A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары

Жүктеу (DOCX 53 Kb)

«Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезiнде сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығы

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 22.06.2020 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезiнде сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезiнде сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезiнде сыйақы мөлшерлемелерiн тиiстi қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде субсидиялау тәртiбiн айқындайды.

Өткен жылдың төленбеген мiндеттемелерi бюджетте мiндеттемелерден бос қаражат болған жағдайда ағымдағы жылдың қаражаты есебiнен төленедi.

2. Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезiнде сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялаудың негiзгi мақсаты агроөнеркәсiптiк кешен (бұдан әрi — АӨК) субъектiлерi үшiн қаржылық көрсетiлетiн қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтердi, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтердi және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiн көрсету үшiн, "бiр терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтердi, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiн көрсетуге өтiнiштер қабылдау және көрсетiлетiн қызметтi алушыға олардың нәтижелерiн беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, орналасқан жерi бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлға;

2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезiнде сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау шарты (бұдан әрi — субсидиялау шарты) — субсидияларды аударудың тәртiбi мен шарттарын, тараптардың жауапкершiлiгiн көздейтiн электрондық цифрлық қолтаңба қолдану арқылы электрондық түрде немесе қағаз түрiнде қарыз алушы, жұмыс органы мен қаржы институты арасында жасалған жазбаша келiсiм;

3) ауыл шаруашылығы жануарлары — адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар жануарлар (iрi қара мал, ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа және құс);

4) жеке кабинет — пайдаланушының (қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының), қаржы институтының, субсидиялар қаражатын бөлу жөнiндегi жұмыс органының (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң)) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмiндегi дербес веб-парақшасы;

5) жеке шот — субсидиялауға арналған өтiнiмдi тiркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тiркелген тұлғаны сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмiнде қамтылған жазбалар жиынтығы;

6) көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi — иесi ретiнде субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қол жеткiзудi және оны сүйемелдеудi қамтамасыз ететiн тұлға, оны субсидиялар қаражатын бөлу жөнiндегi жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды;

7) қаржы институттары — екiншi деңгейдегi банктер, шетелдiк және халықаралық қаржы институттары, оның iшiнде банктiк операцияларды қазақстандық қаржы институттары арқылы жүргiзетiн шетелдiк және халықаралық қаржы институттары, банктiк операцияларды жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар кредиттiк ұйымдар, сондай-ақ агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы лизингтiк компаниялар мен кредиттiк серiктестiктер;

8) қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы) — қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға, дара кәсiпкер (оның iшiнде шаруа (фермер) қожалығы);

9) қарыз шарты — қаржы институты мен қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы) арасында жасалған, талаптары бойынша қаржы институты кредит/лизинг беретiн қарыз шарты, сондай-ақ ислам қағидаттарындағы қаржыландыру шарты;

10) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты — мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi;

11) субсидиялар қаражатын бөлу жөнiндегi жұмыс органы (бұдан әрi — жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi)) — ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды iске асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органының құрылымдық бөлiмшесi;

12) субсидиялауға арналған өтiнiм — қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң субсидияланатын бөлiгiн төлеуге арналған электрондық немесе қағаз өтiнiмi;

13) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмi (бұдан әрi — тiзiлiм) — субсидиялауға арналған өтiнiмдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар (көрсетiлетiн қызметтi алушылар), қаржы институттары туралы мәлiметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрсетiлген өзге де мәлiметтер;

14) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi — субсидиялау процестерiн орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi тiркеу, сондай-ақ өтiнiмдi субсидиялау шарттарына сәйкестiгiне автоматты тексеру арқылы оны өңдеу мүмкiндiгiн беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетушi персонал мен техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтiрiлген жиынтығы;

15) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы (бұдан әрi — веб-портал) — Интернет желiсiнде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн интернет-ресурс;

16) сыйақы мөлшерлемесi — қарызды пайдаланғаны үшiн қаржы институтына тиесiлi пайыздық мәндегi төлем, оның iшiнде исламдық қаржыландыру қағидаттарында жасасылған қарыз шарты бойынша қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы) төлейтiн кiрiстiлiк мөлшерлемесi;

17) технологиялық жабдық — тiкелей және қосалқы мақсаттағы жабдықтардан тұратын, олар қолданылмаса толық технологиялық цикл қамтамасыз етiлмейтiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру мен өңдеу жөнiндегi жабдықтар;

18) ұсыныс — қарыз алушы мен қаржы институтының субсидиялау шартын жасасуға арналған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз тасығышта қол қойылған не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған бiрлескен ұсынысы;

19) "электрондық үкiмет" веб-порталы — нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге, табиғи монополия субъектiлерiнiң желiлерiне қосылуға техникалық шарттар беру жөнiндегi қызметтерге және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе;

20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиiстiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық нышан жинағы.

4. Субсидиялау мынадай қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады:

1) ауыл шаруашылығы техникасын, оның iшiнде аспалы және тiркемелi жабдықты сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, негiзгi құралдарды сатып алуға, құрылысқа (ұн, минералды сулар және алкогольсiз сусындар өндiруге негiзгi құралдарды сатып алуға арналған қарыздарды қоспағанда) сыйақы мөлшерлемелерiн төмендетудi көздейтiн мынадай нормативтер бойынша:

теңгемен жылдық 10 (он) пайызға (бұдан әрi — %);

ресей рублiмен жылдық 8 (сегiз) %-ға;

өзге валютамен жылдық 2 (екi) %-ға:

2) өндiрiстiк процестiң технологиялық тiзбегiне қажеттi айналым қаражатын толықтыруға сыйақы мөлшерлемесiн төмендетудi көздейтiн мынадай нормативтер бойынша:

теңгемен жылдық 7 (жетi) %-ға;

ресей рублiмен жылдық 4 (төрт) %-ға;

өзге валютамен жылдық 1 (бiр) %-ға.

3) көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге берiлген қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесiн:

теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға

ресей рублiмен жылдық 7 (жетi) %-ға;

өзге валютамен жылдық 2 (екi) %-ға төмендету көзделедi.

Бұл ретте, 1) тармақшада көрсетiлген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiн теңгемен жылдық 4 (төрт) %-дан, ресей рублiмен жылдық 3 (үш) %-дан, өзге валютамен жылдық 2 (екi) %-дан төмендетуге жол берiлмейдi.

2), 3) тармақшаларда көрсетiлген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiн теңгемен жылдық 5 (бес) %-дан, ресей рублiмен жылдық 4 (төрт) %-дан, өзге валютамен жылдық 3 (үш) %-дан төмендетуге жол берiлмейдi.

5. "Қолжетiмдi кредит беру мiндетiн шешу үшiн ұзақ мерзiмдi теңгелiк өтiмдiлiктi қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекiтiлген Басым жобаларға кредит беру тетiгi (бұдан әрi — Басым жобаларға кредит беру тетiгi) шеңберiнде қаржы институттары берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесiн субсидиялау жүзеге асырылады:

1) сыйақы мөлшерлемесiн теңгемен жылдық 10 (он) %-ға төмендете отырып, инвестициялық мақсатқа, бұл ретте субсидиялау мерзiмi мерзiмдi ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайтын уақытты құрайды;

2) сыйақы мөлшерлемесiн теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, айналым қаражатын толықтыруға, бұл ретте субсидиялау мерзiмi мерзiмдi ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын уақытты құрайды;

3) сыйақы мөлшерлемесiн теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге.

Осы тармақтың 2) тармақшасының қолданысы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

Басым жобаларға кредит беру тетiгiнiң қосымшасына сәйкес агроөнеркәсiптiк кешендегi өндiрiс және өңдеу бойынша басым жобаларға кредит беру үшiн тауарлар тiзбесiне сәйкес қаржы институттары берген қолданыстағы қарыз шарттары осы тармақ шеңберiнде субсидиялануы тиiс.

6. Субсидиялау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлген қарыз шартына қойылатын талаптарға сәйкес келетiн қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады.

7. Осы Қағидалар күшiне енгенге дейiн жасалған субсидиялау шарты, осы Қағидалардың 5-тармағының екiншi бөлiгiнде, 9-тармағының үш бөлiгiнде және 12-тармағының үш бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, субсидиялау шартында көрсетiлген шарттарда субсидиялауды жалғастырады.

Субсидиялаудың қағаз шарттарын электрондық форматқа аударуды және оларды субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркеудi қаржы институты жүзеге асырады.

8. Субсидиялауға ұсыныс берiлген күнi қолданыстағы және ұсыныс берiлгенге дейiн 4 (төрт) жылдан ерте емес жасалған қарыз шарттары жатады.

Субсидиялауды тоқтату туралы шешiм қабылданған қарыз шарты бағдарламаға 1 (бiр) реттен артық емес қайта қатысуға жiберiледi.

Бағдарламаға қайтадан қатысатын қарыз шарттары бойынша субсидиялау осы Қағидалардың 5-тармағының екiншi бөлiгiнде, 9-тармағының үш бөлiгiнде және 12-тармағының үш бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс органы ұсынысты мақұлдау туралы шешiм қабылдаған күннен бастап кезең iшiнде бұрын мақұлданған субсидиялар сомасын ұлғайтпай, субсидиялау нормативтерi, мерзiмдерi бөлiгiнде бұрын күшi жойылған субсидиялау шартында көрсетiлген бұрынғы шарттарда қалпына келтiрiледi .

9. Қарыз шарты бойынша субсидиялау оның бүкiл қолданылу мерзiмiнде жүзеге асырылады.

Бұл ретте, бұрын жасалған қарыз шарты бойынша субсидияларды есептеу жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) ұсыныс бойынша шешiм қабылдаған күннен басталады.

2019 жылы субсидиялар көлемдерiн есептеудi бұрын берiлген қарыз шарттары бойынша қаржы институттары жүзеге асырады, бұл ретте субсидияларды есептеу жылдың 1 қаңтарынан басталады.

10. Қаржы институты шетелдiк валютамен берген қарыз шарттары бойынша субсидиялау қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) сыйақы мөлшерлемесiн төлеген күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгемен жүзеге асырылады.

11. Оң бағамдық айырмашылық пайда болған жағдайда, оны болашақ субсидиялар есебiне қосып есептейдi, ал терiс бағамдық айырмашылық жағдайында, оны қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы) төлейдi.

12. Қарыз шарттарының талаптары өзгерген жағдайда, (осы Қағидалардың 5-тармағы екiншi бөлiгiнде, 9-тармағы үшiншi бөлiгiнде және 12-тармағы үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда), бұрын мақұлданған және есептелген субсидиялар сомасы артпайды, субсидиялау мерзiмдерi ұзартылмайды.

Осы шектеу төтенше жағдайды енгiзу нәтижесiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiмен және/немесе уәкiлеттi органдардың құжаттарымен қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы) үшiн нашарлататын жағдайлардың туындауына байланысты қаржы институттары сыйақы мөлшерлемесiн төлеу және/немесе негiзгi борышты өтеу бойынша 10 (он) айдан аспайтын мерзiмге кейiнге қалдыруды ұсынған жағдайда қарыз шартына қолданылмайды.

Бұл ретте сыйақы мөлшерлемесiн төлеу және/немесе негiзгi борышты өтеу бойынша 10 (он) айдан аспайтын мерзiмге кейiнге қалдыруды ұсынуға байланысты сыйақы сомасы ұлғайған жағдайда субсидиялар сомасын ұлғайту жағына қайта есептеу жүргiзiледi, сондай-ақ қолданыстағы субсидиялау шартының мерзiмiн ұзартуға жол берiледi.

13. Сыйақы сомасы азайған жағдайда субсидиялар сомасын азайту жағына қарай әрбiр жыл бойынша жеке қайта есептеу жүргiзiледi.

14. Жұмыс органының жауапты орындаушысы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау жөнiндегi жеке ай сайынғы қаржыландыру жоспарын (бұдан әрi — Қаржыландыру жоспары) бекiткеннен кейiн 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде оны веб-порталда орналастырады.

2-тарау. Субсидия алу шарттары

15. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленедi:

1) қаржы институтының осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтiнiм беруi.

Субсидиялау шарты электрондық түрде жасалған жағдайда, қаржы институты субсидиялауға арналған өтiнiмдi электрондық түрде бередi.

Субсидиялау шарты қағаз түрiнде жасалған және электрондық форматқа көшiрiлмеген жағдайда, қаржы институты субсидиялауға арналған өтiнiмдi қағаз түрiнде бередi;

2) берiлген өтiнiм бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған нақты (бұзылмаған және тоқтатылмаған) сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау шартының (төлемге өтiнiм берген сәтте) болуы;

3) қарыз алушыда субсидияланатын қарыз шарты бойынша негiзгi борыш және (немесе) сыйақы бойынша мерзiмi өткен (төлемге өтiнiм берген сәтте) мiндеттемелердiң болмауы.

Субсидияларды беру процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ субсидияларды ұсыну ерекшелiктерiн ескере отырып өзге де мәлiметтердi қамтитын субсидиялар алуға қойылатын негiзгi талаптардың тiзбесi осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезiнде сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында баяндалған.

Мемлекетiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидияны аудару туралы хабарлама, не осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарлама болып табылады.

Хабарлама қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде тiркелген кезде көрсеткен электрондық почтасының мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi "жеке кабинетiне" жiберiледi.

Мемлекеттiк қызмет қағаз нысанында көрсетiлген кезде нәтижесi Мемлекеттiк корпорация арқылы берiледi.

3-тарау. Субсидияларды төлеу тәртiбi

16. Субсидиялау мынадай процестердi қамтиды:

1) ұсыныстарды қабылдау;

2) субсидиялау шартын жасасу;

3) субсидиялауға өтiнiм беру;

4) субсидия төлеу;

5) субсидиялау шартын өзгерту;

6) субсидиялау шартын тоқтату.

17. Ұсыныстарды қабылдау тиiстi жылдың 10 қаңтарынан бастап "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық түрде немесе Мемлекеттiк корпорация арқылы қағаз түрiнде жүзеге асырылады.

18. Ұсыныстарды қабылдау ұсыныс берiлген сәтте бюджетте мiндеттемелерден бос қаражат болған жағдайда жүзеге асырылады.

Тиiстi жылдың 1 шiлдесiне дейiн жаңа өтiнiмдерге көзделген бюджеттiң 60 (алпыс) %-ы ауыл шаруашылығы техникасын, оның iшiнде аспалы және тiркемелi жабдықты сатып алуға арналған, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға арналған қарыз шарттарын субсидиялауға пайдаланылады.

Егер, тиiстi жылдың 1 шiлдесiнде көрсетiлген лимит игерiлмесе, онда ұсыныстарды қабылдау көрсетiлген лимиттi қолданбай орындалады.

19. Ұсынысты қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы) өтеу кестесiмен қарыз шартының көшiрмесiн қоса бере отырып, бередi және оны қаржыландырған қаржы институты растайды.

20. Жұмыс органының (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) ұсыныс бойынша шешiмi мыналарды қамтиды:

1) қаржы институтының атауы және орналасқан жерi;

2) субсидиялау шартын жасасу/жасасудан бас тарту туралы шешiм қабылданған субсидиялау ұсынысы бойынша қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) атауы және орналасқан жерi және бас тартылған жағдайда, мұндай бас тарту себептерiнiң тiзбесi;

3) кредит/лизинг сомасы;

4) әрбiр қарыз шартының қолданылу мерзiмi;

5) субсидиялау мерзiмi;

6) субсидиялау нормативi;

7) қарыз шарты бойынша субсидиялардың жалпы сомасы (жылдар бойынша бөлiнген).

21. Субсидиялау шарты жұмыс органының (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) шешiмi негiзiнде қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы), қаржы институты және жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) арасында қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы), қаржы институты ұсыныс бойынша оң шешiм туралы жұмыс органының (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) хабарламасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде жасалады.

22. Субсидиялау шартында жұмыс органының (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) мынадай жағдайларда оны бiржақты бұзу мүмкiндiгi көзделедi:

1) шартта қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы) негiзгi борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша күнтiзбелiк 90 (тоқсан) күннен астам орындамаған мiндеттемелердiң болуы;

2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;

3) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) шоттарына тыйым салу;

4) қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) субсидиялар алудан бас тарту туралы еркiн нысандағы жазбаша өтiнiшi;

5) қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы мiндеттемелерiн толық өтеуi;

6) қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.

23. Қаржы институты субсидиялау шартына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде және кейiннен ай сайын жұмыс органына (көрсетiлетiн қызметтi берушiге) осы Қағидалардың 30-тармағында көзделген талаптарды орындау үшiн осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтiнiм жолдайды.

24. Субсидиялар көлемi Қаржыландыру жоспарында тиiстi айға көзделген бюджет қаражатының көлемiнен көлемiнен асатын субсидиялауға арналған өтiнiмдер бойынша субсидияларды төлеу өтiнiм берiлген сәттен бастап кезектiлiк тәртiбiмен келесi айда жүзеге асырылады.

Бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi ағымдағы айда тоқтатылады және жұмыс органының (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) есеп шотына бюджет қаражаты түскен сәттен бастап жаңартылады.

25. Егер жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) субсидияны төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырған сәтке дейiн тiркелген өтiнiмде деректердiң сәйкессiздiгi анықталған жағдайда, қаржы институты керi қайтарып алу себептерiн көрсете отырып, өтiнiмдi керi қайтарып алады.

26. Қаржы институты жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын жұмыс органының (көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң) аударуы үшiн арнайы банктiк шот ашады, ал мұндай мүмкiндiк болмаған жағдайда, қызмет көрсетушi банкте арнайы шот ашады.

27. Қаржы институты арнайы банктiк шоттағы қаражатты тек қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесiнiң субсидияланатын бөлiгiн төлеуге пайдаланады.

28. Қаржы институты қарыз алушыдан (көрсетiлетiн қызметтi алушыдан) сыйақы мөлшерлемесiнiң субсидияланбайтын бөлiгiн алған кезде қарыз шартына өтеу кестесiне сәйкес сыйақы мөлшерлемесiнiң субсидияланатын бөлiгiн арнайы шоттан есептен шығаруды жүзеге асырады.

29. Қарыз шарты бойынша төлем күнi келген және қаржы институтының арнайы банктiк шотында сыйақы мөлшерлемесiнiң субсидияланатын бөлiгiн төлеу үшiн қаражат болмаған жағдайда, қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы) сыйақының толық мөлшерлемесiн төлеудi өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады. Қаржы институты төлем күнi болғанға дейiн кемiнде 5 (бес) жұмыс күнi бұрын қарыз алушыны (көрсетiлетiн қызметтi алушыны) толық сыйақы мөлшерлемесiн өз қаражаты есебiнен төлеу қажеттiлiгi туралы хабардар етедi. Жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) сыйақы мөлшерлемесiнiң субсидияланатын бөлiгiн қаржы институтының арнайы банктiк шотына қаражат аудару арқылы өтейдi. Мұндай жағдайда қаржы институты жұмыс органынан (көрсетiлетiн қызметтi берушiден) қаржы институтының арнайы банктiк шотына қаражат келiп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде қарыз алушының (көрсетiлетiн қызметтi алушының) есептiк шотына сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесiн аудару арқылы қарыз алушыға (көрсетiлетiн қызметтi алушыға) бұрын төленген сыйақы мөлшерлемесiнiң субсидияланатын бөлiгiн өтеудi жүзеге асырады.

30. Жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) субсидиялауға арналған өтiнiмге сәйкес ай сайын аванстық төлеммен, субсидияларды кезектi төлеу жүргiзiлетiн алдыңғы айға қаржы институтының арнайы банктiк шотына сыйақы мөлшерлемесiнiң субсидияланатын бөлiгiн аударады.

31. Арнайы шотта пайдаланылмаған қаражат қалдығы пайда болған жағдайда, оларды:

1) қарыз алушы (көрсетiлетiн қызметтi алушы) бағдарламадан алынып тасталған кезде, қаржы институты жұмыс органы (көрсетiлетiн қызметтi берушi) шешiм қабылдағаннан кейiн 1 (бiр) ай iшiнде;

Мақаланың шыққан күні: 14.08.2020 19:15
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.08.2020 19:16

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz