A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары

Жүктеу (DOCX 27 Kb)

«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 бұйрығы.

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 26.05.2020 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрi — Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заң) әзiрлендi және ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге (бұдан әрi — АШТӨ) су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) жеке шот — тiзiлiмде қамтылған, субсидиялауға арналған ұсыныстар мен өтiнiмдердi тiркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн жазбалар жиынтығы;

2) көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi — "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстардың жергiлiктi атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы басқармалары/Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсiпкерлiктi дамыту басқармалары/Алматы қаласының кәсiпкерлiк және инвестиция басқармасы/Шымкент каласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (бұдан әрi — Басқарма (көрсетiлетiн қызметтi берушi)) айқындайтын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiктi және оны сүйемелдеудi қамтамасыз ететiн тұлға;

3) өтiнiм — АШТӨ-нiң су беру жөнiндегi көрсететiн қызметтер құнын өтеуге субсидиялар алуына арналған электрондық өтiнiмi;

4) суаратын су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтер — су көздерiнен (өзен, бұлақ, суландыру жүйесi, сутаратқыш, субөлгiш) су алу, сутартқыштар (каналдар, құбыр жолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу жолымен су беру және су бөлу нүктелерiне және АШТӨ-лердiң көлтабанды танаптарына су беру;

5) су берушi — АШТӨ-ге су берудi жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету бойынша табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

6) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты — мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi;

7) субсидиялау — бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусiз және қайтарымсыз негiзде қаржыландыру;

8) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi — субсидиялау процестерiн орындау жөнiндегi қызметтердi көрсетуге арналған, субсидиялар алу өтiнiмiн тiркеуге, сондай-ақ өтiнiмнiң субсидиялау шарттарына сәйкестiгiн автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкiндiк беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетушi персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық ретке келтiрiлген жиынтығы;

9) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi веб-порталы (бұдан әрi — веб-портал) — Интернет желiсiнде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн интернет-ресурс;

10) "электрондық үкiметтiң" веб-порталы — нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтерге және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе

11) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмi (бұдан әрi — тiзiлiм) — агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялауға арналған өтiнiмдер, қаржы институттары туралы мәлiметтердiң жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрсетiлген өзге де мәлiметтер;

12) танаптың электрондық картасы — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнде орналасқан, бұрылыс нүктелерiнiң координаталарын, соңғы екi жылдағы ауыспалы егiстер туралы ақпаратты және спутниктерден алынатын жердi қашықтықтан зондтау деректерiн қамтитын танап туралы ақпарат;

13) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

3. Субсидия алушылар су берушiден суаратын су беру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған және оларға ақы төлеу бойынша шығын шеккен АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушылар) болып табылады.

4. АШТӨ-ге (көрсетiлетiн қызметтi алушыларға) жеткiзiлген су көлемi су бөлу нүктесiнде анықталады.

5. Жеткiзiлген судың (1) бiр текше метрiне (бұдан әрi — м3) бөлiнетiн субсидиялар мөлшерi Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу комитетiнiң тиiстi аумақтық департаментi АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушылар) үшiн "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi — Табиғи монополиялар туралы Заң) сәйкес бекiткен тарифтерге пайыздық қатынаста, осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетiлген сатып алынған суаратын судың 1 бiр м3 арналған субсидиялар мөлшерiне сәйкес сараланып белгiленедi.

АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушылар) субсидия алу үшiн су берушiге қолданыстағы тариф пен тарифтiң субсидияланатын бөлiгi арасындағы айырманы төлейдi, ал қалған айырманы су берушiге АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушылар) субсидия алғаннан кейiн төлейдi. Бұл ретте, субсидия төлеудiң барлық талаптары су берушi мен АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушылар) арасындағы шартта жазылады.

6. Басқарма (көрсетiлетiн қызметтi берушi) тиiстi жылдың 10 қаңтарына дейiнгi мерзiмiнде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемiн облыс, республикалық маңызы бар, қала, астана әкiмiнiң қолы қойылған, ол болмаған жағдайда — оның мiндетiн атқарушы тұлғаның қолы қойылған iлеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне (бұдан әрi — Министрлiк) мақұлдауға ұсынады. Бұл ретте субсидиялар көлемi азайған жағдайда Басқарма (көрсетiлетiн қызметтi берушi) субсидияның көлемiн азайту негiздемесiн Министрлiкке мақұлдануға жолдайды.

Мақұлданған субсидия көлемiн тиiстi жылдың 15 қаңтарынан кешiктiрмей Министрлiк тиiстi iлеспе хатпен қайтарады.

7. Басқарма (көрсетiлетiн қызметтi берушi) жыл сайын 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Табиғи монополияларды реттеу комитетiнiң тиiстi аумақтық департаментiмен АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушылар) үшiн Табиғи монополиялар туралы Заңымен сәйкес бекiтiлген су беруге арналған тарифтердi веб-порталға орналастырады.

8. Басқарма (көрсетiлетiн қызметтi берушi) АШТӨ-ге (көрсетiлетiн қызметтi алушыларға) су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтердiң құнын субсидиялау жөнiндегi ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi — Қаржыландыру жоспары) бекiткеннен кейiн 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде оны веб-порталға орналастырады.

2-тарау. Субсидиялау төлеу тәртiбi

1-параграф. Субсидиялар алу талаптары

9. Субсидиялар мынадай талаптар сақталған жағдайда төленедi:

1) АШТӨ-нiң (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы суаратын су беру бойынша көрсетiлетiн қызметтерге субсидиялар алуға өтiнiм беруi.

Субсидияларды беру процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ субсидияларды беру ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де мәлiметтердi қамтитын субсидиялар алуға қойылатын негiзгi талаптардың тiзбесi "Ауыл шаурашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру қызметтерiнiң құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының нысанында 2-қосымшаға сәйкес баяндалған.

"Электрондық үкiметтiң" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң ақпараттық өзара iс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

Басқарма (көрсетiлетiн қызметтi берушi) Мемлекеттiк қызмет көрсету сатысы туралы деректердi мемлекеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз едетi.

2) өтiнiмдi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеу.

Субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде АШТӨ-нiң (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) жеке шоты болған жағдайда, ол субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде өтiнiмдi тiркеудi өздiгiнен жүзеге асыра алады, бұл жағдайда өтiнiмдi беру талап етiлмейдi және ол мұндай тiркелген сәттен бастап берiлген болып саналады;

3) деректерi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттiк дерекқорларымен ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде расталған субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде АШТӨ-нiң (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) жеке шотының болуы;

4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi мен электрондық шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу жөнiндегi ақпараттық жүйенiң ақпараттық өзара iс-қимылы нәтижесiнде суаратын су алу бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға жұмсалған шығындардың расталуы (су берушiнiң тиiстi электрондық шот-фактурасының болуы);

5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде АШТӨ-ге (көрсетiлетiн қызметтi алушыларға) жер пайдалану және (немесе) жеке меншiк құқығында тиесiлi жер учаскелерiнiң бүкiл егiстiк алаңына арналған танаптардың электрондық карталарының тiркелуi.

2-параграф. Субсидияларды есептеу тәртiбi

10. Сатып алынған суаратын судың 1 (бiр) м3 арналған субсидия мөлшерi қосылған құн салығымен (бұдан әрi — ҚҚС) қоса күрiш жүйелерiне арналған тарифтiң 50 пайызын (бұдан әрi — %) құрайды.

Басқа АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушылар) үшiн жеткiзiлген судың 1 (бiр) м3 арналған субсидиялар суару, су беру тәсiлдерiне қарамастан, тарифтерге % қатынаста сараланып белгiленедi және мыналарды құрайды:

м3-iне 0,4 теңгеден (нөл бүтiн оннан төрт) 2,0 (екi) теңгеге дейiн- 60 %

м3-iне 2,01 теңгеден (екi бүтiн жүзден бiр) 4,0 (төрт) теңгеге дейiн- 65 %

м3-iне 4,01 теңгеден (төрт бүтiн жүзден бiр) 9,0 (тоғыз) теңгеге дейiн- 70 %

м3-iне 9,01 теңгеден (төрт бүтiн жүзден бiр)15,0 (он бес) теңгеге дейiн- 75 %

м3-iне 15,01 теңгеден (он бес бүтiн жүзден бiр) 20,0 (жиырма) теңгеге дейiн- 80 %

м3-iне 20 (жиырма) теңгеден жоғары- 85 %

Субсидиялар мөлшерiн есептеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетiнiң тиiстi аумақтық департаментi Табиғи монополиялар туралы Заңына сәйкес бекiткен тариф пен су беру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтiң ең төменгi (субсидияланбайтын) құны (м3-iне 0,4 (нөл бүтiн оннан төрт) теңге) арасындағы айырма (тарифтың субсидияланатын бөлiгi) алынады.

Сатып алынған суаратын судың 1 (бiр) м3 арналған субсидия мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi:

S = (T-Smin)*%, тарифтердi бекiтiлген ң мөлшерлерiне сәйкес,

мұнда:

S — сатып алынған суаратын судың м3 теңге субсидия мөлшерi;

T — бекiтiлген тариф, (ҚҚС-ны қоса алғанда) м3 теңге;

Ескертпе: егер, су берушi ҚҚС төлеушi болып табылса және заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген болса.

Smin — су беру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтiң ең төменгi (субсидияланбайтын) құны (м3-iне 0,4 (нөл бүтiн оннан төрт) теңге);

Күрiш жүйелерi үшiн субсидиялау көрсетiлетiн қызметтердiң ең төменгi (субсидияланбайтын) құны есепке алынбай көзделедi.

11. Субсидияланатын суаратын судың көлемi 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң 82-бабына сәйкес бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) бөлiнiсiндегi су пайдалану лимитiнен аспауы тиiс.

3-параграф. Субсидияларды төлеу тәртiбi

12. Басқарма (көрсетiлетiн қызметтi берушi) осы Қағидалар қолданысқа енгiзiлген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана қалалары әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында және одан кейiн тиiстi жылдың 1 наурызынан кешiктiрмей, бұқаралық ақпарат құралдарында, облыс әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында суаратын су беру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтерге субсидиялар алуға арналған ай сайынғы өтiнiмдердi қабылдау кезеңi туралы хабарландыру орналастырады.

13. Веб-портал арқылы тiзiлiм деректерiне (бұдан әрi — "жеке кабинет") қолжетiмдiлiк беру үшiн:

АШТӨ-нiң (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) ақпараттық жүйеде өздiгiнен тiркелуi үшiн ЭЦҚ-сы болуы тиiс;

Басқарма (көрсетiлетiн қызметтi берушi) жыл сайын көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар өз қызметкерлерiнiң өзектендiрiлген тiзiмдерiн жолдайды.

14. "жеке кабинетте" тiркелу үшiн АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушылар) мыналарды көрсетедi:

1) жеке тұлғалар мен дара кәсiпкерлер үшiн: жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН), аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi;

2) заңды тұлғалар (оның iшiнде шетелдiк заңды тұлғалар) үшiн: бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — БСН), шетелдiк заңды тұлға филиалының немесе өкiлдiгiнiң БСН-сы — заңды тұлғада БСН болмаған жағдайда, толық атауы; бiрiншi басшының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi және ЖСН-сы;

3) байланыс деректерi (пошталық мекенжай, телефон, е-mail);

4) екiншi деңгейлi банктегi субсидиялар алуға арналған банктiк шоттың деректемелерi.

АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушылар) жоғарыда көрсетiлген деректерiн өзгерткен жағдайда 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде жеке кабинетке енгiзiлген жеке шот деректерiн өзгертедi.

15. АШТӨ-нiң (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) өтiнiмдi қалыптастыруы мен тiркеуi "жеке кабинетте" АШТӨ-нiң (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) тұрғылықты жерi бойынша Басқарманың (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) атына мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) осы Қағидалардың 9-тармағы талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесi тексеруi үшiн қажеттi мәлiметтердi енгiзе отырып өтiнiм қалыптастырылады;

2) өтiнiм АШТӨ-нiң (көрсетiлетiн қызметтi алушы) ЭЦҚ-мен қол қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеледi және Басқарманың (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) "жеке кабинетiнде" қолжетiмдi болады. Веб-порталда көрсетiлген Басқарманың (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) электрондық мекенжайына қарауға өтiнiм келiп түскен туралы электрондық хабарлама жолданады.

16. АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушылар) веб-порталда өтiнiмiн тiркеген сәттен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде Басқарманың (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) жауапты қызметкерi веб-порталда қалыптастырылған тиiстi хабарламаға ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен оның қабылданғанын растауға мiндеттi. Бұл хабарлама АШТӨ-нiң (көрсетiлетiн қызметтi алушылардың) "жеке кабинетiнде" қолжетiмдi болады.

17. Басқарманың (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) АШТӨ-ден (көрсетiлетiн қызметтi алушылардан) жауапты қызметкерi өтiнiмдi алған сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған өтiнiмнiң деректердiң растығын тексередi.

18. Басқарманың (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) жауапты қызметкерi осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес өтiнiмнiң қабылданғанын растағаннан кейiн 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде веб-порталда "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесiнде жүктелетiн, субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмаларын қалыптастырады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi осы Қағидаларға 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия беру туралы хабарлама не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарлама болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркелген кезде АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушы) көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушылардан) "жеке кабинетiне" жiберiледi.

3-тарау. Субсидиялау жөнiндегi есептiлiк және тиiмдiлiктi бағалау

19. Субсидиялау жөнiндегi ақпарат Министрлiкке онлайн-режимде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне тиiсiнше қол жеткiзу жолымен веб-портал арқылы берiледi.

20. Қазақстан Республикасы аумағында су беру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтер құны субсидияларын алған тұлғаларға қатысты бақылау мен мониториг Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама аясында жүргiзiледi.

4-тарау. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

21. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша Басқарманың (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шығым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрi — жергiлiктi атқарушы орган), агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) басшысының атына, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға берiледi.

22. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушының) шығымы:

жергiлiктi атқарушы орган, уәкiлеттi орган — оны тiркеген күннен бастап 5(бес) жұмыс күнi iшiнде

мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Жергiлiктi атқарушы органның уәкiлеттi рганның, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын юағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның шағымды қарау мерзiмi Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда:

1) шығым бойынша қосымша зердеулеу немесе тексеру не жергiлiктi жерге барып тексеру жүргiзу үшiн;

2) қосымша ақпарат алу үшiн 10 (он) жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзiмi ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкiлеттiктер берiлген лауазымды адам шағымды қарау мерзiмi ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде шағым берген АШТӨ (көрсетiлетiн қызметтi алушыға) ұзарту себептерiн көрсете отырып, шағымды қарау мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткiзгiште берiлген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берiлген кезде) хабарлайды.

Өтiнiш берушi (көрсетiлетiн қызметтi алушы) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

Мақаланың шыққан күні: 14.08.2020 13:06
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.08.2020 13:08

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz