс.

Қарыз алушы және сақтандыру ұйымы жеке шоттар ашқан кезде тiркелу үшiн мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) жеке тұлғалар және дара кәсiпкерлер үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрi, аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi;

2) заңды тұлғалар және бiрлескен кәсiпкерлiк нысанындағы дара кәсiпкерлер үшiн: бизнес сәйкестендiру нөмiрi, толық атауы; бiрiншi басшысының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi және жеке сәйкестендiру нөмiрi;

3) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

4) екiншi деңгейдегi банктiң ағымдағы шотының деректемелерi.

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, қарыз алушы және сақтандыру ұйымы 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде жеке кабинетке енгiзiлген жеке шот деректерiн өзгертедi.

29. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныстар қабылдау веб-портал арқылы тиiстi жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асырылады.

30. Ұсынысты қарыз алушы бередi және ол сақтандыру ұйымының ЭЦҚ-сымен расталады.

31. Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) жауапты орындаушысы, ұсынысты алған күннен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде веб-порталда мынадай iс-қимылдарды:

1) ұсынысты субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеудi;

2) ұсыныстың осы Қағидаларда белгiленген субсидиялау шарттарына сәйкестiгiн тексерудi, оның iшiнде сақтандыру шарты талаптарының осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес белгiленген сақтандыру шарттарына қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексерудi;

3) ұсыныс бойынша шешiмдi қабылдау мен ресiмдеудi жүзеге асырады.

32. Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) ұсыныс бойынша шешiмi:

1) сақтандыру ұйымының атауын және орналасқан жерiн;

2) өтiнiмi бойынша субсидиялау шартын жасасу/жасасудан бас тарту туралы шешiм қабылданған қарыз алушының атауы мен орналасқан жерiн және, бас тартылған жағдайда, осындай бас тарту себептерiнiң тiзбесiн;

3) кредит (қарыз) сомасын;

4) сыйақы мөлшерлемесiн;

5) кредит беру мерзiмiн;

6) кредиттiң нысаналы мақсатын;

7) сақтандыру сомасын;

8) сақтандыру мерзiмiн;

9) субсидиялау мерзiмiн;

10) ағымдағы жылы төленетiн субсидиялау сомасын қамтиды.

33. Ұсыныс бойынша шешiмге ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) бiрiншi басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылады.

Ұсыныс бойынша шешiм қарыз алушының және сақтандыру ұйымының субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi жеке шотына жiберiледi.

34. Субсидиялау шарты веб-порталда ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) шешiмi негiзiнде қарыз алушы, сақтандыру ұйымы және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) арасында 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде қарыз алушы, сақтандыру ұйымы ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) ұсыныс бойынша оң шешiм туралы хабарламасын алған күннен бастап электрондық нысанда жасалады.

35. Қарыз алушы, сақтандыру ұйымы немесе ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) ұсыныс бойынша шешiм қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде субсидиялау шартына қол қоймаған жағдайда, ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) бұрын қабылдаған шешiмi жойылады. Қайталама ұсынысты қалыптастыру осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

36. Субсидиялау шарты мынадай жағдайларда оны бұзуды көздейдi:

1) қарыз алушының немесе сақтандыру ұйымының субсидиялар алудан бас тартуы туралы жазбаша өтiнiшi;

2) қарыз алушының қарыз шарты бойынша кредитор алдындағы мiндеттемелерiн толық өтеуi;

3) қарыз алушының сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбайтын бөлiгiн өтеу бойынша сақтандыру ұйымы алдындағы мiндеттемелерiн орындамауы;

4) сақтандыру шартын бұзу немесе тоқтату.

37. Сақтандыру ұйымы субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейiн 14 (он төрт) жұмыс күнi iшiнде веб-порталда сақтандыру ұйымы және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) ЭЦҚ қоятын, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушыны субсидиялау кестесiн қалыптастырады.

38. Сақтандыру бойынша субсидиялауға арналған өтiнiмдi сақтандыру ұйымы тиiстi жылдың 1 ақпаннан бастап бередi.

Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) жауапты орындаушысы сақтандыру бойынша субсидиялауға өтiнiмдi алған сәттен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде тиiстi хабарламаға ЭЦҚ-мен қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Субсидиялауға арналған өтiнiмдi растау туралы хабарлама электрондық құжат нысанында сақтандыру ұйымының субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi жеке кабинетiне жiберiледi.

Егер, ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) төлем шоттарын қалыптастырғанға дейiн тiркелген сақтандыру бойынша субсидиялауға арналған өтiнiмде деректердiң сәйкессiздiгi анықталған жағдайда, сақтандыру ұйымы қайтару себебiн көрсете отырып, сақтандыру бойынша субсидиялауға арналған өтiнiмдi қайтарып алады.

39. Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) жауапты орындаушысы сақтандыру бойынша субсидиялауға арналған өтiнiм берiлген сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде оның осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады және тексеру қорытындылары бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес сақтандыру сыйлықақысы бойынша субсидияны сақтандыру ұйымының банктiк шотына аудару үшiн "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидияларды төлеуге арналған төлем шоттарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде қалыптастырады.

Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) жауапты орындаушысы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны аудару туралы хабарламаны немесе мемлекеттiккөрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны дайындайды.

Субсидияны беру туралы хабарлама не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарлама электрондық құжат нысанында субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеу кезiнде сақтандыру ұйымы көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ кепiлгердiң субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi жеке кабинетiне жiберiледi.

40. Субсидиялар көлемi тиiстi айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемiнен асатын сақтандыру бойынша субсидия алуға субсидия алуға арналған өтiнiмдер бойынша субсидияларды төлеу өтiнiмдер келiп түскен күнге сәйкес кезектiлiк бойынша келесi айда жүзеге асырылады.

41. Сақтандыру ұйымы субсидиялау шартын өзгерту/бұзу үшiн негiз болып табылатын оқиға туындаған кезде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ны (көрсетiлетiн қызметтi берушiнi) осындай оқиға туралы 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi.

42. Ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi ) сақтандыру ұйымынан хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде субсидиялау шартын өзгертуге/бұзуға шешiм қабылдайды және ресiмдейдi және қабылданған шешiмнiң көшiрмесiн қоса бере отырып, бұл туралы қарыз алушыны және сақтандыру ұйымын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде хабардар етедi.

43. Сақтандыру ұйымы субсидиялау шарты өзгергеннен кейiн 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде веб-порталда сақтандыру ұйымы және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО (көрсетiлетiн қызметтi берушi) ЭЦҚ-мен қол қойылатын қарыз алушыны субсидиялау кестесiне өзгерiстер қалыптастырады

44. Субсидиялау шарты қарыз алушы мен сақтандыру ұйымы ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi ЖАО-ның тиiстi шешiмi туралы хабарламаны алған күннен бастап өзгертiлген/бұзылған болып есептеледi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселесi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

45. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы ЖАО-ның (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) шешiмiне, әрекеттiне (әрекетсiздiгiне) шағым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi — жергiлiктi атқарушы орган) басшысының атына, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi.

Қарыз алушының, кепiлгердiң, сақтандыру ұйымының шағымы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

жергiлiктi атқарушы орган — оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде;

мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган — тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

46. Жергiлiктi атқарушы органның, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның шағымды қарау мерзiмi Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) күнiнен аспайтын мерзiмге ұзартылады:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергiлiктi жерге барып тексеру жүргiзу;

2) қосымша ақпарат алу.

Шағымды қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау бойынша өкiлеттiк берiлген лауазымды адам шағымды қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде шағым берген қарыз алушыға, кепiлгерге, сақтандыру ұйымына ұзарту себептерiн көрсете отырып, шағымды қарау мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткiзгiште берiлген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берiлген кезде) хабарлайды.

Қарыз алушы, кепiлгер, сақтандыру ұйымы мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi

Мақаланың шыққан күні: 15.09.2020 10:55
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.09.2020 10:57

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz