A- A A+
«Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары

Жүктеу (DOCX 33 Kb)

«Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығы.

Ескерту. Қағида жаңа редакцияда — ҚР Ауыл шаруашылығы министрiнiң 08.06.2020 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына, «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрi — Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға (бұдан әрi — дайындаушы ұйымдар) есептелген қосылған құн салығы (бұдан әрi — ҚҚС) шегiнде бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялау және «Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосыған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау» мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйым (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) — ауыл шаруашылығы өнiмiн дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткiзудi жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға;

2) көрсетiлетiн қызметтердi жеткiзушi — мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiктi және оны сүйемелдеудi қамтамасыз ететiн, көрсетiлетiн қызметтi берушi айқындайтын тұлға;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты — мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ өзге де мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi;

4) өтiнiм — көрсетiлетiн қызметтi алушының есептелген ҚҚС шегiнде бюджетке төленген ҚҚС мөлшерiнде субсидиялар алуына арналған электрондық өтiнiм;

5) субсидиялауға арналған өтiнiмдердiң электрондық тiзiлiмi (бұдан әрi — тiзiлiм) — агроөнеркәсiптiк кешендi субсидиялауға арналған өтiнiмдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәлiметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрсетiлген өзге де мәлiметтер;

6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесi– субсидиялау процестерiн орындау жөнiндегi қызметтердi көрсетуге арналған «электрондық үкiмет» веб-порталымен өзара iс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға арналған өтiнiмдi тiркеуге, сондай-ақ өтiнiмдi субсидиялау шарттарына сәйкестiгiне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкiндiк беретiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетушi персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтiрiлген жиынтығы;

7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң веб-порталы (бұдан әрi — веб-портал) — Интернет желiсiне орналастырылған субсидиялаудың ақпараттық жүйесiне қолжетiмдiлiк беретiн интернет-ресурс;

8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi — ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;

9) «электрондық үкiмет» веб-порталы — нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, бүкiл шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтерге, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң желiлерiне қосуға техникалық шарттарды беру жөнiндегi қызметтерге және квазимемлекеттiк сектор субъектiлерiнiң қызметтерiне қол жеткiзудiң бiрыңғай терезесi болатын ақпараттық жүйе.

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласында функцияларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшесi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) қаржы жылының әрбiр тоқсанының қорытындысы бойынша не күнтiзбелiк жылдың қорытындысы бойынша субсидиялауды жүзеге асырады.

4. Көрсетiлетiн қызметтi берушi ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейiнгi мерзiмде веб-порталда Қаржыландыру жоспарын орналастырады.

2-тарау. Субсидиялар алушылар

5. Субсидиялар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/278 бұйрығымен бекiтiлген Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11065 болып тiркелген) белгiленген тәртiппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (әкiмдiктерi) аккредиттеген көрсетiлетiн қызметтi алушыларға төленедi.

3-тарау. Субсидиялар алу шарттары

6. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленедi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерiнде субсидиялар аударуға арналған өтiнiмдi (бұдан әрi — өтiнiм) «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы көрсетiлетiн қызметтi берушiге электронды түрде беру;

Есептiк жылдың 1, 2 және 3-тоқсанының қорытындысы бойынша ҚҚС сомасын субсидиялауға өтiнiм ҚҚС бойынша салық кезеңдерi үшiн декларацияны ұсыну бойынша салық мiндеттемесiн орындағаннан және бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын толық төленгеннен кейiн берiледi.

Есептiк жылдың 4-тоқсанының қорытындысы бойынша ҚҚС сомасын субсидиялауға өтiнiм ҚҚС бойынша салық кезеңдерi үшiн декларацияны, корпоративтiк табыс салығы және бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын төлегеннен кейiн берiледi.

Күнтiзбелiк жыл қорытындысы бойынша ҚҚС сомасын субсидиялауға өтiнiм ҚҚС бойынша есептiк жылдың барлық салық кезеңдерi үшiн декларацияны, корпоративтiк табыс салығы және бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын төленгеннен кейiн берiледi.

Субсидияларды беру процесiнiң сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ субсидияларды берудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, өзге де мәлiметтердi қамтитын субсидияларды алуға негiзгi талаптардың тiзбесi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында жазылған.

«Электрондық үкiмет» веб-порталының және субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң өзара ақпараттық iс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде өтiнiмдi тiркеу;

3) субсидиялау ақпараттық жүйесi мен электрондық шот-фактураларды қабылдайтын және өңдейтiн ақпараттық жүйенiң өзара ақпараттық iс-қимылы нәтижесiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының ауыл шаруашылығы өнiмiн өткiзгенiн растау (көрсетiлетiн қызметтi алушының тиiстi электрондық шот-фактурасының болуы);

4) мыналарды:

корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларациядан (күнтiзбелiк жыл үшiн өтiнiм берген жағдайда) алынған мәлiметтерге сәйкес не көрсетiлетiн қызметтi алушы осы талаптарды есептiк жылдың барлық тоқсандары үшiн корпоративтiк табыс салығы жөнiндегi декларацияны (күнтiзбелiк жыл үшiн өтiнiм берген жағдайда) тапсыру бойынша салықтық мiндеттемелерiн орындағаннан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушы шығарған шот-фактуралар бойынша мәлiметтерге сәйкес кiрiсiнiң кемiнде 90 пайызын Заңның 11-бабы 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнiмiн өткiзуден түскен кiрiс сомасы;

алдыңғы күнтiзбелiк тоқсан немесе жыл үшiн декларация бойынша төлеуге есептелген және есепке жазылған ҚҚС сомасы;

алдыңғы күнтiзбелiк тоқсан немесе жыл үшiн декларация бойынша төленген ҚҚС сомасы;

субсидиялаудың ақпараттық жүйесi мен Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесiнiң өзара әрекеттесуi немесе субсидиялар аударуға арналған өтiнiмге 1-қосымшаға сәйкес нысанда агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi органның сұранымы бойынша мемлекеттiк кiрiстер органдарының дайындаушы ұйымдар жөнiндегi мәлiметтердi есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн сомасы мөлшерiнде субсидиялар аударуға арналған өтiнiмге 1-қосымшаға сәйкес ұсынуы.

7. Субсидияларды беру үшiн қажеттi мәлiметтердi қамтитын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде iркiлiс болған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi берушi туындаған жағдай туралы көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушiге техникалық iркелiстердiң пайда болуы анықталған сәттен бастап, дереу хабар бередi, ол оны жоюға кiрiседi.

Бұл ретте, туындаған iркiлiстi жою бойынша жұмыстар жүргiзiлгеннен кейiн өнiм берушi 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетiлетiн қызметтi берушi қол қояды.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету сатысы туралы деректердi мемлкеттiк қызметтер көрсету мониторингiнiң ақпараттық жүйесiне енгiзудi қамтамасыз етедi.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртiбi

8. Көрсетiлетiн қызметтi алушыларға субсидиялар алдыңғы күнтiзбелiк тоқсанның немесе жылдың салық кезеңдерi үшiн есептелген ҚҚС шегiнде бюджетке төленген ҚҚС сомасы бойынша төленедi.

Субсидияларды есептеудi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысымен бекiтiлген Агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы көрсетiлетiн қызметтi алушыларға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерiн айқындау үшiн қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлемiнiң нормаларын ескере отырып,осы Қағиларға 1-қосымшаға сәйкес есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерiнде субсидиялар аударуға арналған өтiнiмге 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушы жүргiзедi.

9. Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы өткiзген өнiмнiң нақты құны осы Қағидаларға 3-қосымшада белгiленген есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы қолданатын ауыл шаруашылығы өнiмi бiрлiгiнiң барынша жол берiлетiн құнынан жоғары болса, субсидиялар барынша жол берiлетiн құнын пайдалана отырып есептеледi.

10. Егер, көрсетiлетiн қызметтi алушы өткiзген өнiмнiң нақты құны осы Қағидаларға 3-қосымшада белгiленген есептелген қосылған құн салығы шегiнде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидиясын есептеу кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы қолданатын ауыл шаруашылығы өнiмi бiрлiгiнiң барынша жол берiлетiн құнынан төмен болса, субсидиялар мөлшерi өнiмнiң нақты құнын пайдалана отырып есептеледi.

Бұл ретте, көрсетiлетiн қызметтi алушы тиiстi тоқсанның немесе жылдың салық кезеңдерi үшiн декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасынан аз ҚҚС сомасын төлеген жағдайда субсидиялар мөлшерi нақты төленген ҚҚС сомасына тең болады.

11. Көрсетiлетiн қызметтi алушы алдыңғы күнтiзбелiк тоқсан немесе жыл үшiн декларациялар бойынша есептелгеннен артық ҚҚС сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшерi тиiстi күнтiзбелiк тоқсан немесе жыл үшiн декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасына тең болады.

5-тарау. Субсидияларды төлеу және субсидиялар шегiнде алынған қаржы құралдарын қайтару тәртiбi

12. Өтiнiм қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жерi (заңды мекенжайы) бойынша есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.

Өтiнiмнiң қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiндегi көрсетiлетiн қызметтi алушының «Жеке кабинетiндегi» мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиiстi мәртебе растайды.

13. Веб-портал арқылы тiзiлiм деректерiне (бұдан әрi — жеке кабинет) қолжетiмдiлiк беру үшiн:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде өз бетiнше тiркелуi үшiн ЭЦҚ-сы болады;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi жыл сайын көрсетiлетiн қызметтi жеткiзушiге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердiң өзектендiрiлген тiзiмдерiн жiбередi.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Жеке кабинетте тiркелуi үшiн мынадай мәлiметтердi көрсетедi:

1) заңды тұлғалар үшiн: бизнес-сәйкестендiру нөмiрi, толық атауы; бiрiншi басшының немесе Жеке кабинетте тiркелуге уәкiлеттi адамның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi және жеке сәйкестендiру нөмiрi.

2) байланыс деректерi (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);

3) екiншi деңгейдегi банктiң ағымдағы шотының деректемелерi;

Жоғарыда көрсетiлген деректер өзгерген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде Жеке кабинетке енгiзiлген жеке шоттың деректерiн өзгертедi.

15. Өтiнiмдi қалыптастыру және тiркеу Жеке кабинетте мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнiң тексеруi үшiн оған қажеттi мәлiметтер енгiзiле отырып, өтiнiм қалыптастырылады;

2) өтiнiм субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде оған көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сы қойылу жолымен тiркеледi және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң электрондық мекенжайына қарауға өтiнiм келiп түскенi туралы электрондық хабарлама жiберiледi.

Егер, көрсетiлетiн қызметтi берушi төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейiн тiркелген өтiнiмде қателер анықталса, көрсетiлетiн қызмет алушы себебiн көрсете отырып, өтiнiмдi қайтарып алуға құқылы.

16. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы өтiнiмдi ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою арқылы қабылдайды және тiркейдi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң қаржыландыру және бухгалтерлiк есеп бөлiмiнiң жауапты орындаушысы субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидияларды төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы субсидияның аударылғаны туралы хабарламаны не осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден уәждi бас тартуды дайындайды.

17. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң маманы тiркелген өтiнiмдi растағаннан кейiн өтiнiм тiркелген сәттен бастап 1 (бiр) жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, оған қол қою арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жiбередi. Осы хабарлама көрсетiлетiн қызметтi алушының субсидиялаудың ақпараттық жүйесiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының Жеке кабинетiнде қолжетiмдi болады.

18. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтi көрсетуден:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердiң (мәлiметтердiң) дұрыс еместiгi;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған деректердiң осы Қағидаларда белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi анықталған жағдайда бас тартады.

19. Көрсетiлетiн қызметтi берушi осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес өтiнiм қабылданғаны расталғаннан кейiн 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде веб-порталда «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесiне жүктелетiн субсидиялар төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.

Субсидиялар көлемi Қаржыландыру жоспарында тиiстi айға көзделген бюджет қаражатының көлемiнен асатын өтiнiмдер бойынша субсидиялар төлеу келесi айда кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.

6-тарау. Орталық мемлекеттiк органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласында функцияларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшесi және (немесе) лауазымды тұлғалардың шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

20. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң шешiмiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы уәкiлеттi орган басшысының атына, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiнд егi уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлуi мүмкiн.

21. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

22. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгiнедi.

Мақаланың шыққан күні: 14.08.2020 12:57
Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.08.2020 12:58

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2020 «Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 90-30-01;

agricult@aqmola.gov.kz